Ақмолаоблысының астана маңайындағы аумағында тұрғындар санының айтарлықтай өсімі және шағын әрі орта бизнестің дамуы байқалуда. Жаңа нысандардың құрылуы мен іске қосылуына байланысты тұтынушылар электрмен жабдықтау желілеріне қосылу мәселелеріне жиі соқтығысуда. Осыған байланысты түсінік беру мақсатында біз «Ақмола ЭҮК» АҚ техникалық шарттарды әзірлеу және беру секторының бастығы Слащева Иннаға жүгіндік.

- Техникалық шарттардың не екенін және қандай жағдайларда тұтынушылар техникалық шарттарды сұратуы қажеттігін айтасыз ба?

Техникалық шарттар (ТШ) – электр желілеріне қосылуды жүзеге асыру үшін қажетті техникалық талаптар. ТШ электр желілеріне қолжетімділікке ие болу үшін қажет. Тұтынушылардың электр қондырғыларына қосылу немесе жобалау үшін қажетті ТШ желілері энергия беруші ұйым желілеріне қайта іске қосылатын электр қондырғыларының қосылуы, нысанмен тұтынылатын шартты электр қуаттылығының артуы, сыртқы электрмен жабдықтау сызбасының өзгеруі, электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша желі тұтынушылары санаттарының өзгерісі жағдайларында беріледі.

- Қандай жағдайларда ТШ талап етілмейді?

- ТШ нысан иесінің ауысуы кезінде, сонымен қатар тіреулер нумерациясы, электр беру желілері, трансформаторлық қосалқы станциялар қуаттылығының өзгеруімен байланысты нысанның сыртқы электрмен жабдықтау сызбасының өзгеруі кезінде, электр беруші ұйымның күштерімен электр желілері қайта құрылысын жүргізу кезінде қажет етілмейді.  

- ТШ-ға қалай қол жеткізуге болады? Ол үшін қандай құжаттар керек?

- Ол үшін төмендегі мекенжай бойынша тұтынушыға жобалау мен қосылу бойынша ТШ-ны беруге қатысты сауалнаманы толтыру керек: Астана қаласы, Циолковский көшесі, 2-үй, № 107 кабинет, тел.37-46-90 немесе тұтынушының электр жабдықтарының қосылуы жоспарланатын электр желілерінің аймақтық қатыстылығына сәйкес «АЭҮК» АҚ құрылымдық бөлімшелері – ауданаралық электр жүйелері (ААЭЖ) немесе аудандық электр жүйелері (АЭЖ). Сауалнамаға тұтынушы төмендегі құжаттарды қоса беруі тиіс:

  • жеке тұлғанының тұлғалығын куәландыратын құжаттар көшірмесі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі жөнінде анықтама көшірмесі немесе жеке кәсіпкер куәлігі;
  • жағдай жоспары (қайта енгізілетін нысан жағдайында);
  • жеке немесе сараптау ұйымын тарту негізінде орындалған ұсынылатын электр қуаттылығының есеп-негіздемесі (қайта енгізілетін нысан, қуаттылықтың артуы жағдайларында);
  • электрмен жабдықтау нысанына қатысты құқық белгілеуші құжаттар;
  • 5 МВт және одан да көп электр жадықтарының есептілік қуаттылығы бар тұтынушылар өтінішке жобалық қызметпен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалық ұйыммен жасақталған тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау сызбасын қосады.

- ТШ-ны алу үшін өтініштер қай жерде толтырылады?

- Өтініштер тұтынушының электр жабдықтарының қосылуы жоспарланатын электр желілеріне аймақтық қатыстылығына сәйкес басқарма аппаратында, «АЭҮК» АҚ ҚБ-да (АЭЖ, ААЭЖ) жауапты тұлғалармен қабылданады.  

- ТШ-ны алу мерзімдері қандай?

- Тұтынушыдан өтінішті алғаннан соң ТШ-ны беру сұралатын қуаттылыққа байланысты 5-тен 15-ке дейінгі жұмыс күндеріне созылуы мүмкін. Тұтынушы техникалық шарттар дайындығының қандай  кезеңде тұрғандығын техникалық шарттарды әзірлеу және беру секторына хабарласу арқылы біле алады.

- ТШ-ның әрекет ету мерзімі?

- ТШ-ның әрекет ету мерзімі 1.02-01-2008 ҚР ҚН жобалау нормаларына, 1.04.03-2008 ҚНжЕ құрылыс ұзақтығы нормаларына сәйкес анықталады, бірақ екі жылдан аспайды. ТШ-ның әрекет ету мерзімін ұзарту үшін тұтынушыға «АЭҮК» АҚ-ға немесе бөлімшелердің біріне қолданыстағы ТШ-ның әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 30 жұмыс күні ішінде жазбаша өтініш жіберуі керек.

- Энергия беруші ұйым қызметкерлері ТШ-ны алу тәртібін бұзған жағдайда не істеу керек?

- Тұтынушылар ТШ-ға қол жеткізудің тегін екенін білуі керек. ТШ-ны алу тәртібін бұзушы қызметкерлер немесе қате ақпаратты бұзатын қызметкерлер ҚР заңнамаларына сәйкес компания алдында тәртіптік және материалдық жауапкершілікті өтейді.

- ТШ-ны алу тәртібінің бұзылуымен соқтығысқан тұтынушы қалай әрекет етуі тиіс?

-  «АЭҮК» АҚ тұтынушыларын аталмыш жағдайлардан қауіпсіздендіру үшін Компанияда жемқорлықпен күрес бойынша жедел желі жұмыс жасайды. Сонымен қатар тұтынушы www.arek.kz желісіне хат жаза алады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі