Александр Николаевич Чекушкиннің еңбек жолы кеңестік жұмысшы жастар үшін әбден типті.
Ол 1957 жылы Целиноград облысы Балқаш кентінде сол кезде көп отбасы болып саналатын екі аға мен әпкесі бар отбасында дүниеге келген. Әкесі Николай Петрович автобазада жүргізуші болып, анасы Валентина Яковлевна аурухана аспазшы болып жұмыс жасаған.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары елімізде ауыл шаруашылығын қарқындату басталған: колхоздар совхоздарға қайта ұйымдастырылды, шаруашылық есеп енгізілді, ауыл шаруашылық машиналарын жасау дамыды. Сол кезде Қазақстанның солтүстік облыстарының колхоздары мен совхоздарын электрлендіру басталды.
Сегізінші сыныптан кейін Александр Чекушкин Атбасар ауыл шаруашылығын электрлеу техникумына электрикке оқуға барды. 1975 жылы соңғы курс студентін Балқаш аудандық электр жүйелеріне диплом алды практикаға жіберді. Сол кезден Александр Николаевич Чекушкиннің еңбек жолы басталады. Оны қосалқы станцияның тобына ресми түрде тиісті еңбекақымен 2 разрядты электр слесарь етіп ресімдеп жұмысқа алды, тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгер бекітті. Кәсібіне алғашқы практикалық қадамдарын білгенін барлық студенттермен сүйіспеншілікпен бөлісетін Михаил Иванович Тувыкинмен бастады.
1976 жылы техникумді аяқтағаннан кейін Александр Чекушкин бірден әскер қатарына алынды. Екі жыл борышын өтеп келгеннен кейін туған кәсіпорынына оралды, МҚС бригадасына электр слесарь болып орналасты. Бригадирі Александр Николаевич осы күнге дейін бас тәлімгері әрі ұстазы санайтын еліміздің құрметті энергетигі Шик Владимир Андреевич болды. Олар бірге 7 жыл жұмыс істеді.
Өндірісті техникалық жетілдіруге қабілетті кез келген рационалау ойлар көтермеленетін өнер тапқыштар мен үлес қосушылар жылдары болды. Трансформаторлық майды кептіруге арналған қондырғыны қол астындағы құралдардан жасаған Владимир Шиктің бригадасы да назардан тыс қалмады. Бұған дейін майды бірнеше ондаған шақырым жерден тасыған болатын. 10/0,4 кВ жанған трансформатордың багын тауып, жандарынан екі патрон жасады да оларды цеолитпен толтырды. Сосын, оларды гидравликалық шлангалармен бекітіп, сорғыға қосты. Осылай, меншікті кептіру қондырғысы шықты.
Жылдар өтті, тәжірибелер жиналды. 1985 жылдың басында Александр Чекушкинді аға мастеріне ауыстырады, 1990 жылы – бас инженер, ал үш жылдан кейін Балқаш аудандық электр жүйелері бастығына тағайындайды.
Ол кәсіпорынды еліміз бен халықымыз үшін қиын кезеңде басқарды. Көз алдымызда ондаған жылдар бойы құрылғанның бәрі бұзылды. Алайда, адамдар еңбекақыларын алмастан жұмыс істеді. Электр үлкен үзіліспен берілді, кейде тіпті сөндірілді. Сол кезде «бартер» сөзі пайда болды. Қоймада жай ғана сымның да болмағанын және тұтынған электр энергиясы үшін совхоздардың азық-түлікпен толтырылған сөрелерді Александр Николаевич еске алады. Осындай өмірді бастан кештік.
Сонда көптеген мамандардың біреулері таяу жерлерге, енді біреулері алыс шетелдерге кетті. Ал Чекушкинге негізгі қызметкерлерді сақтап қалу қолынан келді.
Артқа қарап, Александр Николаевич осының бәрінен қалай өттік деп таң қалады?
Бүгінде Александр Николаевич Чекушкин – Есіл АЭЖ аудандық электр жүйелерінің үздік бастықтарының бірі. Ол кім жауапкершілікке дағдыланған және соңынан ере алатындарды басқарушы санатындағы адам. Ол туралы өзін әрқашан ұстай алатынын және кім болса да дөрекілікке жол бермейтінін айтады.
Әдетте, басшы туралы оның бағыныштыларының табыстары бойынша бағалайды. Сонымен, Сандықтау АЭЖ командасы бірнеше жыл қатарынан жыл сайын «АЭҮК» АҚ өткізілетін кәсіби шеберлер жарыстарының және 2013 жылы республикалық жарыстардың жеңімпаздары болды. Ал 2014 жылы ТМД елдері командалары арасында халықаралық жарыстарда компания атынан шығу құрметіне ие болды. Бұл фактілер өздері жайлы көрсетеді.
Александр Николаевич Ақмола облысы әкімдігінің, РҚ Индустрия және жаңа технология министрлігінің, Энергетика министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталды. 2006 жылы ол Аграрлық университеттің энергетика факультетін бітірді, сол кезде ол 50 жаста болатын. Жоғары білімнің қажеттілігі туралы ол бұрыннан білген, университетке түсуді мастер болып жұмыс істеп жүрген кезден ойлаған. Бірақ, сол кездегі жағдайларға байланысты бұл мәселені кейінге қалдыруға тура келген. 2007 жылы Александр Николаевич Чекушкинге «Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі», 2014 жылы «ТМД Құрметті энергетигі» құрметті атақтар берілген.
Ерлі-зайыпты Чекушкиндер екі қыз өсіріп, тәрбиеледі. Олардың үш немересі бар.
«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі