«АЭҮК» АҚ Орталық диспечерлік қызметі 2001 жылы құрылды. Оның басты тағайындалуы – компанияның энергетикалық объектілерінің жұмысын орталықтандырылған тәулік бойы басқару. Мұнда кернеу және қуат, қосалқы стансалардың үлестіру сызықтары мен энергия жабдықтарын жоспарлы жөндеуде жүйелердің тәртіптерін әзірлеу, жабдықтарды жөндеуге қорытындылар, тұтынумен электр жүктемесін келісу мен электр энергиясын тұтынуды бақылау, апаттық жағдайлардың алдын алу - электр энергиясының қалыпты параметрлерін ұстау кіреді.
ОДҚ орталық орыны «ARIS SCADA» («НТК Интерфейс» ЖШҚ) ЖАК арқылы басқарылатын S-2000 өрнекті диспетчерлік қалқан (РФ, Екатеринбург қ., өндірісі) және «PLANAR» (Франция) бейнеқабырға орын алады. Диспетчерлік қалқан мен бейнеқабырғада әртүрлі түстермен 220 және 110 кВ қуатпен электр беру сызықтарының сызбалары және жабдықтар көрсетілген – атап айтқанда оларға қызметті жедел басқару мен жүргізу, сондай-ақ 35/10/6 кВ сызбасы жатады. Телемеханиканы енгізумен 2002 жылы энергия объектілерінен дабыл мұнда автоматты түрде түседі және кейбірі ғана АЖЮ (автоматтандырылған жұмыс орыны) арқылы диспечермен қолмен басқарылады.
Диспетчерқалқаны алдында диспетчерлердің жұмыс орыны орналасқан. Мұнда орналасқан қазіргі заманғы технологиялық жабдықтар күрделі жағдайлардатез сезуге және шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Әрбір диспетчердің үстелінде тораптық қосалқы стансалар, компанияның құрылымдық бөлімшелері және «Астана ЭҮК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Кокшетау-Энерго» ЖШС, «Қарағанды ЭҮК», ЭЧ-8 (Энергиямен жабдықтаудың Астаналық дистанциясы), ЭЧ-10 (Энергиямен жабдықтаудың Атбасарлық дистанциясы) сияқты аралас энергия кәсіпорындары жұмыс уақытында өзара әрекет ететін барлық абоненттердің телефон нөмірлері енгізілген байланыстың қазіргі заманғы пульт бар. Барлық телефон келіссөздері жазылады, қажет жағдайда ОДҚ мен ДжТБ ОҚ басшылығының арнайы рұқсатымен оларды әрқашан тыңдауға болады.
ОДҚ барлығы он бір адам жұмыс істейді, соның ішінде сегізі диспетчер. Барлығы жоғары білікті тәжірибелі мамандар, энергия жүйесінде кез келген жағдайларға дайын. Ал жағдайлар әртүрлі болады, ірі технологиялық бұзушылықтар да болады. Олардың көбі найзағай және басқа күрделі метео жағдайларда, құстардың маусымдық ұшуы, жақтас ұйымдардың құрылыс техникаларын байқамай пайдалануы және т.б. ауа сызықтарына зақым келтіру мен сөндіруге байланысты.
2013 жылы «АЭҮК» АҚ ОДҚ Борис Синицкий басқарды. Ол кезде 29 жаста болатын.
Жаңа бастықтың келуімен қызметте үлкен өзгерістер басталды. Компания басшылығы әрқашан мерзімінде болды, атап айтсақ, жоғары технологиялық жабдықты ОДҚ енгізу сонда шешілген болатын. Кейінгі екі жыл бойы мұнда орын-жайға күрделі жөндеу жүргізіліп және «ARIS SCADA» жедел ақпараттық кешен (ЖАК) енгізіліп орасан зор жұмыс жасалды. Кешен дистанционды басқарылып қалқан мен бейнеқабырғаны біріктіреді. Энергия объектілерінен түсетін барлық дабылдар күтпеген ахуалдар жағдайларында тез сезуге мүмкіндік беретін теледабылдар мен телеөлшеулер түрінде диспетчер қалқанында көрсетіледі. Кеңес заманынан бері келе жатқан диспетчер қалқаны қолмен басқарылды және диспетчер орынынан тұрып оған қарай жүгіруге тура келетін.
ЖАК жүйесін диспетчер қызметін жабдықтау және жабдықтарды монтаждау жобасын әзірлеумен «INET» ЖШС Алматы фирмасы айналысты.
Борис Синицкий сұлу көлдері мен ормандары бар Щучинскіде дүниеге келіп, ерте жүзуге үйреніп, балық аулау және саңырауқұлақ түрлерін айырып өсті. Табиғи болмысы бойынша білім құмар және белсенді, мектепте сүйіспеншілікпен оқыған, мектептің барлық іс-шараларына қатысқан, спортпен айналысқан, баскетбол ойнаған және биатлон секциясына барған. Мектеп пәндерінен физика мен ағылшын тілін жақсы көрген, бала кезінен бұзылған үтік пен электр шәйнегін қиналмастан жөндеген, ажыратқыш пен розетканы да ауыстыра білген. 90-шы жылдардың соңында компьютермен қызығушылық болды да 9 сыныптан кейін ПЭЕМ операторына оқуға № 4 Щучинск кәсіби-техникалық мектебіне барды. Мектепті аяқтап, ойланбастан техник-электрик мамандығын таңдап Щучинск техникалық колледжіне түсті.
- Техникалық мамандық алуды әрқашан қалап жүрдім. Мектепте физиканы, әсіресе «Электрлендіру» тарауын жақсы көрдім, сол кезде ол менің қалауым екенін түсіндім.
Диплом алды практиканы «Көкшетау-Энерго» ЖШС Шығыс ААЭЖ өттім, мұнда дипломдық жұмыстың тақырыбымен көмектесті. Колледжді тәмамдағаннан соң осы кәсіпорынға қайтып оралдым, мені сынау қызметі және қосалқы стансаның электр жабдықтарын жөндеу электр монтері ретінде қабылдады.
Менің алғашқы тәлімгерім бірінші практикалық дағдыларды алған ҚСЖжЖСБЖҚ (Қосалқы стансаны жөндеу және жабдықтарды сынау бойынша жергілікті қызмет) бастығы Кабаков Виктор Иванович болды. Ол кезде менің жалақым төмен болды, бірақ жұмыстың қызықты әрі тартымды болғаны соншалықты жұмыс күні қалай аяқталғанын байқамайсың да. Мысалы, түске дейін трансформатор жөндеумен айналыссақ, түстен кейін жоғары вольтты сынаулар өткізу үшін электр техникалық лабораторияға барамыз.
Электр монтер жұмысының екі жылы ішінде кәсіпорынның электр жүйелері жұмысының барлық құрылымын білдім. Бәрінен бұрын мені жедел персоналдың жұмысы қызықтырды, 2006 жылы Щучинск ауылдық электр жүйелері АДПдиспечері лауазымына ауыстырды. Менің қызметіме «Щучинская» 110/35/10 кВ ҚС ауыстырып қосулар мен персоналды жіберуді орындау, ӘС және КТҚС 10/0,4 кВ жөндеуге шығару, жұмыс өндірісі үшін персоналды жіберуге рұқсат беру кірді. Сол кезде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетке сырттай оқуға түстім. Бұл жоғары оқу орынын колледждегі оқытушыларымның кеңесі бойынша таңдадым, Қарағандыны әжем тұрған соң және жиі қонаққа барып тұрған соң жақсы білдім.
Үш жылдан кейін мені «Көкшетау-Энерго» ЖШС Шығыс ААЭЖ жедел-диспечерлік қызметке (ЖДҚ) ауыстырды. Өзінің білімі мен тәжірибесін бере отырып жас мамандарға көмектескен және қамқоршы болған ЖДҚ бастығы Решетняк Геннадий Петровичті құрметпен есіме аламын. Мен үшін бұл жақсы еңбек мектебі болды.
2011 жылы үйлендім де Астанаға келдім. Түйіндемемді бірнеше энергетика ұйымдарына жібердім. ОДҚ жедел оператор талап етілетін АЭҮК жауап келді. Жұмыс маған таныс болды да келісе кеттім. Ал осы лауазымда екі жыл жұмыс істегенде қызметті басқаруды ұсынды.
Ұсыныс қызығарлықтай болды, бірақ кеудесоқтық кеудесоқтықпен, ал басшылық лауазымында менің тәжірибем болған жоқ, сондықтан мен көп күмәндандым. Сол кезде қолдағандары үшін әріптестеріме көп рақмет, компания басшылығы да жауаппен асықтырмады. Ақыры алға жылжу керек деп шештім де ұсынысты қабыл алдым. Басында өте қиын болды. Біреудің берген бұйырығын орындау басқа да, оны басқаға беру мен өздігіңнен шешім қабылдау бір басқа. Бірақ ұжымым мен аға әріптестердің қолдауларын әрқашан сезіп жүрдім және бұл маған күш пен сенімділік берді.
Менің басты тәлімгерім және ұстазым осы күнге дейін ОДҚ аға диспечері Федоров Владимир Васильевич болып қалады. Бұл адамның мойынында әртүрлі лауазымының, соның ішінде ОДҚ бастығының орасан зор тәжірибе бар. Ол жедел персоналдың бір ғана буынын дайындап, үйреткен жоқ. Қызметтің қаланған күнінен бастап еңбек етіп келе жатқан аға коммерциялық диспетчер Голяков Виктор Ивановичты атамай кете алмаймын.
- Сіз үшін жұмыста басты не?
- Ұжымның қалыпқа келтірілген жұмысы мен шапшаң тәртіп.
- Адамның қандай қасиетін бағалайсыз?
- Адалдық, ақыл, нық сенімжәне жауапкершілік.
- Қызметіңізде жастар да, егде тартқан қызметкерлер де жұмыс істейді. Қандай жастағылармен жұмыс істеу жеңіл әрі өнімді?
- Өнімділік жасы кедергі емес. Әр қызметкерімді құрметтеймін және бағалаймын, жасы маңызды емес. Адам өзінің талап етілетінін көрсе, оны құметтейтінін және оның пікірімен санасатынын сезсе, онда жұмысқа деген қатынастары да басқа, ұжымда атмосфера да жайлы болады. Ол өнімділікті жоғарылатудың басты факторы болып табылады.
- Жақсы басшы қандай болуы керек?
- Ол өзі айналысып отырған істі білуі және жақсы көруі, сондай-ақ өзі мен өзіне бағыныштыларға талап ете білуі керек. Тағы басшы үшін қабылдаған шешімдеріне бір ізді болу маңызды.
- Сіздің жағдайыңызда бәрін тастап және аса тыныш жұмысқа кету кездер болды ма?
- Ондай кездер болған жоқ, қиындық кез келген жұмыста бар ғой, жай ғана оларды шешу тәсілін табу керек.
- Біліктілігіңізді қалай жетілдіресіз?
- Маған және қызметкерлеріме әрдайым ауысып отыратын жаңа қағидаларды, нұсқаулықтарды, ережелерді және регламенттерді оқып отыруға тура келеді. Осылай біліктілігімізді де жоғарылатамыз. Енгізіліп жатқан барлық жаңашылдыққа бет алуға тырысамыз, айталық, ресейлік профилдік компаниялардың сайттарын қараймыз.
Жыл сайын қызметкерлерімнің біліктіліктерін жоғарылату курсына өтінім беремін, алайда әлі ештеңе жоқ. Менің өзіме осындай курсты бірнеше жыл бұрын Новосибирскіде өту бұйырған.
- Отбасыңыз жайлы айтыңызшы.
Менің отбасым – олар анам Лидия Михайловна, жұбайым Марина және қызым Алина - ол 3 жаста, сондай-ақ Москвада тұратын және жұмыс істейтін қарындасым Ксения. Әкем өмірден ерте озды, ал анам Щучинскіде тұрады, отбасыммен жиі әр демалыс күндері мен мереке күндері барып тұрамын.
- Қалай демаласыз, спортпен айналысасыз ба?
- Мен үшін жақсы демалыс - ол үйім мен отбасым. Бәріміз бірге табиғатта демалғанды жақсы көреміз және ауа райы жақсы болғанда қаладан қашық ауасы ерекше орманға шығуға тырысамыз. Егер олай болмаса, онда жай ғана қала бойынша серуендейміз. Спортқа қатысты айтсам, достарыммен тренажер залына барамыз немесе бильярд ойнаймыз.
Уақыт зымырап өтіп жатыр, Борис Синицкий басқарып отырған ОДҚ осы төрт жылда айналасы көп өзгерді, өзі де өзгерді. Жылдар оған байсалдылықты қоспады, ол солай спорт тұлғалы және жинақы, әйтсе де тәжірибе мен сенімділік және таңдаған жолының дұрыстығы келді. Тағы бағыныштыларының сенімдері мен әріптестерінің құрметтері. Ал бұл қымбат.
2016 жылы Борис Синицкий Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Міне, Әрекет ету қызметінің бастығы осындай жан!
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі