Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
«АЭҮК» АҚ жұмыс орындарында өзіне тән салалық тәуекелдер мен қауіпсіздік есебімен персоналдың жұмысы үшін қауіпсіз және сау жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Компаниямен персоналдың еңбегін қорғау мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар қатары әзірленген:
- қызметкердің денсаулығына қауіпті технологиялық бұзушылықтарды айқындау мақсатымен жұмыс орындарын кенеттен тексеру;
- регулярные предсменные осмотры жедел персоналды жүйелі аусымалды тексеру, жұмысқа жіберу немесе жібермеуді жүзеге асыру, емдік және алдын алу іс-шараларын жүргізу;
- Техникалық қауіпсіздік күнін ай сайын өткізу;
- Персоналды арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
- өндірістік нұсқаулық әзірлеу;
- апатқа қарсы жаттығулар мен көрсеткіш рұқсатнамаларын өткізу;
- ең замануифизиожабдықтарымен жабдықталған денсаулық пунктін ұйымдастыру, қосымшамедициналық қызметтер: массаж, емдеу шараларын көрсету.
Электр қауіпсіздігі
Электр тогының бір ерекшелігі - ол көрінбейтін, иісі де, түсі де жоқ, сондықтан адам оны арнайы құрылғыларсыз анықтай алмайды. Электр тогы адам ток тізбегіне «қосылған» кезде кенеттен пайда болады. Бұл жағдайда ток адамның денесі арқылы өту жолында тінін зақымдайды.
Электр тогының соғуы кернеудегі ток өткізгіш бөліктерге қолайсыз жақын, қауіпті қашықтыққа жақындаған кезде, сондай-ақ адам қолданыстағы электр беру желілерінің сымдарының жерге түсу аймағында пайда болатын «қадамдық кернеу» деп аталатын жерге түскен кезде пайда болуы мүмкін.
Электр тогы әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпті, өйткені олардың физикалық ерекшеліктері бойынша бұлар оның әсеріне сезімтал келеді. Бұл жағдайда біздерді барша жерде электр тогы қоршап тұратыны белгілі. Тұрғын аудандардың, мектептердің, бала-бақшаның аумағында трансформаторлық қосалқы станциялар (ТП) немесе тарату пункттері (РП) орналасқан. Күнделікті тұрмыста біз балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін түрлі электр аспаптарын қолданамыз. Егер, қайсыбіреулер электр тогының әсерінен немесе электр қауіпсіздігі қағидаларын өз қарапайымдылығынан білмеуі, мәселен сынған сымға аяғымен басу арқылы түссе, ал кейбіреулері қолданыстағы электр қондырғыларында түрлі-түсті металдарды табуға тырысып, ток кернеуіне түсіп қалады.
Балалардың жарақат алу жағдайларын, оның ішінде электр тогының соғуын болдырмау үшін, сіздерден балаларды қауіпсіздік ережелеріне оқытуға ерекше назар аударуды сұраймыз.
Міне, осынау қағиданың негізгі талаптары:
- электр шкафтарының, құрастырмалардың, қалқандардың есіктерін ашпау керек;
- ТП мен РП-ға жақындауға немесе қол тигізуге, олардың ішіне кіруге, сондай-ақ шатырға көтерілуге болмайды;
- кабельдік және әуе электр беру желілерінің құлаған және үзілген жалаңаш сымдарына жақындамау және тиіспеу керек;
- электр беру желілерінің астында ойнамау, «әуе жыландарын» жібермеу, кернеудегі электр қондырғылары мен жабдықтың жанындағы орындарды ойын үшін пайдаланбау;
- сымдарды есікпен, терезе жақтауларымен қыспауға, оқшаулауға зақым келтірмеу және қысқа тұйықталу болмас үшін сымдарды шегеге бекітуге болмайды;
- аспаптарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын саусақпен тексеруге болмайды;
- балалардың розетканың жанында ойнауына, оларға түйреуіштер мен шпилькаларды тығуға, сымдарды тартқылауға жол бермеу керек, өйткені бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін;
- құрылғыларды қосу және өшіру кезінде штепсельдік ашаны сымнан емес, пластмассалық қалыптан ұстау керек.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті
Энергетикалық кешен
Энергия – халықтың үнемі тұтынатын және оның өмір сүру өнімі. Энергетикалық қызметтердің маңызды сипаты, оларды қоғамдық игілікке айналдырумен қатар, бұл игіліктің оларға мұқтаж адамдардың қол жеткізуін талап етеді. Энергетикалық кешен - кез келген адамның тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі және кез келген әлеуметтік сипатқа ие болатыны белгілі. Қаланың кез-келген әлеуметтік нысанын қажетті энергетикалық және электр энергиясын қолданбай елестету мүмкін емес немесе кез-келген адамның, әсіресе қалада тұрған жағдайда адамның өмір сүруін елестету мүмкін емес. Мәселен, ол тұратын тұрғын үй электр энергиясын қажет етеді. Күнделікті тіршілікте ас мәзірін дайындау, адамның басқа да тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру, адамның жүріп-тұруы, демалуы, энергия алуы және оны тұтыну қажеттілігімен тығыз байланысты. Қаланың энергетикалық шаруашылығы туралы айтатын болсақ, оның құрамдас бөліктерін: энергия көздерін, оны тұтынушыға беруді қамтамасыз ететін жүйелерді және энергияны тұтынатын жүйелерді бөліп көрсеткен дұрыс.
