«АЭҮК» АҚ басқармасы аппаратында компанияның бас директоры М.М. Зулеевтің төрағалығымен өткен кеңесте 2015 жылға қатысты компания өндірістік қызметінің қорытындылары және 2016 жылға қатысты нормативтік-техникалық ысыраптарды сақтау сөз болды. Сондай-ақ ағымдағы инвестициялық жылдың негізгі міндеттері талқыланды.

Өткен жылға қатысты өндірістік бағдарламаны (күрделі жөндеу, инвестициялық бағдарлама) орындау қорытындылары бойынша есептермен компания филилалдары директорлары – Ақмола ААЭЖ директоры – К.Т. Кулдугушев, Степногорск ААЭЖ директоры – А.А. Стригун және Есіл ААЭЖ директоры – А.Л. Гирин сөз сөйледі. «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС директоры Е.С. Смык 2015 жылға қатысты энергияны өткізу компаниясы қызметінің нәтижелері жайлы есеп берді.  

Есеп берулер бойынша жарыссөздерде «АЭҮК» АҚ Бас директоры М.М. Зулеев сөз сөйледі. Ол өз алдына жас кадрларды тарту және тәлімгерлікті ұйымдастыру мәселелерін қозғады.

2015 жылға қатысты инвестбағдарламаны орындау қорытындылары бойынша Бас директордың стратегиялық даму және инвестициялық жоспарлау бойынша Бірінші орынбасары Ж.Х. Гислер және Бас директор орынбасары – бас инженер А.В. Павлов өз ескертпелері мен толықтыруларымен бөлісті. Жарыссөздерде сонымен қатар Бас директордың үлестіру бойынша орынбасары– В.П. Чернокоз бен қаржы бойынша орынбасары– И.И. Копышта сөз сөйледі.        

Кеңестегі  күн тәртібінің соңғы тармағы 2016 жылғы су тасқыны маусымына арналды. Аталмыш мәселе бойынша Бас инженердің пайдалану бойынша орынбасары Б.А. Исенов энергетикалық нысандардың су тасқынына әзірлігі туралы есеп берді. Аса үлкен маңыздылығына қарай және Бас директордың «Су тасқынынан өту туралы» 08.01.2016 жылғы №1 бұйрығына сәйкес ААЭЖ диекторларына аталмыш мәселені жеке бақылауға алу ұсынылады.

Күн тәрбінің барлық тармақтары бойынша сәйкесінше шешімдер қабылданды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі