Басшы болу үшін адам қандай қасиеттерге ие болуы керек? Психологтар бірінші кезекте сау менменшіліктің қажет екеніне сендіреді.
2000жылы Михаил Мяло орта мектепті бітірді және оның көптеген сыныптастары сол кезде ең талап етілген және ең сәнді қаржыгерлер мен заңгерлер мамандықтарына тапсырғандарына қарамастан, «электр байланысы» мамандығын таңдап С.Сейфуллинатындағы Аграрлық университеттің энергетика факультетіне түсті.
Нақты мамандық таңдауға энергетикаға тікелей қатысы бар оның әкесінің шешуші рөлі болды. Валерий Григорьевич Мяло өндірістік кәсіпорындарда 0,4 кВ ішкі жүйелерді қамтамасыз етумен айналысатын ҚТЖ МТЖ 20 жылдан астам жұмыс істейді. Ол баласының техникаға қызығушылығын тудырды, дәнекерлегішті дұрыс қолдануды және шағын сызбалардан транзисторларды ажырата білуді үйретті. Техникалық жоғары оқу орынына құжаттарын тапсырғанда Михаил техникалық білім бүгін болмаса, ертең талап етілетінін парасатты шешіп, өзінің таңдауының дұрыстығына бір сәтке де күмән келтірмеді.
Алғашқы практикасын ол қалада кабель сызықтарын салумен айналысқан «VNS» ЖШС меншікті ұйымында өтті. Бұл жақсы тәжірибе болды да ол байланыс кабель сызықтары құрылысында құдықтардың не үшін керектігі өмір бойына есте сақталып қалды. Михаил жеке ұйымды әдейі таңдап алды, себебі сол жылдары «Қазақтелеком» АҚ мамандыққа байланысты емес жұмыстарды тапсырып практиканттарға үстіртін қарады.
Университетте оқыған жылдар бойы жазғы каникулдарда Михаил қосымша жұмыс істеуге тырысты және кез келген уақытша жұмысқа орналасты. Сол кезде оның күнделікті жұмсайтын ақшасы болды. Ақша табу әдетімен бірге бірте-бірте еркіндік сезімі мен өзіне деген сенімділік келді.
Өзінің диплом алды практикасын Михаил «АЭҮК» АҚ өтті, осы жерде оған дипломдық жұмыстың тақырыбымен көмек берді. ДжТБҚ ОҚ бастығы Виталий Иванович Сокуренко келешек студентке түсіністікпен қарады және диплом үшін өзекті тақырыпты таңдауға көмектесіп қана қоймай, барлық қажетті материалды жинауға да көмек берді. «Астана-Астраханка «АЭҮК» АҚ үшін радиорелейліктің құрылысы» атты дипломдық жұмысын қорғау «өте жақсы» бағаға өтті, ал жоба, сол кезде әзірлеу сатысында болған, кейін іске асырылды.
Диплом қорғаған соң бірнеше күннен кейін Михаилді «АЭҮК» АҚ шақырды және ДжТБҚ ОҚ ТБС секторы радио құрылғыларының инженері жұмысын ұсынды. Осылай оның энергетикада мансабы басталды.
Мамандық таңдауда қателеспегенін Михаил жұмысқа кіріскенде түсінді. Алғашқы айлар жас маман үшін аса қиын болды, себебі бір ғана ДжТБҚ жабдығы мен байланыс сызықтары бағыттарын зерттеу көп уақытын алды. Сол кезде оның тәлімгерлері «АЭҮК» АҚ ДжТБҚ ОҚ бастығы Виталий Иванович Сокуренко, «АЭҮК» АҚ ДжТБҚ ОҚ бастығы Галина Николаевна Ганоль, АААЭЖ ДжТБҚ С бастығы Валентин Григорьевич Шарпак, АААЭЖ ДжТБҚ С жетекші инженері Виктор Тарасович Мельников, АААЭЖ ДжТБҚ С радио байланысының электр монтері Владимир Михайлович Блинов және басқалар болды. Михаил Валерьевич бүгінгі күнге жеткенін көбінесе осы адамдардың қолдауының арқасында деп санайды.
Бір жылдан кейін Михаил Мяло жетекші инженер, 2008 жылы – қызмет бастығының орынбасары, ал 2015 жылы – ДжТБҚ ОҚ бастығы болып тағайындалды.
«АЭҮК» АҚ бас инженері Александр Павловтың пікірінше, Михаил Мяло – жауапты әрі сауатты қызмет бастығы. Оның басшылығымен ДжТБҚ ОҚ үлкен өзгерістер болып жатыр: жабдықтар жаңартылуда, қазіргі заманғы байланыс техникалық құралдарын қолдану негізінде өндірістік процеспен жедел басқарудың әдістері жетілдірілуде.
- Михаил Валерьевич, Сізді ДжТБҚ ОҚ бастығына тағайындағанда қорқыныш болмады ма?
-Менің алдымда енді басқа, басшылық пен өзімнің бағыныштыларымның алдында аса масштабты міндеттер мен зор жауапкершіліктің тұрғанын жай түсіндім. Ұжымда жас ерекшеліктері әртүрлі адамдар. Басшы ретінде менің парызым әрқайсысының бабын табу . Аға буыннан әрқашан бір нәрсеге үйренесің. Жас мамандарға қатысты айтар болсам, біз өз тәжірибелерімізбен, олар бізбен университетте алған қазіргі заманғы білімдерімен бөліседі.
- Бағыныштылары құрметту үшін басшының қандай қасиеттері болуы керек?
- Парасат пен ақыл, оларды ешкім өзгерткен жоқ (күледі). Әйткенмен, жақсы басшы ең алдымен жоғары білікті және құзыретті маман, сабырлы және ұстамды адам болуы керек. Ол бағынышты маманына ешқашан дауыс көтермеуі керек (күледі). Жақсы ұжым – бұл жалпы міндеттерді шешуге күш жетерлік салым енгізумен әрқайсысы өз ісімен айналысатын үйлесімді команда. Және басшының міндеті әрбір инженер, әрбір маман өзінің құнды әрі маңызды екенін сезінуіне мүмкіндік беру. Николай Михайлович Ламонов бірде айтқан: «Басшы ең алдымен психолог болуы, әрбір адамды түсінуі, оның мінез-құлқын білуі керек». Сондықтан мен өз қызметкерлерімнің проблемаларына әрқашан түсіністікпен қарауға тырысамын, ал олар өз кезегінде мені қолдайды. Мұндай бір бірімізге деген қарым-қатынастарсыз командамыз құрылмас еді.
- Адамдарда қандай қасиеттерді бағалайсыз?
- Адамдарда жауапкершілікті, жұмысқа адал көзқарасты, адалдық пен парасаттылықты бағалаймын.
- Сіздің сүйікті кітабыңыз (егер бар болса)?
- Кітап оқуға еліктемеймін - уақыт жоқ, сондай-ақ барлық қызықты және қажеттіні Интернеттен табуға болады.
- Сіздің сүйікті тобыңыз немесе орындаушыңыз?
- Нақты сүйікті әншілерім, топтарым жоқ, жай музыка мен мән-мағынасы бар әнді, ретро әндерді көп тыңдауды жақсы көремін.
- Сіздің сүйікті нақыл сөздеріңіз?
- Ричард Бах айтқан сөз: «Егер сен басқа ешкім жеңе алмайтын, кез келген, ең мүмкін емес бәлені жеңе алатын адамды тапқын келсе, айнаға жай қара да «Сәлем!» деп айт».
- Отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз
- Менің отбасым – бұл жұбайым Лидия, қызым Ксения және анам Зоя Михайловна. Бұлар өте жақсы көретін менің ең қымбатты жандарым. Қызым Ксюша ақпанда 5 жасқа толады. Адам өмірінде басты – ол отбасы деп санаймын.
- Жұмыстан бос уақытта немен айналысасыз (отбасымен бассейнге, тренажер залына бару, мұз астынан балық аулау және т.б.)?
- Жұмыстан бос уақытта отбасыммен қалада серуендегенді жақсы көреміз, кейде жексенбі күндері бассейнге барамыз. Балық аулауды, жазда қайықтан тікелей балық аулағанды жақсы көремін.
Осылай жас басшының портреті құрылды.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі