«АЭҮК Энергия өткізу» ЖШС
2004 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген және 2004 жылдың 25 тамызында заңдық тұлға ретінде тіркелген, «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС – еншілес компания «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» («АЭҮК» АҚ), электроэнергетикада нарықтық қатынасының даму концепциясына сәйкес пайда болған.
Компанияның қызметі 16.07.09 жылдан, «энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуға» табиғи монополияны реттеу бойынша ҚР Агенттігімен берілген № 000510 лицензиясымен расталды. 19.06.08 жылдан шыққан №132-од бұйрығына сәйкес, Ақмола облысы нарығында басым жағдайда орын алатын, «АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС нарық субъектінің мемелекеттік реестріне қосылды.
«АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС-нің негізгі жұмыс қызметі – электр энергиясын сатып алып, онымен Ақмола облысы тұтынушыларын жабдықтау. Компанияның міндеттері:
- үзіліссіз жеткізілім және электроэнергияны тұтынушыларға сату;
- электроэнергияны тұтынушыларға беру кезіндегі қызметінің сапалы болуын қамтамасыз ету.
«АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС құрылымы 14 әкімшілік облыс аудандарында орналасқан 15 бөлімшені құрайды. Компания электр энергияны Ақмола облысындағы 467 елді мекендегі 117,0 мың тұтынушыларға жеткізумен айналысады: олардың 203 - өндірістік кәсіпорындар, 359 – ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 250 – бюджеттік кәсіпорындар, 3521 - өнеркәсіптік емес, 116,3 мың. маңайында электроэнергияны тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын тұтынушылар.
«АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС қызмет көрсететін Ақмола облысының аудандары
Тұтынушыға электр энергиясын жеткізу келесі схема бойынша жүргізіледі: «АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС Екібастұз ГРЭС-1 электр энергиясын сатып алып, оны ұлттық желі «KEGOC» АҚ, «Көкшетау энерго» ЖШС, «Степногорск –Энерготранзит» ЖШС, «Астана-РЭК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ энергияқашықтық жүйелері бойынша тасымалданады. Одан әрі «АЭҮК» АҚ ААЭЖ мен АЭЖ жүелері арқылы электро энергияны тікелей ақырғы тұтынушыларға жеткізеді.
«АЭҮК- Энергосбыт» ЖШС электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу схемасы