«АЭҮК» АҚ Степногорск ААЭЖ-да жас кадрларды дайындауға көп көңіл бөлінуде. Бұл жерде ақпан айында «АЭҮК» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған Жас мамандарды қолдау бағдарламасы шеңберінде Степногорск тау-кен техникалық колледжі студенттері үшін 220 кВ ҚС-ға экскурсия жүзеге асты.

Экскурсия басталмас бұрын студенттермен барлығы үшін міндетті болып табылатын танысу нұсқамасы жүргізілді. СААЭЖ ҚС қызметі бастығы Пилявец Евгений экскурсия жетекшілі рөлін атқарды.

Студенттердің энергетикалық кәсіпорынмен танысуы жедел-диспетчерлік қызметпен (ЖДҚ) танысудан басталды. Бұл жерде студенттерді жоғары вольтті кернеу желілерін жедел басқару бойынша қызмет бастығы  Тимошенко Александр мен ЖДҚ диспетчері Кравченко Владимир қарсы алды. Олар өз алдына қосалқы станциялар қызметіндегі диспетчер рөлі туралы сөз қозғап, Ақмола облысының төрт ауданында қуат көзімен қамтамасыз етуді басқару жүйесінің қалай жұмыс жасайтындығын көрсетті. 125 МВт қуаттылығына ие күш траснформаторларының көлемі мен шиналардың 110 кВ тармақталған жүйесі студенттерге ерекше әсер қалдырды. Экскурсия барысында болашақ энергетиктер оқулық беттерінен табылмайтын жаңа әрі қызықты көптеген ақпаратқа қанық болды: олар заманауи электр техникалық жабдықтарына және олардың қалай жұмыс жасайтындығына куә болды, және  өмірлерінде алғаш рет қосалқы станция қызметкерлерінің қаншалықты жауапкершілікке ие болғандықтарын ұғынды. Студенттер үшін ҚС-ның Степногорск тобына көрнекті рұқсат жүргізілді. Содан кейін олар қысқы шарттардағы техникалық қызметкерлердің оқу жұмыстары өткізілетін техникалық кластарды көріп шықты.  

Экскурсия студенттерге ерекше ықпал етті, және де олардың таңдаған мамандық туралы түсініктері шеңберінің кеңейгені сөзсіз. Студенттердің экскурсия жетекшілеріне қойған сұрақтары аз болмады. Оларды шынымен-ақ барлығы қызықтырды: қызметкерлер жұмысқа қалай келеді, қалай демалады, жас мамандар қандай мөлшерде жалақы алады және оларға сыйақы беріле ме, біліктілікті жоғарылату мен мансаптық өсім үшін қандай шарттар ұсынылады деген сұрақтар өз жауаптарын тапты.

«Аталмыш экскурсиялар мектеп оқушылары мен студенттер арасында электр энергетикасына қатысты қызығушылықты арттыруға және мамандық таңдауда әрбір жастың өзі шешім шығара алуына ықпалын тигізеді. Кәсіпорында жастарды техникалық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың толыққанды кешені жасақталған. Бір жыл ішінде «АЭҮК» АҚ әлеуметттік серіктестігі туралы орныққан шарт шеңберінде жобаларды дамытуды жалғастыратын боламыз», - деп хабарлайды «АЭҮК» АҚ ҚЖБ бастығы Галия Исмагамбетова.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі