«АЭҮК» АҚ-да  «АЭҮК» АҚ және ААЭЖ өндірістік-техникалық қызметтерінің басшылары мен ААЭЖ техникалық жетекшілерінің өндірістік кеңесі өтті.

Күн тәртібіне ААЭЖ есептері, «2015-2016 оқу жылы қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру», «2015 жылғы жөндеу науқаны кезінде қызметкерлер тарапынан ТҚ талаптарының орындалуын қорытындылау туралы», «Нормативті-техникалық құжаттарға түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы» баяндамалар қойылды.

Өткен жылғы жасалған жұмыс туралы ақпаратпен Степногорск, Ақмола және Есіл ААЭЖ бас инженерлері С.В Шульга, Н.М. Ламонов және А.НПлахотник сөз сөйледі. Олар 2015 жылғы қайта құру және күрделі жөндеу бағдарламаларының орындалу қорытындылары және жаңа инвестициялық жылға белгіленген жоспарлар туралы есеп берді.

ААЭЖ бас инженерлерінің есеп беруі бойынша жарыссөздерде «АЭҮК» АҚ ЭТҚ және ӨТҚ қызметтерінің жетекшілері А.В. Сырвачев и Б.С. Кауланов есептерде көрсетілген ақпараттар бойынша өз толықтырулары мен ескертпелерін қосып, сөз сөйледі. Сонымен қатар олар ЭТҚ және ӨТҚ қызметтеріне қайта құру немесе жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейінгі және кейінгі энергетикалық нысандардың фотосуреттерін ұсыну қажеттілігін ескертті.

«АЭҮК» АҚ оқу орталығының бастығы А.В. Садовский жыл басынан бастап «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС-мен бірлесе отыра курсанттардың 25 тобы жасақталғаны туралы  хабарлады. Топтардағы сабақтар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

2015 жылғы жөндеу науқаны кезінде техникалық қауіпсіздік (ТҚ) талаптарын орындау нәтижелері туралы «АЭҮК» АҚ ҚжЕҚҚ бастығы Г.Н. Ганоль баяндамасында айтылды. ТҚ және еңбекті қорғау (ЕҚ) ережелерін сақтауды тексеру қызмет тарапынан бекітілген жоспар бойынша да, кенеттен де жүзеге асты.  

2015 жылы ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардағы өзгертулер және түзетулермен кеңес қатысушыларын бас инженердің пайдалану бойынша орынбасары Б.А. Исенов таныстырды. Жекелей алғанда, Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары өзгерістке түсті: 22 тармақтың 18 тармағы ғана қалды. Бұдан бөлек, актіде комиссия құрамынан ТЖ жөніндегі департамент өкілдері алынып тасталды. Кейбір өзгертулер мен түзетулер Біліктілікті тексеруді жүргізу қағидаларына енді.  

Жаңадан қосылған тұтынушылармен техникалық құжаттаманы алу, ресімдеу және ұйғару қағидалары туралы қатысушыларды жөндеу бойынша бас инженердің орынбасары С.А. Байков таныстырды. 35-110 кВ ҚС және 0,4-10 кВ бөлгіш жүйелерін қайта құру немесе жаңадан салу жұмыстарының аяқталуына байланысты іске қосуды ресімдеу бойынша қандай құжаттардың талап ететіндігі туралы нақты мәліметтер берілді. Сөз сөйлеуші «АЭҮК» АҚ электр жүйелеріне тұтынушы жаңа қуаттардың қосылу тәрібі туралы ереже» және оның орындалуын зерттеу  қажеттілігін ескертті («АЭҮК» АҚ-ның 2015 жылғы 27 қарашадағы №65 бұйрығына сәйкес).

0,4-10 кВ жүйелерін қайта құру және құру кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына ААЭЖ және АЭЖ, сәйкесінше қызмет жетекшілері тараптарынан бақылауды күшейту қажеттілігі туралы «АЭҮК» АҚ Бас директорының кеңесшісі В.А. Баранов  мәлімдеді. Оның тарапынан ТҚ және ТПҚ білімдеріне қатысты жерлерде біліктілікті тексеру жайлы  ескертулер айтылды.

ОДҚ бастығы Б.Б. Синицкий өз сөзінде ААЭЖ бөлімшелерінде «2014 жылғы 31 желтоқсандағы №60 «АЭҮК» АҚ өкіміне сәйкес жедел тәртіпті күшейту бойынша қалыпты режим мен шараларды жүргізу нұсқаулықтарының» орындалуы туралы айтты. Сонымен қатар ОДҚ бастығы тарапынан қосалқы станцияның қор жабдықтарын қызметке дайындау бойынша іс-шараларды, ажыратқыш қорғаушылары мен жетектерін апаттан кейінгі тексеру жұмыстарын жүргізу жоспары, жабдық ақауларын жою мерзімдері, орындарда кадрларды дайындау және өзге де мәселелердің орындалуына қатысты сәйкесінше ұсыныстар берілді және ескертпелер айтылды.