Қазіргі жағдайда терроризм барлық бағыттарда оған қажетті қарсы әрекеттерді анықтайтын ұлттық қауіпсіздік қауіп-қатердің бірі болып табылады.
Террорлық әрекетті, объектіні террорлық қорғау мен қауіпсіздіктің тиісті деңгейін сақтауды ескерту мақсатында және «Терроризмге қарсы әрекет туралы» ҚР Заңының 10-3-бабына сәйкес «АЭҮК» АҚ терроризм профилактикасы бойынша оқыту сабақтары (тренинг) жүргізілді. Сабақтың тақырыбы «Үй-жайларды тексеру техникасы, жарылыс құралдары қойылатын мүмкін орындарды айқындау».
Тренингті терроризмге қарсы әрекет пен ескертуге кәсіби топтар мен халықты оқытуға мамандандырылған жеке фирманың білікті нұсқаушылары жүргізді. Оқыту барысында келесі мәселелер бойынша білім алынды:
- терроризмге қарсы әрекет мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары;
- террористік қатынасқа күдіктілікке әкелетін объектілерді террористке қарсы қорғау;
- жарылыс құрылғыларының белгілері жайлы жалпы мәліметтер;
- жарылыс құралдары қойылатын мүмкін орындар, объектілердің үй-жайларын (аумақтарын) тексеру техникасы;
- террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда персоналдың әрекеті;
- көшіру іс-шаралары.
Оқытудан «АЭҮК» АҚ басқарма аппараты және Ақмола ААЭЖ басшылық құрамы мен қызметкерлері өтті.
Компания тренингісі аяқталғаннан кейін Сертификат берілді.
Асылбек Абильдин,
«АЭҮК» АҚ Азаматтық қорғаныс штабының бастығы.
Анықтама:
Терроризм – терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы.