Тарихы

«Ақмола электрожелілік үлестіру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «АЭҮК» АҚ немесе Компания) 2001 жылдың 1- наурызынан бастап құрылды. Компания «Орталық-Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ («ОАҮК» АҚ) компаниялар тобына кіреді. Компания Ақмола облысының 14 ауданының, сондай-ақ Астана қаласының тұтынушылары үшін электр энергиясын беруді және бөлуді жүзеге асырады. Қызмет көрсету аймағының ауданы 114,390 мың шаршы км, ал халқы 748 мыңнан астам адамды құрайды. «АЭҮК» АҚ Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне қосылған.

«АЭҮК» АҚ өз қызметін қолданыстағы келесідей мемлекеттік лицензиялар негізінде жүзеге асырады:

  • энергетикалық жабдықты монтаждауға және жөндеуге арналған 2011 жылғы 9 ақпандағы № 004138 лицензия;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған 2005 жылғы 11 мамырдағы № 0000202 лицензия.

Заңды тұлғаның тіркеу деректері

Атауы: акционерлік қоғам «Ақмола Электржелілік Тарату компаниясы»

ЖСН: 010240000404

Тіркеуші орган: Ақмола облысының Әділет департаменті Целиноград ауданының әділет басқармасы

Соңғы (қайта тіркеу) тіркелген күні: 2004 жылғы 8 қаңтар

Бастапқы тіркеу күні: 2001 жылғы 12 ақпан

Бірінші басшы: заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындаған (сайлаған) басшы Павлов Александр Владимирович

Құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер): жоқ

Қатысушылар (мүшелер) саны: 1

Қызмет түрлері: электр энергиясын беру

Орналасқан жері: Қазақстан, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылдық округі, Қабанбай батыр ауылы, Энергетиктер көшесі, 1А құрылыс, пошта индексі 021810.

Компанияның құрамына мыналар кіреді:

Аппаратты басқару;

2 құрылымдық бөлімше-ауданаралық электр желілері (ЖЭС):

- Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Шортанды аудандық электр желілері (АЭЖ) құрамындағы Степногор ауданаралық электр желілері (САЭЖ);

- Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау аудандық электр желілері (АЭЖ) құрамындағы Есіл ауданаралық электр желілері (ЕАЭЖ);

- «АЭҮК» АҚ тікелей бағынатын бес аудандық электр желілері (АЭЖ): Аршалы, Астрахан, Атбасар, Қорғалжын, Целиноград.

«АЭҮК» АҚ балансында орналасқан:

  • ПС - 220 кВ-2 дана;
  • ҚС - 110 кВ-50 дана;
  • ПС - 35 кВ-193 дана;
  • ҚС-6/10 кВ-3305 дана;
  • ЭБЖ - 110 кВ-2 505,685 км;
  • ЭБЖ - 35 кВ-5 176,088 км;
  • ЭБЖ - 6/10 кВ-7 129,27178 км;
  • ЭБЖ-0,4 кВ-5 384,836 км.

Компания жекешелендіру кезінде өз өндірістік қорын жоғалтқан, электрожелілік жабдықтарды жаңарту және модернизациялау бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр.Толықтай қайта құру жүргізілді, ал керек болған жағдайда аудандық электр желілерінде (АЭЖ) және желілі-шеберлік бөлімшелерінде (ЖШБ) жаңа өндірістік база құрылысы жүзеге асырылды.

Құзырлы орындардың белгілеген нормативтерін қатаң түрде орындай, қазіргі заманның жаңа жабдығын енгізе отырып, барлық дәрежедегі кернеу желілерін және қосалқы станцияларында кезекті жоспар бойынша жаңарту жүргізіліп жатыр. Ақмола облысы аудандарының ауылдарында әлеуметтік және өндірістік қызметтерін қамтамасыздандыруға жыл сайын сапалы және тиісті деңгейде 60 шақырымға дейін ЭБЖ-10 және 0,4 киловольт жаңартулар мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Компания 2004-ші және 2005-ші  жылдары екі рет, халықаралық қордан, FЕВР іскерлік тәжірибесіндегі жоғарғы сапасы үшін алтын медаль алып, 2008 жылы – бизнестегі мінсіз абырой және жоғарғы сапалы қызмет пен өнім үшін «Алтын Ягуар» халықаралық лауреатының дипломы сыйлығын алды. 2008 жылы «Ақмола АЭЖ» АҚ халықаралық лауреатының «Европалық сапа» сыйлығына ие болды.

Қымбатты энергетик - әріптестер!

Энергетиктер мерекесімен құттықтауды қабыл алыңыздар! Энергетик күні - біздің кәсіби мерекеміз. Энергетика – Ел экономиканыңең маңызды саласы. Бұл сала отанымыздың экономикасының флагманы болып табылады, сондықтан әрқашан энергетика саласындағы әріптестер жоғары құрметке және жоғары қоғамдық мәртебеге ие. Бұл салада жоғары білікті мамандардың қызмет атқаратыны белгілі.

Энергетиктер мерекесі өмірін тек энергетика саласымен байланыстырған адамдарды құрметтеуге ғана арналмайды, сонымен бірге – энергетиктердің аға буыны атқарған жұмыстарды жоғары бағалау болып табылады. Бұл – Қазақ елінің энергетикалық кешенін құруға және қызмет көрсетуге өзінің барша өмірін арнаған мамандардың мерекесі.

Сіздердің жан аямай жасаған кәсіби еңбектеріңіз еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыруға, бәсекелестікке қабілеттілікті қолдауға және қауіпсіздікті күшейту сияқты Қазақстанның алдында тұрған өте маңызды мәселелерді шешуге мол мүмкіндік туғызды. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен білімдеріңіз – энергетикалық саланың сарқылмас күші екені хақ.

Құрметті энергетик әріптестер!

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық-саулық, сарқылмас қуат, кәсіби өсу мен өркендеу және алға қойған мақсаттың биік шыңына жетуде табыстар мен жетістіктер тілеймін!

Сіздерді осы мерекемен – Энергетик күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мерекелік сәлеммен,
Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау Комитетінің
Ақмола облысы бойынша аумақтық
департаментінің басшысы
Жаслан Қасенов

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

Жақында (2020 жылғы 26 қарашада), Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады. Ұсынылып отырған заң жобасының негізгі тұжырымдамалық жаңалығы - жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Қазіргі уақытта жаңартылатын энергетиканы дамытуға елеулі инвестициялар салынып жатыр. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көзінің (ЖЭК) үлесін ұлғайту жөніндегі нысаналы индикаторлар, оның үлесін 2020 жылы 3% - ға, 2025 жылы 6% - ға және 2030 жылға қарай 10% - ға жеткізуді көздейді. 2050 жылға қарай жалпы энергия тұтынудың кем дегенде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздеріне тиесілі болуға тиіс.

Осы индикаторларға қол жеткізу үшін осынау заң жобасында мыналарды енгізу ұсынылып отыр:

Бірінші. ЖЭК жобалары алдындағы төлемдер бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда қаржы-есеп айырысу орталығына (ҚЕАО), кредит қабілеттілігін арттыру мақсатында, Үкімет тарапынан қаржы-есеп айырысу орталығына қаржылық қолдау көрсетеді. Бұл норма инвесторлардың тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді және тиісінше ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына аукциондық сауда-саттықтағы бағаны төмендетеді. Бұдан басқа, осы норманы енгізу еліміздегі ЖЭК секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретіні белгілі.

Екінші. Электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолдану мерзімін қазіргі 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту болып табылады. Бұл тетік болашақ инвесторлар үшін ЖЭК нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында қажет және аукциондық бағалардың төмендеуіне әкеіп соғады.

Үшінші. ҚЕАО арқылы су тасқыны электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сатуды енгізу. Қолданыстағы «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында жіберу кезеңінде өндірілетін электр энергиясын орталықтандырылған сауда - саттықта сатуға міндетті. Жүйелік оператордың деректері бойынша, электр энергиясын өндіру-тұтынудың жыл сайынғы нақты теңгерімінің көлемі орта есеппен 300 млн. кВт сағат құрайды. Бұл ретте, су тасқыны электр энергиясының шамамен 50% - ын орталықтандырылған сауда - саттықта трейдерлер сатып алады, олардың баға белгілеуін мемлекет реттемейді.

Аталған факторларды ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдардың (су электр станцияларының) су тасқыны электр энергиясын ҚЕАО-ға сату міндетін заңды түрде бекіту ұсынылады, ал ҚЕАО өз кезегінде осы қымбат емес тасқын электр энергиясын ЖЭК электр энергиясын орталықтандырылған сатудың қолданыстағы тетігі арқылы еліміздің барлық тұтынушылары арасында бөлетін болады. (баспасөз қызметі kz) 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті