Басқарма аппаратының  кадрлармен жұмыс істеу басқармасы және «АЭҮК» АҚ мен «АЭҮК-Энергосбыт» ЖШС филиалдары қызметкерлері, сонымен қатар компанияның келісім комиссиясы мүшелері «АzatCompany»ЖШС тарапынан ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жаңа редакциясымен танысу жөніндегі семинарға қатысты.

Мәлім болғандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ҚР Президентінің Ұлт жоспарын орындау бойынша «Жүз қадамда» тұжырымдалған тапсырмасына сәйкес, жаңа Еңбек кодексі (ЕК) өз күшіне енді. Еңбек кодексінде орын алған өзгерістерді түсіндіруде семинар лекторлары ретінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының техникалық инспекторы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс сарапшысы – Астана қ. бұрынғы мемлекеттік еңбек инспекторы, сонымен қатар қалалық мемлекеттік құрылымдардың бірінің және жеке фирмалардың кадрлар бөлімі бастықтары сөз сөйледі.

Семинар жұмысы барысында жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жиі туындайтын практикалық жағдайлар және олардан шығу жолы қарастырылды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы алғашқы кәсіподақтық ұйымдардың төрайымдары – әйелдер үшін ҚР Еңбек кодексінің жаңа ережелерін түсіндіру бойынша семинар-тренингті ұйымдастырды. «АЭҮК» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Валентина Пенькова жаңа ҚР ЕК-ге қатысты үздік білімдерді анықтаудағы семинардың блиц-сұрақтары бойынша жеңімпаз атанды.

Жаңа кодекспен әсіресе экономикадағы дағдарыс жағдайлары шарттарындағы еңбек шартының талаптарын өзгерту шаралары жеңілдетілді. Жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында кәсіпорын қызметінің тоқтап қалуы кезінде қызметкерді уақытша ауыстыру шарттары мен мерзімдері өзгертілді; ұйымның экономикалық күйінің нашарлауына алып келген өндіріс көлемінің, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің төмендеуі жағдайында жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуға қатысты негіздемелері  енгізілді; мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбекке тарту мәселелерін шешуде кешенді амал қарастырылды; еңбек ақысын төлеу жүйесін таңдауға қатысты амал өзгертілді; қоғамдық бақылау аясы күшейтілді; жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары аясына мемлекеттің араласу шектері анық айқындалған; олардың рөлдері мен жауапкершілігі белгіленген. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынастар бірінші кезекте өзін-өзі реттеу қағидаттарына құрылатын болады, жұмысқа алу, кадрлық алмасу және қызметкерлердің жұмыстан шығуы, жұмыс уақыты, олардың еңбек шарттары мен ақылары және т.б. аялардағы жұмыс беруші мен жұмысшы арасында орнатылатын және ұжымдық келіссөздердің әлеуеті күшейтілген. Бұдан бөлек, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жеке бұзушылықтарына қатысты айыппұл шаралары күшейтілген және жоғарылатылған.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі