Компанияның кадрлық саясатының негізгі мақсаты «АЭҮК» АҚ технологиялық және әлеуметтік жобаларын іске асыруға қабілетті кәсіби ұжымды қалыптастыру болып табылады. Персоналдың кәсіби деңгейін жоғарылату үшін және «АЭҮК» АҚ персоналын дайындау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жүйесі қызмет етеді.
Компанияда өндірістік қызметтердің жоғары кәсіби қызметкерлер санынан оқытушы ретінде мамандар тартылатын меншікті оқыту орталығы бар. Оқыту орталықтары белсенді қолданылады, курстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Компания персоналдарының жоғары және орта-арнайы оқу орындарында оқу мен жұмысты қатар алып жүруге мүмкіндіктері бар.
Кадрларды тартуға және бекітуге әкелетін іс-шаралар:
- қызметкер біліктілігіне, күрделілігіне, орындалған жұмыстың сапасы мен санына, сондай-ақ еңбек шарттарына байланысты еңбек ақыны реттеудің дифференциялды келуімен Еңбек ақының бірыңғай жүйесін енгізу жолымен көтермелеу және сыйақы берудің кешендік жүйесін қолдану;
- еңбек ақы қорының резервін анықтау және еңбек ақыны көбейтуге босатылған қаражаттар бағыттары үшін Компанияның штаттық санын оңтайландыру;
- жас мамандарды тартуға арналған профилдік мамандықтарға акцентпен жоғары және орта-арнайы оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істеу;
- жаңа қызметкерлердің тез бейімделуі үшін тәлімгерлік институтты дамыту.
«АЭҮК» АҚ Ақмола облысының ірі жұмыспен қамтушы болып саналады, оның құрамында екі мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Кадрлар резервi
Резервтегі кадрларды таңдау жүйесін баскару, іріктеу және одан әрі дамуын компания басшылығы стратегиялық маңызды тапсырмасы ретінде көреді. Қызметшілер қажеттілігін жоспарлау кадрлық жоспарлау процесінің ең басты сатысы болып келеді. Ол жоспарланған және бар жұмыс орындарында ұйымдастыру –техникалық шараларды өткізу жоспарында, штаттық кесте және бос қызмет орнын басуда орналастырылады. Әр нақты жағдайда компанияның қызметшілер қажеттілігін анықтауға тиісті бөлімшелер басшылары қатысады.
Ашық вакансия орындарын білікті мамандармен толтыру үшін жұмысшылармен жұмыс істеу жөніндегі кадрлар бөлімі қызметкерлер перспективті жоспар әзірленеді, маңызды лауазымдар ат-атымен резерв тізіміне сүйене отырып қалыптасады. Қалыптасқан резервте әр бір лауазымға бірнеше кандидат бар, бұл қызметкерлермен жұмыс тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.
Қазіргі еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығына байланысты және қызметшіні кейбір позицияға даярлау ұзақты болса, резервті даярлау Компанияның ең маңызды жұмысын құрайды. Кадрлық резервті қалыптастырудың және даярлаудың үзбес мінезі бар, Компанияға перспективті мамандарды қабылдау тәсіліне сонымен қатар басқарушы лауазымдарда орын басуға байланысты жаңа қажеттіліктер туылғанға байланысты кадрлар резерві әрдайым жаңарады.
Қызметкерлерді кадрлық резервке қосу үшін үміткерді бағалау өткізіледі, резервтегі тізімді келісу мен бекітуден кейін, жеке даярлау жоспар дайындалады. Резервтерге өндірістен үзу және үзусіз мамандығын жетілдіру ұйымдастырылады, резервке қабылданған лауазымы бойынша сынақ мерзімін өту, басшылар мен қызметкерлер іссапары, демалыс кезіңде, оң тәжірибені зерттеу мақсатындағы басқа ұйымдарға жол жүру мерзімінде уақытша міндетін атқаруға мүмкіндік беріледі. Қазіргі уақытта ААЭЖ және АЭЖ Компания басшыларының 71% кадрлық резервтен тағайындалған, желілі- шеберлік бөлімшелер шеберлерін де кадрлық резервтен тағайындайды. Олардың бәрі Компанияның оқу орталығында кадрларды резервке дайындау тобында алдын ала оқытылды.
Даярлау, қайта даярлау және қызметшілердің мамандығын жетілдіру.
Электроэнергетикада кәсіби дайындық және қызметшілердің мамандығын жетілдіру ең маңызды фактор болғандықтан қызметшілер жұмысының дамуы Компания қызметінің ең маңызды бағыттары.
Компанияда кадрларды үздіксіз кәсіби оқыту жүйесі кадрлардың біліктілік деңгейін өзгерілетін өндірістік және әлеуметтік жағдайларға келтіруді, жоғары кәсіпті құруды қамтамасыз етуге арналған. Білім берудің үздіксіздігі Компанияның оқыту орталығындағы біліктілікті арттыру жүйелерінің білім беру ұйымдарында тиісі курстарында қызметкерлердің жүйелі өзін-өзі үйретудің тиімді үйлестіру, тұрақты техникалық білімнің, қысқа мерзімді және кезеңдік ұзақ оқыту жолымен қамтамасыз етіледі. Соның өзінде, біліктілікті тұрақты арттыру еңбек шарттарына сәйкес әр қызметкердің тікелей міндетті болып табылады. Басшылар мен мамандардың лауазымдық ауысуы, қызметкерлерге біліктілік разрядтарын практикалық мамандықтарды алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Жалпы алғанда компанияда қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстар жыл сайынғы бекітілетін біліктілікті арттыру жоспарларының негізінде энергетикалық ұйымдарда қызметкерлермен жұмыс қағидаларына сәйкес өткізіледі. Білім беру елеулі капиталды салымдармен байланысты болғандықтан, сыртқы ұйымдарға жіберілетін барлық қызметкерлермен білім беру шарты жасалады, оған сәйкес қызметкер компанияда бір жылдан үш жылға дейін жұмыс жасауға, оқытудан кейін өзінің бөлімшесінде білім беру нәтижелері туралы есеп беруге және өткен курс бойынша жалпыланған сабақ өткізуге, шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда оның оқытылуымен байланысты барлық шығындарды Компанияға өтеуі міндетті.
Жаңа қызметкерлерді оқытудың жеке нысаны бойынша даярлау құрылымдық бөлімшелердің, компания филиалдарында білікті қызметкерлер немесе шеберлер қатарынан тәжірибелі жетекшілердің басшылығымен жүзеге асырылады. Жаңа қызметкерлерді даярлау біліктілік разрядын беруге біліктілік емтиханын тапсырумен аяқталады. Еңбекті ұйымдастырудың тиімдірек нысандарын ендіру мүмкін болатын ішкі ауысулар кезінде қызметкерлерді еңбекпен қамтуда маневрлікті арттыру мақсатында, екінші немесе аралас мамандықтардың жұмыс қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың үздіксіздігі Компанияның білім беру орталығымен қамтамасыз етіледі. Басшылар мен мамандардың біліктілігін арттыру Компанияның оқыту орталығымен, сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінің сыртқы ұйымдарында жүзеге асырылады. Басшылар мен мамандарды Компанияның білім оқыту орталығында оқыту жедел сипатқа ие, әрқашан айқын, нақты еңбек процесін игеруге, нақты жұмысты орындауға бағытталғандығын айта кету керек; сыртқы ұйымдарда оқыту үлкен теориялық бағытқа ие, жан-жақты жайындықты береді, осындай компания әріптестерімен кездесуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Компанияда кеңінен пайдаланылатын және қосымша қаржыландыруда талап етпейтін қызметкерлерді оқытудың маңызды көзі ЮСАИД-пен бірлесіп Қазақстан энергетикалық қауымдастығымен және өзге ұқсас ұйымдастырылатын семинарлар, көрме, - семинарлар және конференциялар болып табылады.
«АЭҮК» АҚ әзірленген қызметкерлерді дамыту саясаты технологияның қарқынды дамуын ескерумен қызметкерлердің білім деңгейін жетілдіруге және білім біліктілігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Қызметкерлерді дәлелдеу
Қызметкерлердің тұрақсыздығымен байланысты сұрақтарды шешу үшін, аймақтың еңбек нарығында мамандырылған қызметкерлердің жетіспеушілігі ауырлауы, Компанияда материалды және материалды емес дәлелдеу жүйесі іс-әрекет етеді.
Компания қызметкерлердің дәлелдеу үшін өз қызметінде жұмыспен қанағаттануына байланысты келесі мадақтау нысанын анықтады:
1) материалды нысан:
- еңбек ақының айнымалы бөлігі;
- мүшелтой, туған күндеріне бір жолғы төлеулер;
- бір жолғы басқа төлеулер (компания алдында ерекше еңбегі, қуаттылықты білдіру үшін, жұмыс процесін ұтымды етуге ұсыныста енгізу және әзірлеу үшін);
- Компания қызметкерлерінің туыстарына немесе қызметкерлердің қайтыс болуына байланысты туыстарына материалды көмек көрсету;
- жасына байланысты зейнетке кеткен жұмыс істемейтін зейнеткерлерге қайырымды көмек көрсету.
2) материалды емес көмек:
- жұмыс жағдайын жақсарту (желілі-шебер бөлімшелерін және әкімшілік АЭЖ,ААЭЖ ғимараттарын көркейту, жеке компьютерлермен және ұялы байланыс аппараттарымен қамтамасыз ету);
- ауыру жағдайларына дәрігерлік сақтандыру;
- қызметкерлердің өндірістік жарақатқа немесе профессионалды ауыруларын алуға байланысты сақтандыру;
- әлеуметтік сақтандыру (жұмысын жоғалтқаны үшін жәрдемақы алуына мүмкіндік, еңбекке жарамдылығынан айырылу, асыраушыдан айырылу, жүктілік және босану мерзіміне,баланың 1 жылға толуына дейін бағу;
- оқыту және қайта даярлау (Компания қызметкерлері мамандығы бойынша оқытылуы, жұмысына сәйкес профиліне сессия кезіндегі емтихандарға және дипломдық жұмыстарын қорғау мерзіміне дейін орта еңбек ақысын сақтаумен қосымша төленетін демалыс беру; дәрежені жоғарылату курстарын жолдау;
- салалық және бірлескен наградалармен марапаттау.
3) жұмыс бабымен жылжу (мансаптың дамуына мүмкіндік).
Жас мамандар
Компанияда жас мамандардың толуы жоғары оқыту орындары мен колледждердің негізгі көзі. 2002 жылы Компания мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Бұл шарттың негізінде компанияға 38 адам жұмысқа келді, оның ішінде қазіргі уақытта 9 басшылық лауазымында және Компания филиалдарында жетекшілік мамандарында жұмыс істейді. Жыл сайын Компания энергетик – студенттерді тәжірибе өтуге қабылдайды. Штатта бос орындары болған жағдайда бітіруші курс студенттерін тәжірибе мерзімінде төленетін жұмыс орындарына қабылдайды.
Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары:
- қызметкерлерге әлеуметтік демалыс беру және материалдық қолдау көрсету;
- қызметкерлердің денсаулығын сақтау, қызметкерлер аурулары алдын алу және медициналық көмек көрсету, жазатайым оқиға мен ауру жағдайында сақтандыру;
- энергетиктердің мәдени мұралары мен дәстүрлерін сақтау, зейнеткер-энергетиктерді тартумен Компанияның еңбек ұжымында дене тәрбиесі мен спортты дамыту;
- Компанияның жұмыс жасамайтын зейнеткерлер мен ардагерлерді Жеңіс күні және Қарттар күніне материалдық қолдау.