Энергия үнемдеу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасы индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі Бағдарламаны бекіту туралы» қаулысымен экономиканың тұрақты және теңгерім өсімі бойынша тапсырмалар қойылды. Осы үрдістің басымды бағыттарының бірі энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігі.
Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелерінің өзектілігі Беларусия, Қазақстан және Ресейдің Кедендік одағының құрылуымен, сондай-ақ осы үш мемлекеттің экономикасың бірыңғай кеңістігінің құрылуымен байланысты қазақстандық экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігінің артуымен тығыз байланысты.
«АЭҮК –Энергия өткізу» ЖШС Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 қаңтардағы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңын басшылыққа ала отырып энергияны үнемдеуді экономиканың энергия қорларына үнемдеу қатынасы мәселесі ретінде ғана емес, сондай-ақ ел азаматтарының қоғамдық білім ретінде қарастырады.
Осыған байланысты «АЭҮК –Энергия өткізу» ЖШС халық арасындағы энергияны үнемдеу идеясын жариялауға және энергия тұтыну мәдениетін құруға аса назар аударады.
«Энергияны үнемдеу жөніндегі жадынама» Сізге электр энергиясын тұтынуды үнемдеуде көмектеседі.