«АЭҮК» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында компанияның энергетикалық объектілерінің құрылысын, қайта жаңартуды және күрделі жөндеуді жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың 9 айында жоспарланған жұмыстардың орасан көлемі орындалды.

Жоспарға сәйкес Азия даму банкі қарызы есебінен «АТЭЦ-2-Астана» 110 кВ әуе сызығы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Ұзындығы 3,368 км ӘС тас жолы Астана ЖЭО-2-ден «Промзона» қосалқы стансасына (ПС) дейін өтеді және АССС сымын қолданумен композиттік өзекшесімен және көтерме талшық кабельмен найзағай арқан сым салынды. Сызық құрылысының екінші кезеңі шегінде «Промзона» ПС-нан «Городская» ҚС-на дейін инженерлік желілерді шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Есептік кезең барысында СИП-4 сымын қолданумен 0,4 кВ ӘС 57 км қайта жаңартылды. Қайта жаңарту аймағына Целиноград ауданының (Қабанбай батыр, Қараөткел, Максимовка, Родина) кенттерінің үлестіру жүйелерінің қатары және Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы мен Шортанды кентінің 0,4 кВ ішкі кенттік сызықтары кірді.

«Сабынды – Қорғалжын», «АГПП - Мариновская», «Ильинка - Ақмола» ӘС-110 тас жолында   ПС-70 шынысында 4865 дана фарфор изоляторын ауыстыру жүргізілді. Ұзындығы 25,6 км С-50 найзағай арқан сымын монтаждау орындалды. «Алексеевка – Журавлевка»  және «Есіл - Державинка»  ӘС-110 кВ изоляторларды ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Биыл жабдықтарды жаңғырту 220/110/35/10   кВ11 қосалқы стансаны қамтыды. Сандықтау ауданы «Балқаш», Жақсы ауданы «Державинка», Аршалы ауданы «Вишневка» 110/35/10 кВ  ҚС және Бұланды ауданы «Заводская» 35/10 кВ ҚС электр жүйелерінің жұмысы толық аяқталды. Жаңғырту шегінде жоспар бойынша белгіленген 32 ВБ-110 кВ және ВГБ -35 кВ бактік элегаздық ажыратқыштың  27-сі орнатылды және қолданысқа енгізілді.

Бұдан басқа толық көлемде энергия жабдықтарына күрделі жөндеу жасалды және ЭКЕАЖ (электр энергияның коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесі) электр энергиясын есептеу приборларын орнату бойынша жұмыстар жалғасуда.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі