Студенттерге арналған тағылымдама!
Сен - болашақ энергетиксің және практикада теориялық біліміңді бекіткің келеді!
«АЭҮК» АҚ энергетик-студенттер үшін 2 айлық жазғы тағылымдамаға жібереді!
1 курстан бастап жасы 18-ге жеткен күндізгі бөлімнің студенттерін жазғы каникул кезеңінде Ақмола облысы (Есіл қ., Степногорск қ.) және соның ішінде Астана қаласы өңірінде орналасқан компания бөлімшелерінің бірінде тағылымдамадан өтуге шақырамыз.
2 айлық тағылымдама Сізге төмендегілерді береді:
- Болашақ мамандық бойынша практикалық білім;
- Жоғары кәсіби мамандардың тәлімгерлігін;
- Айына 2 АЕА (59 396 теңге) қосымша табыс;
Тағылымдамадан өту үшін төмендегілерді өткізу қажет:
- Ф 086 медицина анықтамасын;
- Зейнетақы шартын;
- Сотталмағандығы жөнінде анықтаманы;
- Мекенжайлық анықтаманы;
- Фото 3*4;
Тағылымдама Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімделеді.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыз:
Астана қ. - 8 (7172) 371956, 437167, 437033,
Есіл қ. - 8(71647) 40168,
Степногорск қ. - 8 (71645) 21424
«АЭҮК» АҚ Персоналмен жұмыс бойынша басқарма