Ал, энергия қызметтері үшін төлем мөлшерін анықтаудың негізі - қазіргі заманғы есептеу аспаптық базасы болып табылады. Тұтынушыларда мұндай толыққанды заманауи аспаптық база энергия қызметтерінде әлі құрылмағаны белгілі. Қазіргі заманғы аспаптық базаны, әсіресе жылу энергиясын есепке алу тораптарын пайдалануда осы жұмысқа мамандандырылған кәсіпорындар тартылмаған. Тұрғын үй қорын пайдаланатын, бірақ мамандары мен лицензиясы жоқ ұйымдардың айналысуына байланысты, олардың іс-әрекеті нормативтік құқықтық актілердің талабына сәйкес келмейді. Отандық кәсіпорындардың энергия шығындары шетелден 3 есе артық болғандықтан, өнімнің бағасы айтарлықтай жоғары болып келеді. Осы жағдайлардың жиынтығы сайып келгенде қаланың энергетикасын дамыту мәселелерін бірінші кезеке қоюға және оны бағалауға мәжбүр етеді.
Көптеген жағдайларда есептеу аспаптарының істен шығу себебін дәл анықтау мүмкін емес. Пайда болған ұйымдастыру мәселелерін тек нұсқау беріп, нұсқаулар басып шығару арқылы шешуге болмайды, оларды түбегейлі шешу қажет. Проблеманы шешудің осындай тәсілдерінің бірі жылу тораптарына қызмет көрсетуді бір мердігерге беру болып табылады. Бүгінгі таңда қалалық энергетикадағы негізгі қорларды жедел жаңарту қажеттілігі туындап отыр. Осылайша, қазіргі заманғы аспаптық базаны ұйымдастыру мәселесі энергия қызметін тұтынуды бақылау процесінің басқару құрылымын қайта құруға әкеп соғатыны белгілі болып отыр.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағала мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭНЕРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2021 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша өңірдің энергетикалық кәсіпорындарында:
- барлық ауырғандардың саны: 162 адам;
- емделген адамдардың саны: 155 адам;
- науқас адамдармен байланысқа түскен үй карантиніндегі адамдар саны: 11 адам.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ персонал арасында короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында электр энергетикасы саласындағы кәсіпорындар инфекцияның таралуын алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын және ұйым қызметкерлері арасында инфекцияны анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмін әзірлеп, бекітті.
Бекітілген жоспарлар санитарлық бекеттерді ұйымдастыруды, іссапар мен жеке құраммен ішкі кеңестерді өткізуді барынша қысқартуды, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды жинауды, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындарда медициналық қызметтің жұмысын күшейтуді көздейді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті азаматтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстануға және карантиндік шараларды орындауға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің
Ақмола облысы бойынша
аумақтық департаменті
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағына, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 64 Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарының 11-тармағына және 2016 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары жөніндегі 2020 жылдың қорытындысы бойынша ішкі талдау жүргізді (Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша).
Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына ықпал ететін нормалар анықталған жоқ. Сондай-ақ, ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөнінде Департамент қызметкерлері тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талаптары ұдайы сақталады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру барысында мүдделер тартысының бұзушылықтары болған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалар жүгінулерінің өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы саны –65, оның ішінде жеке тұлғалардың жүгінулері – 47, заңды тұлғалардан – 18 жүгіну келіп түсті. Көп жағдайларда жүгінулер электр энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша жолданады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүгінулерді қарастыру мерзімі мен тәртібі қатаң сақталады.Талдау нәтижесі бойынша қабылдау, өңдеу, тіркеу және орындауға берілген жеке және заңды тұлғалардан түскен жүгінулер мен өтініштерде сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Департамент бір мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл - энергия өндіруші және энергия беруші кәсіпорындарға күзгі-қысқы жұмысқа әзірлігі бойынша дайындық паспортын тапсыру болып табылады (рұқсат беру құжаты емес). Осынау мемлекеттік қызмет 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген Стандартқа сәйкес көрсетіледі. Жыл қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны – 6.2020 жылдың қорытындысы бойынша Департамент Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, 23 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 180 650 теңге айыппұлға жазаланды. Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзғанын жою үшін 21 нұсқама берілді. Тексеру объектісіне бармай 241 профилактикалық бақылау жүргізілді. Тексеру объектісіне барып 5 профилактикалық бақылау жүргізді. Электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарды жою туралы 37 ұсыным жасалды.
Қызмет барысында Департамент 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 ҚР Энергетика министрі мен 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 ҚР Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген электр энергетикасы саласындағы тексеру парақтарын қолданады. Электр ергетикасы саласындағы заңнамада көзделмеген ақпараттарды сұрату орын алған жоқ. Департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықталмағанын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен
бақылау Комитетінің Ақмола облысы
бойынша аумақтық департаменті