«АЭҮК» АҚС. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірлесіп жас мамандарды дайындау бағдарлмасын іске асырды. 2001 жылдан бастап 2012 жылға дейін 32 жас маман оқытылды, олардың әрбір үшіншісі «АЭҮК» АҚ кәсіпорындарында қалды. Солардың ішінде - Аршалы АЭЖ бас инженері Андрей Волчков, ол осы бағдарламаның арқасында студент бола жүріп, энергетикадағы өзінің жолын таңдай білді.  

«АЭҮК» АҚжәне С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің арасындағы кәсіби ынтымақтастық 2001 жылдан бастау алады.Студенттердің кәсіби дайындау бағдарламасы үш кезеңнен тұрады және 3 курс студенттерінеолардың жоғары оқу орнын аяқталғанға дейін арналған. Компания атаулы стипендия төлеуге, студенттер өндірістік және дипломалды практикадан өту кезінде ақысы төленетін жұмыс орындарын ұсынуға, өздерінің өндірістік бөлімшелері мен оқу орталықтарында тәжірибелік дағдыға үйретуге кепілдік етеді. Іріктеуден өткен әр студентпен қосымша жеке келісімшарт жасалған, «АЭҮК» АҚбөлімшелерінде оқуын аяқтағаннан кейін кем дегенде үш жыл жұмыспен өтеу оның басты шарты болып табылады.  Осылайша, Компаниябір топ үшінші курс студенттерін өз қамқорлығына алған, солардың ішінде Андрей Волчковта болған. Ол «АЭҮК» АҚ-мен 2002 жылы, электр факультетінде үшінші курс оқып жүргенде келісімшартқа отырған.  Өндірістік практикадан өзі туып - өскен, туған туыстары тұратын Аршалысында өткен. Бесінші курстың соңында – ақ АЭҮК-ның кадрлық резервіне тізімге қойған.

2004 жылы университетті аяқтағаннан соң, Андрей ВолчковАршалы АЭЖ-де алғашында мастер болып, сосын қосалқы станция тобының аға мастері, содан соң - «АқмолаЖөндеу»ЖШС-нің жөндеу-құрылыс тобының аға мастері болып жұмыс істеді, ал 2012 жылы ол Аршалы аудандық электр желілерінің бас инженері болып тағайындалды.

«Көптеген оқу бітірушілер диплом алысымен, өзі үшін болашақта өмірінің қалай болатынын білмейді, оларда өздерінің болашақ жұмыстары мен қалай кәсіби өсу керектігі туралы нақты түсініктері болмайды, ал мұндай бағдарламалар өзіңнің таңдауыңды жете ұғынуға және таңдап алған мамандығыңның барлық ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді», - дейді Андрей Волчков.

Қазақстанда қазір дуальды оқытуды енгізе отырып, білім жүйесі жаңғыртылып жатқанын айтып өтуіміз қажет, ол бойынша білім беру мекемелері мен кәсіпорындар өзара тығыз ынтымақтастықта болады деп болжамдалған. Болашақ кәсібі бойынша тәжірибелік  дағдысы, теориялық білімі бар, тиімді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындығы мұндай өзара әрекеттестіктің нәтижесі болуы тиіс.

Соңғы бірнеше жылда әртүрлі себептерге байланысты «АЭҮК» АҚ жас мамандарын дайындау бағдарламасы тоқтатылған болатын. Бүгінгі күні біліктілігі жоғары жас кадрларға деген сұранысқа артуына байланысты Компания бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниеттеніп отыр. Келесі жылдың өзінде – ақ жас мамандарды қолдау жүйесі бойынша қолданыстағы Бағдарламаны қазіргі заманғы жағдайға сәйкес жаңғыртуды болжамдап отыр.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.