«АЭҮК» АҚ-да кәсіптік бағдардағы жұмысқа көбірек көңіл бөлінеді. Бұл бағытта компания әртүрлі шаралар өткізеді. Ал студенттердің энергетикалық нысандарға экскурсиясы дәстүрге айналған.

Академик Г.С. Сейткасымов атындағы индустриялық-экономикалық колледжінің екінші курс студенттеріне арналған «ЧЛЗ» 110/10 кВ ҚС-на экскурсия ұйымдастырылды. Компания тарапынан «АЭҮК» АҚ ҚжЕҚ қызметі бастығының орынбасары Уралбек Хамзин және «АЭҮК» АҚ Ақмола ААЭЖ ҚС тобының бастығы Бекпаев Алтынбектің ат салысуымен гид және автобус ұсынылды.

Сол күні студенттер өздері үшін көптеген жаңа әрі танымдық нәрселермен танысты: 110 кВ элегаздық ажыратқыш қызметінің қағидалары мен құрылғысы, 10 кВ вакуумдық ажыратқыштың жұмысы мен конструкциясы, электр энериясы есебінің жаңа көп функционалды құралы қызметінің принциптері және т.б. туралы білді. Қауіпсіздік техникасы бөлмесінде студенттер энергетикалық құрылғымен жұмыс кезінде қажет арнайы жабдықтармен және жеке, бригадалық қорғаныс құралдарымен танысты. Студенттерге осындай арнайы жабдықтардың бірі – КЖК-90 кВ немесе кернеудің жоғарғы көрсеткіші қызметін қосалқы станцияның кезекші диспетчері Касыбаев Серик көрсетті.

Сонымен қатар, студенттер қосалқы станцияның кезекші диспечері мен қызметкерлерінің демалатын бөлмесін көріп қайтты.