Қазіргі заманды компьютерлерсіз және оргтехникасыз елестету өте қиын. Электронды көмекші қызметтері адамның барлық сфераларында қолданылады: жұмыс үшін және ойын-сауыққа, оқуға және де шаруашылықта да. Әр бір жұмыс түрі үшін мамандырылған бағдарламалық жасақтама бар, ол оны өңдеуге,ақпаратты сақтауға, оны басқаруға, сонымен қатар оны талдауға  мүмкіндік береді. Әрине, адам баласы бұл функциялардың бәрін өзі жасай алар еді, бұрын адамдар компьютерсіз бір амалын тапқан,бірақ технологиялық процесс бар әлеммен қол астына алды және адам баласы бұрыннан технология жаңашылдықтарын өз пайдасына қолдануды үйренді. Процесстерді басқаруда жаңа технологияларды қолдану және процесстерді автоматтаудың арқасында дамыған мемлекеттерде түрлі кәсіпорындар жұмысшыларының еңбегін алуан бағдарламалар жеңілдетті.

«Эллипс» бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен кәсіпорын жұмысын оңтайландыру біздің компанияның акционерлерімен бұрын актуалды шешім қабылданды. Тәжірибенің көрсетуімен көбісіне әлі күнге дейін «Эллипс» екені белгісіз, және қай себептен оны үйрену қажетті. Бірге түсініп көрейік.

Сонымен, ресми атауы - Ventyx Ellipse. Ол көлік және үкімет, коммуналды қызмет, энергетика,тау және қорғаныс өндірісі кәсіпорындарына арнайы жасалған.

Толық анықтаманы алуға біз «Ақмола ЭҮК» АҚ-дағы «Ventyx Ellipse» жобасын енгізу бойынша басшысы Даурен Балгабаевқа жүгіндік.

- Даурен,  қазір біздің бөлімшелерде енгізіліп жатқан «Ventyx Ellipse» жаңа бағдарламасы қандай екенін айтып беріңізші?

- «Эллипс» ЕАМ шешім болып табылады (Enterprise Asset Management). Бұл негізгі кәсіпорын қорларымен басқаруға бейімделген ақпараттық жүйе. ЕАМ шешімде келесі бағыттар бар:

         - техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚҚжЖ)

         - материалды-техникалық жабдықтау (МТЖ)

         - қойма қорларымен басқару (ТҚҚжЖ-ге қосалқы бөлшек)

         - қаржыларды басқару (ТҚҚжЖ және МТЖ саласында)

         - қызметкерлерді басқару (ТҚҚжЖ және МТЖ саласында)

         - құжаттарды басқару (ТҚҚжЖ және МТЖ саласында)

- Бұл бағдарламаға біз соншалықты мұқтажбыз ба? Осы жобаны енгізудің мақсаты қандай?

- Мақсат әркімге өзінше. Акционерлер үшін кәсіпорында барлық бар материалдық шығындарды  толық бейнеде көруге мүмкіндік ашылады. Инженерлер үшін мысалы, барлық жөндеу жұмысына ықпал ететін сол және басқа да жабдықтарға қатысты бақылау мүмкіндігі туады. Шеберлерге – ағымдағы жұмыстарды нақты жоспарлауы олардың әр күндік жұмысын жеңілдетеді.

- «Ventyx Ellipse» бәрін санайтын және есептеп шығаратын, бәрін санағыш деп атауға болады ма?

- Ия. Мысалы, сатып алу, қоймаға кірістіру, қоймадан беру, тендерлерді жүргізу, коммерциялық және бағалық ұсыныстарды жүргізу – бәрі жүйеде бейнеленеді.

- Қай қызметкерлерге міндетті түрде бұл бағдарламаны білу қажет?

- «Эллипс» бағдарламасын міндетті түрде қаржы бөлімінің қызметкерлеріне, материалдық-техникалық жабдықтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сонымен қатар қызметкерлермен басқару қызметінің қызметкерлеріне.

- Қазір оқу басталды ма? Оқу қайда өткізіледі?

- Оқыту 2014 жылдың ақпан айының 17 күнінен басталды. Есіл, Степногор және Ақмола ААЭЖ - да арнайы жабдықталған сыныптар ұйымдастырылған. Сондай ақ АЭҮК – да да сынып бар.

- Оқыту қанша уақытқа созылады?  

- 2014 жылдың мамыр айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.

- Бағдарламада жұмыс үшін барлығы дайын ба?

- Қазіргі уақытта жабдықтар сатып алынуды. Бұл Windows басқару жүйесімен кәдімгі компьютер. Ешқандай қосымшалардың керегі жоқ, тек браузер мен Интернет.

- Кім қызметкерлерді оқытумен айналысады?

- Жобалық топ бар. Бұл өткен жылдың қараша айында оқытудан өткен қызметкерлер, қазір өздерінің әріптестерін оқытуда.

- Біздің әңгімеміз бойынша қорытындылар жасайық. «Эллипс» жүйесін енгізу біз үшін нені береді?

- Ventyx Ellipse қолданудың бас артықшылығы – жылдам елеу мүмкіндігі. Оның салдарынан сараланған іскерлі шешімді қабылдауға мүмкіндік туады. Бұл тікелей кіріс деңгейіне әсерін тигізеді, өндірістік активтерді қолдануда өнімділіктің жоғарылауының арқасында, пайдалану шығысының азаюы, нормативті талаптардың сақталуы, квалификациялық шығысының лауазымдық үлестіруі және тағы да басқалары.

- Бұл жүйені оқыту қаншалықты маңызды?

- Өте маңызды, сол себептен сабақтарды еш қай себептен қалуға болмайды. Мектептегідей. Бір сабақтан қалсаң - келесіні түсінбейсің.

- Сіз біздің қызметкерлерге өзіңізден бірдеңені қосқыңыз келеді ме?

- Айтайын дегенім, жаңа жүйе – бұл жаңа қиындықтар, және  қаншалықты біз тез жұмысқа кіріссек, соншалықты жылдам өз білімімізді пайдаға аударамыз. Біз барлығына оқытуға және оқыту барысында пайда болатын кез келген мәселені шешуге дайынбыз. Бұл бағдарлама бірден шешімді қабылдауға және көбінен жұмыс процессін жеңілдетуге мүмкіндік береді. XXI ғасыр – ақпараттық технологиялар ғасыры. Және сіздің компания уақытқа сай қадам жасауы тиіс.Мен алға қойылған міндеттерді табысты орындайтынымызға сенемін.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі