Құрметті жеке меншік үйде тұратын Компания қызметкерлері!

Жылыту кезеңінің басталуымен қатты отынмен жанатын пештеріңізге қатаң назар аударыңыздар, өзіңізге де басқаларға да зардап әкелмеу үшін тәртіпке келтіріңіз. 

Көміртегі тотығы  (СО) – түссіз, иіссіз, дәмсіз газ. Таза күйінде ол өте әлсіз, әдетте жеңіл-желпі сарымсақ иісі бар. Адам тыныс алу кезінде сезінбейді, сондықтан улану байқалмайды. Көміртегі тотығы – көміртегі диоксиді пайда болғанға дейін көк жалын болып жанады. Қатты отынмен жанатын пештерде көмірдің  көгілдір жалыны әрқашан көмір қышқыл газдың бар болуының белгісі болып табылады. Түтінқұбырдың дұрыс істемеуі немесе пештің қақпағын мезгілінен бұрын жауып тастаған жағдайда осы газбен адамдардың улануы бірнеше рет орын алды.   Осыдан оның тұрмыстық атауы – тұншықтырғыш болды.  Көміртегі тотығы  – ең алдымен қанды, сондай-ақ жүйке жүйесін, бұлшық етті, жүректі уландыратын өте күшті у.

Басты қауіп-қатер көміртегі тотығы өкпе арқылы тез арада қан клеткаларына кіреді де оның құрамындағы оттегіні ауыстырады. Мұның нәтижесінде оттегінің аштығы (гипоксия) пайда болады. Қандағы оттегінің төмен болуына байланысты тұншығу орын алады.

Улану бензин қозғалтқышы жұмысында, табиғи газдың жануында, пеш жабдығы бұзылғанда, маңайдағы кейбір өндірістік объектілерде өрт болғанда болуы мүмкін. Көмір қышқыл газбен улану нәтижесінде өлімнің айтарлықтай саны нашар желдеткіші бар жабық орын-жайларда болады.

Жіті және созылмалы көмір қышқыл газымен улану сезімталдығындағы жеке айырмашылықтар өте үлкен. Жыныстық және жыныстық қатынсқа байланысты ерекшеліктері СО әсеріне байланысты анықталады: әйелдер бұл уланудың улы әсеріне ерлерге, ал балалар қарттарға қарағанда төзімді. СО тұрмыстық улану жағдайында ата-аналары қаза болып, емшектегі балалар аман қалған жағдайлар тіркелген. Әсіресе оған жасөспірімдер мен жүкті әйелдер сезімтал. Бронхит, демікпе, жүрек-тамыр аурулары, өкпе, бауыр аурулары, қан айналымы, диабет, анемия ауруларымен ауыратын адамдар, сонымен қатар темекі шегетіндер улануды ауыр көтереді.

Көмір қышқыл газбен уланғанда шұғыл көмек

Егер ауадағы көміртегі оксиді (10 мг/л астам) болса, адам есін бірден жоғалтады, сіңірі тартылады да қаза болады. Бірақ уланудың  симптомдары көбіне біртіндеп дамиды.

Уланудың ең алғашқы белгілері болғанда газдалған орын-жайдан бірден шығыңыз. Оларға көрудің төмендеуі, құлақтағы шу,  көзге жылтылдау, жүректің айнуы, есту қабілетінің төмендеуі, маңдай маңындағы жеңіл ауру, бас айналу, самай тамырының соғуы, жөтел, түшкіру, қозғалыс үйлестігі мен аналитикалық ойлаудың төмендеуі жатады. Ерекше шағымдар: «маңдай құрсаумен басылғандай».

Егер көміртегі оксиді газының әсері жалғасса жалпы әлсіздік дамып, тамыр соғысы жиілейді, құсу басталады, алайда адам есін жоғалтпайды, есту және көрнекі галлюцинацияларды ілестіретін қоздыру болуы мүмкін. Ол енжарлыққа апатияға, ұйқышылдыққа әкеледі. Одан әрі адам есін жоғалтады, терісі қызарады, көздің қарашығы кеңейеді.

Көміртегі қышқылы газының әрекетінен ауыз бен мұрынды дымқыл шүберекпен жабу арқылы өзін қорғауға болады деген қате пікір бар. Көміртегі оксидін не құрғақ, не дымқыл шүберекпен, не респиратормен, тіпті газ маскасымен ұсталмайтынын және ол оттегі мен көмір қышқылы газына ұқсас екенін   қатаң есте сақтаған жөн.

Демек, тәртіптің басты ережесі өзіңіздің жеке өміріңіз ғана емес, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардың өміріне де қамқорлық жасау керек.

Өрт болған жағдайда егер сіз қашықтық үлкен және тынысыңызды ұстай алуға, сонымен қатар бағытты жоғалтпайтыңызға және киіммен бірдеңеге ілінбейтініңізге сенімді болсаңыз ғана қалың түтін (10 метрден төмен көрінбейтін жер) арқылы қозғалуға болады.

Зардап шегушілерге көмек шапшаң әрі білікті болу керек. Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушіні мүмкіндігінше тез ауаға шығарып, зардап шегушіні тыныс алуға кедергі келтіретін киімнен босатылуы керек: денеге ыңғайлы болу үшін жағаны, белбеуді босату. Тыныштық талап етіледі, басы мен кеудесіне суық компресс қояды, алайда, бұл жағдайда организмнің салқындауынан сақтау керек.

Есте сақтаңыз! Оттектің жетіспеушілігіне әсіресе орталық жүйке жүйесі сезімтал, тез арада есін жоғалтуы, өмірлік маңызды функциялардың бұзылу мен жүректің тоқтауы мүмкін.

Жүрек қызметінің тоқтауының белгілері көз қарашығының кеңеюі, ұйқы артерияларындағы қан тамыр соғуының жоғалуы, тыныс алудың тоқтауы мен қалшылдаған сирек демалуы, рефлекстің жоқтығы болып табылады.

Тыныс алу тоқтағанда немесе тыныс алу бірден бұзылса жасанды тыныс жасайды.

Жүрек қызметін қалпына келтіру жүрекке тікелей массаж бен жасанды тыныс көмегімен болады. Массажды ырғақты, шұғыл түрткімен жасаңыз, екі қол алақанының жұмсақ бөлігімен 3-4 см шаншып басыңыз да қолды тез алыңыз. Жасанды тыныстың ырғағы осы ретте: кеуде клеткасын әрбір 57 рет басу өкпеге ауа жіберу жүрек қызметі мен тыныстың қалпына келуіне дейін.

Бастысы  – қатты отынмен жанатын пеш жабдықтарын ұстауда немқұрайлылық мерзімнен бұрын қазаға әкелетінін ұмытпаңыз.

«АЭҮК» АҚ
Азаматтық қорғаныс штабы