Осы жылдың маусым айынан бастап «АЭҮК» АҚ-да 0,4-10 кВбөлу желілерін, 35-110 кВжоғары вольтты электр беру желілерінің 110 Кв қосалқы станцияларынқайта жаңарту бойынша Инвестициялық бағдарламаны іске асыру басталды. Бағдарламаға енгізілген барлық жобаларды іске асыру бірінші кезекте тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өткізу қабілетін арттыруға  бағытталған.

Астана-Щучинск автомагистралінің бойымен өтетін ӘЖ-110кВ «Шортанды-Алексеевка» қайта жаңарту жобасы Астаның азық-түлік белдеуіне енетін Ақмола облысының үш: Шортанды, Ақкөл және Бұланды ауданының тұтынушыларын электрмен жабдықтауды үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған. Автострадаға жақындығы және ӘЖ жыртылған жерден тысқары шығару ЭТЖ  техникалық қамтамасыз етуді әжептәуір жеңілдетеді. Қайта жаңарту жобасында барлық ӘЖ бойында ұзындығы 36,45 шақырымнан тұратын сым мен тіректерді толықтай ауыстыру көзделген. Аралық тірек ретінде СК-22 темір бетонды тіреулерін және ыстық цинктеумен өңдей отырып, У-110 анкерлік металл тіреулерін пайдаланылатын болады. Бұл өңдеу әдісі металды коррозиядан сенімді қорғайды  және тіректердің қызмет ету мерзімін ұзартады.

Жарқайың ауданында «Пятигорск-Отрадный» ӘЖ-35 Кв қайта жаңарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл 25 шақырымға созылған желіні ұзақ уақыт пайдаланғандықтан, қайта жаңартуды қажетілігі туындаған. Ауа-райының қолайсыз жағдайының әсерінен тіректің темір бетон тұғыры жарым–жартылай бұзылып, немесе ұзына бойына және көлденеңінен сызаттар пайда болған. Көптеген жерлерінде траверстің де формасы өзгерген.  Бұдан басқа, фарфорлы істікше оқшаулатқыштың оқшаулау қасиеті және сымның өзінің электрлік сипаттамасы нашарлағаны байқалған. Жоба аясында тіректер де, сымдар да ауыстырылатын болады. Жаңа әуе желісін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тірек ретінде оқшауламалаушы шыны ілмелі СВ-164-12 темір бетон тіреулері таңдап алынған.

Аршалы АЭЖ-нің «Ново-Александровка» ҚС-110/35/10 кВ және Шортанды АЭЖ-нің «Елизаветинка» ҚС-110/10 кВ ЖҮҚ-10 кВ жабық үлестіру құрылғыларын салуға кірісіп кетті. ЖҮҚ ғимараты жылытылатын болады, оның құрылысына қазіргі заманға құрылыс материалдарын пайдалану көзделген. Болашақ ЖҮҚ фундаментінің негізін салудың дайындық жұмыстары басталып-ақ кеткен. Оларда жаңа вакуумды ажыратқышы бар ұяшықтар, сондай-ақ микропроцессорлық қорғаныстық реле орналастырылатын болады. Бұл шаралардың барлығы тұтынушыларды апатсыз және электрмен жабдықтаудың сенімділігіне бағытталған.

Жаңғырту сол сияқты Державинск аудан орталығының, Каменка ауылының және бірқатар қала маңындағы Қабанбай батыр, Максимовка, Талапкер сияқты кенттерінің бірқатар энергетикалық объектілерін де қамтиды.  

Бұл елді мекендерде инвестицилық жобаны іске асыру шеңберінде     0,4-10 кВ электр беру желілерін қайта жаңарту және 10/0,4 кВ ЖТҚС ауыстыру  жұмыстары басталды. Жұмыс барысында БА-35 «ашық» сымы бар 52,185 км ӘЖ- 0,4 кВ-ты АОС-4 сымы бар ӘЖО-0,4 кВ-пен ауыстыруға, сондай-ақ  ӘЖ-10 кВ ұзындығы 6,07 км сымын ауыстырып, қайта жаңартуға тура келеді. Бұдан басқа, 16 жинақталған трансформаторлық  қосалқы станция ЖТҚС 6-10/0,4 кВ жабық типтегі 6-10/0,4 кВ сыртқы қондырғының жинақтамалы трансформаторлық (найзағайға төзімді) қосалқы станциясымен ауыстырылатын болады.

Бұл объектілердің барлығы өткен ғасырдың 70-жылдарында пайдалануға берілген және өздерінің техникалық мүмкіндіктерін тауысқан. Бүгінгі күні осы сияқты ЭТЖ және ЖТҚС 6-10/0,4 кВ нақты және моральдық тозуы шамамен 80 % құрайды. Инвестицилық жобаның барлық іс-шараларын іске асыра отырып, тек  ӘЖ пайдалану процесінде электрлік травматизмді төмендету туралы ғана емес, сондай-ақ электр желілерінде апаттардың азаюы туралы айтуға болады. Оқшауланбаған, «ашық» сымды алмастырған АОС-4сымы ауа – райы суық аудандарға арналған және күйдіріп ширатылған түзу қиманың оқшауланған қалайы талсымы түрінде болады. Сым қоршаған ортаның -60° С-нан +50° С-на дейінгі температурасына төтеп бере алады, онда қатпар пайда болмайды, ультракүлгін сәулеленудің әсеріне төтеп бере алады, ал қызмет ету мерзімі – кемінде 25 жыл. Кәдімгі сымды АОС-4сымынаауыстырутұтынушыларды ажыратпай-ақ (абоненттерді қосу, жаңа тармақтарды қосу) ӘЖ жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, ал ол Астананың азық – түлік белдеуінің орта және кіші бизнес кәсіпорындарының шаруашылық қызметі үшін маңызды. Қысқа фазааралық тұйықталу да, сол сияқты шырматылу немесе сымдарды бөтен заттармен  басып қалу кезінде тұйықталу да жойылады.  Тағы бір маңызды жағдайдың бірі,сымды сымғаілу әдісін пайдалану қымқыру жағдайларын азайтады және өткізгіш қорытпасында қалайының аздаған үлесі бар сымдарды түсті металл жинаушылардың ұрлауы сияқты жағдайлар азаяды.

Жобаның барлық іс - шараларын іске асыру барысында қол жеткізген экономикалық нәтижені әлі есептеп алуымыз қажет, бірақ бүгінгі күннің өзінде электр беру желілеріндегі энергияны жоғалту кемінде 10% төмендегені туралы айтуға болады. 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.