Ақпанның бірінші онкүндігінде Астрахан АЭЖ базасында қызметтің негізгі бағыты бойынша өзекті мәселелер және былтыр жыл бойы алынған ескертулер мен нұсқамалар егжей-тегжей талқыланған диспетчерлерге арналған семинар болды.

Семинардың тақырыбы «Тиісті деңгейде диспетчерлердің функционалдық міндеттемелері есебімен АЭЖ ЖДТ (жедел-диспетчерлік топ) және ААЭЖ ЖДҚ (жедел-диспетчерлік қызмет) электр желілерімен жедел-диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру». Семинарға «АЭҮК» АҚ барлық аудандарының ЖДТ және Ақмола ААЭЖ ЖДҚ диспетчерлері қатысты. Іс-шараны «АЭҮК» АҚ ОДҚ бастығы Борис Синицкий және бас инженердің кеңесшісі Владимир Баранов өткізді.

Оқыту барысында Астрахан АЭЖ Красногвардейск МУС (мастерлік учаскенің сызықтары) бригадасымен көрсеткіш рұқсаты көрсетілді. Көрсетілім техникалық жабдықталған оқу сыныбында өтті. Сюжет бойынша бригадаға кіретін фидерде 0,4 кВ  «Оқу» ЖТҚС-10/0,4 кВ автоматын ауыстыру тұрды. Көрсетілімнен кейін рұқсаттың барлық кезеңдерінде бригада әрекеттерінің дұрыстығы мен кезектілігі талқыланды.

Іс-шараның соңында барлық қатысушылар ТҚЕ техника қауіпсіздігі ережелері және ТПЕ техникалық пайдаланым ережелері білімдері деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін аттестациядан өтті. Ұқсас іс-шаралар жыл сайын АЭЖ және ААЭЖ әрқайсысы үшін өтеді. Осындай келесі семинар наурызда Есіл ААЭЖ өтеді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі