«АЭҮК» АҚ энергетикалық нысандарында 2016 жылдың инвестициялық бағдарламасы шеңберінде іс-шаралардың жүзеге асуы жалғасып жатыр. Олардың қатарына «Жолымбет» 220/110/35/6  кВ қосалқы станциясы (ҚС) мен «Шортанды» 110/35/10 кВ ҚС-дағы қайта құрылыс жатады. Екі қосалқы станция да 1964 жылдан бастап пайдаланылып келеді әрі өз пайдалану мерзімін әлдеқашан өтеді. 

Шортанды ауданының Жолымбет ауылында орналасқан «Жолымбет» 220/110/35/6 кВ ҚС сол және оң – ӘЖ-220 кВ бойынша «ЦГПП – Степная», ӘЖ-110 кВ бойынша «ЦГПП – Шортанды» электр энергиясы ағындары жүзеге асырылатын негізгі қосалқы станция болып табылады. Оның негізгі тұтынушыларына Жолымбет ауылы жән «Қазақалтын» АҚ кәсіпорындары – Орталық шахта және № 6 тау-кен байыту фабрикасы жатады. Бұдан бөлек, ҚС электр энергиясымен көршілес Ерейментау ауданының үлкен бөлігін де қамтамасыз етеді.   

2013 жылы қосалқы станцияда қайта құру жұмыстарын жүргізу барысында МКП-220  типті МВ-220 кВ майлы ажыратқышы ЭВ-220 кВ элегазды ажыратқышына ауыстырылды. ӘЖ-220 кВ жанынан тіреулер ШМ-220 кВ тіреу оқшаулағыштарына монтаждалды,  НАМИ-6 кВ қондырғысы бар НТМИ-6 кВ екі кернеу трансформаторы ауыстырылды. 

2015 жылы бұл жерде ЛР-220 кВ, ШР-220 кВ, НКФ-220 кВ және ТВТ, ТФЗМ  220 кВ ток трансформаторларының жоспарлы күрделі жөнделуі, сонымен қатар АТ-3 (АТДЦТН-63000/230/121) автотрансформаторының ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар Степногорск ААЭЖ мамандарымен орындалады. Ажыратқаштарды ауыстырумен цех бастығы Канкенов Сержан және электрослесарьлар – Семерней Александр мен Давыдов Александр бастаған электротехникалық жабдықтарды жөндеу бойынша цех бригадасы жүргізеді. Бүгінгі таңда олар оң және сол «Шортанды» ұяшықтарында МВ-110 кВ майлы ажыратқыштарын ВЭБ-110 М типті 110 кВ элегазды ажыратқыштарға ауыстыру бойынша жұмыстарға кірісіп кетті. Параллельді түрде «Шортанды – сол жақ тізбек» ажыратқыштарын қорғауды орап байлау және баптау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ажыратқыш барлық сынау жұмыстары аяқталған соң қайта іске қосылатын болады.

РҚА екінші реттік тізбектерін жөндеу бойынша РҚА қызметінің бастығы Блохин Юрий, инженерлер – Заикин Андрей, Коростылев Дмитрий және Антонов Иван бастаған РҚжА бригадасы айналысты.

«Шортанды» 110/35/10 кВ қосалқы станциясы Шортанды аудан орталығын және жақын орналасқан елді мекендерді, ӘЖ-110 кВ бойынша «Петровка» 110/35/10 кВҚС және ӘЖ-35 кВ бойынша «Раевка» 35/10 кВҚС-ны электр энергиясымен қамтамасыз етеді, сонымен қатар ӘЖ-110 кВ бойынша ЦГПП-500 кВ, «Алексеевка» ҚС және «Жолымбет» ҚС-мен транзиттік болып табылады.

2012 жылы ҚС-да жоспарлы күрделі жөндеу жұмысы өтті, оның барысында шоғырсымды каналдар монтаждалды, УКП  және ОРzS-300 аккумуляторлы батареялары орнатылды, сонымен қатар ИОС 110/400 ЛР-110 кВ РОСШ-110 кВ-ға және 110 кВ желілік порталдарындағы  ҚС-70 толыққанды ауыстырылды.

2014 жылы қосалқы станцияда қайта құру жұмыстары жүргізілді: ЭВ 35 кВ ажыратқыштары бар ОРУ 35 кВ құрылды, ЭВ-35 кВ және ТН-35 кВ-ге дейінгі қорғаныс панельдері мен шоғырсымды каналдары жөнделді, Т-1 трансформаторы ауыстырылды және ТМ-6300/110 кВ күш трансформаторының демонтажы мен 110/35/10 кВ кернеу санатымен ТДТН-10000/110 кВ монтажы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қайта құру жұмыстары бойынша іс-шаралар 2016 жылы да жалғасын тауып келеді. Жұмыстар Желиба Геннадий және Чечерин Николайдың жетекшілігімен Степногорск ААЭЖ және Шортанды АЭЖ қосалқы станциялары тобы бригадаларының күшімен жүргізіліп келеді. «Жолымбет оң» ұяшығындағы ВБ-110М типті ЭВ-110 кВ ажыратқышын ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды, схемадан шығарумен «Резерв» ұяшығының демонтажы жүргізілді. «Жолымбет сол» және «Алексеевка» ұяшықтарында екі МКП-110 майлы ажыратқыштарын ВБ-110М типті ЭВ-110 кВ элегазды ажыратқыштарына ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарлануда.

Анатолий ХАБОВСКИЙ,
Шортанды аудандық электр жүйелері бастығы