Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық - бұл қазіргі заманымыздың індеті, оны емдеу үшін мемлекеттік органдар тарапынан да, жалпы қоғам тарапынан да үлкен күш-жігер жұмсауды қажет етеді.

Бүгінгі таңда, осы мәселеге Қазақстан Үкіметі көп көңіл бөлуде. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының нұсқауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді саясат жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау, сонымен қатар қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жаслан Қасенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты тақырыбында ішкі қызметтік кеңестер өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз орындау және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары анықталған жағдайда құзыретті органдарға дереу хабарлау тапсырылды.

Мәселен, біз сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ішкі кеңес өткіздік. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігін, қайда жүгіну керектігін және олар егер осыған тап болатын болса, қалайша әрекет жасау керектігін тағы да еске салдық. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі туралы тағы да ескертілді.

Бұл бағыттағы жұмыс біздің тарапымыздан тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл тек кездесулер ғана емес. Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау Комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекітті, бұл әлеуетті тәуекелдерге мерзімді талдау жүргізуді, оларды төмендету үшін іс-шараларды қарқынды жүзеге асыруды көздейді. Сыбайлас жемқорлық факторларын төмендету мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үшін цифрландыру саясатын іске асыру аясында Комитет ұсынған «Өңірдің энергетикалық кәсіпорындарына күзгі–қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» қызметіне www.elicense.kz электрондық лицензиялау порталы арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігі жасалды.

Осылайша, көрсетілетін әлеуетті қызмет алушыларға мемлекеттік органға бармай-ақ қызметті қашықтықтан алу мүмкіндігі берілді.

Егер, Сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап бола қалсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, анықталған фактілер жөнінде құзыретті органдарға дереу хабарласуды сұраймыз.

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жаслан Қасенов, тел. 257867.

 

 

Құжаттарды ұсыну керек

Электр энергиясын тұтынушы Н. ЖШС-ке (Сріктестікке) электр энергиясын беруді тоқтатқаны үшін Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне (бұдан әрі - Департамент) шағыммен жүгінді. Осыған байланысты, Департамент ЖШС-ке заңнамада белгіленген мерзімде аталған факті бойынша қажетті құжаттарды ұсыну туралы сұрау жолдады. Бұл сұрауды ЖШС басшысы алды, бірақ сұратылған құжаттарды кәсіпорын Департаментке ұсынбады, сұратулар бірнеше рет жолданған болатын. Сонымен қатар, ЖШС телефон арқылы Н. еш қатысы жоқ екенін хабарлады. ЖШС тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалғанын көріп, Департамент бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау аясында ЖШС-ке  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын жасады, оның әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. Осы хаттама істің басқа да материалдарымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты Ақмола облысының сотына қарастыру үшін жолданды.

Өткізілген сот отырысында Департамент басшысы хаттамада жазылған мән-жайды растады және Н. жүгінуінде баяндалған мәселелер бойынша ақпаратты ұсыну туралы растаушы материалдарды қоса бере отырып, ЖШС атына екі мәрте сұрау жолдағанын көрсетті, алайда ЖШС белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынбағанын дәлелді.

Осылайша, ЖШС әрекеттері ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігі бойынша дұрыс сараланды және бұл сотта зерделенген іс материалдарымен расталады.

Нәтижесінде, сот қаулысымен жауапкершілігі шектеулі серіктестік ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау
мен бақылау Комитеті Ақмола облысы бойынша
аумақтық департаменті