Экологиялық саясат

«АЭҮК» АҚ қоршаған ортаға келеңсіз әсерді азайтуға тырысады. Экология саласында компанияның қызметі  қазақстандық заңнамамен және ішкі нормативтік актілермен реттеледі, осы ретте «АЭҮК» АҚ белгіленген талаптарды сақтауға ғана емес, алдынғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес болуға да тырысады.

             «АЭҮК» АҚ экологиялық саясатының негізгі қағидалары:

ең озық қолжетімді технологияларды (ЕОҚТ) енгізу есебінен қоршаған ортаға әсер етуін төмендету және өндірістің энергия тиімділігін жоғарылату;

қоршаған орта объектілерінің құрылысы, қайта жаңарту және пайдаланымда, жабдықтарды, механизмдер мен көлік құралдарын пайдаланымда ластануын болдырмау және  барлық кезеңде электр энергиясын беру мен үлестіруде қоршаған ортаға келеңсіз әсерді азайту;

апаттарды төмендету мен болдырмауға және  экологиялық көрініс есебімен негізгі жабдықтардан бас тартуға бағытталған іс-шаралар жүргізу;

персоналдың экологиялық мәдениетін жоғарылату, тұрақты оқыту, табиғатты қорғау қызметін ағарту және дәріптеу;

барлық мүдделі тараптар үшін экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі.

 «АЭҮК» АҚ 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасымен қоршаған ортаны қорғау бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардан басқа Компанияның экологиялық қызметін жетілдіруге арналған «Экологиялық менеджменттің жүйесі»  ISO14001 халықаралық стандартына сәйкес сертификат дайындау, енгізу және алу қарастырылған.

 

Біліктілікті тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің ұсынымына сәйкес, «Шаңтөбе-Энергокомплекс» ЖШС-нің еңбек және қауіпсіздік техникасы бөлімінің маманы мен осы мекеменің бас инженері қауіпсіздік техникасы нормалары мен талаптарын және электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын білуін біліктілік тексеру аясында біліктілігінің расталмауына орай, кәсіпорынның электр қондырғыларын пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстан шеттетілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларына, мамандарына Электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес келетінін естеріне саламыз.

Электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, білімді біліктілік тексеру – бұл электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобын тапсыру, арттыру немесе растау үшін энергетикалық ұйым персоналының электр энергетикасы саласындағы олардың құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуін тексеру болып табылады.

Білімді біліктілік тексеру электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат берудің тиісті тобын тапсыру, арттыру немесе растау үшін ұйымдардың басшылары мен мамандарының кәсіптік даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындаудың негізгі тәсілі және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті жүргізетіні белгілі.

Егер тестіленуші шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесіне ие болса немесе тестілеуге дәлелсіз себептермен келмесе, қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен атқаратын лауазымынан шеттетілетінін  атап өтеміз.

Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен
бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша
аумақтық департаменті