Күз-қыс-көктем кезеңдері адамға табиғи қауіптінің бірі – су қоймаларындағы жұқа мұз.
Қатқан су қоймаларында қауіпсіз жерді анықтау тәсілдері:
- жалғыз жаяу жүргінші үшін – қалыңдығы 7 см кем емес жасыл немесе көгілдір түсті тұнық мұз;
- топтық жаяу жүргіншілер үшін – 15 см кем емес;
- сырғанақ жасау үшін – 25 см кем емес, бұл жағдайда су қоймасының тереңдігі 100-120 см жоғары болмауы керек;
- қалыңдығы 25 см мұз жеңіл автомобилді, 45 см – жүк автомобилін, 70 см – тракторды көтереді;
Мұз қалыңдығын өлшеу үшін бір-бірінен 5 метр қашықтықта өту жақтары бойынша шұңқыр қазады және оларды өлшейді.
Мұз үстіңгі (көмескі) және төменгі (тұнық әрі берік) болып екі қабаттан тұратынын білу керек. Нақты қалыңдығын үстіңгі қабатын қардан тазартып қана өлшеуге болады. Егер мұздың төменгі қабатының құрылымын анықтау қиын болса, онда мұз инелі, яғни нашар болып саналады.
Қатқан су қоймаларын өтуде сақтықтың негізгі шаралары:
Өтуді шаңғымен жүзеге асырған дұрыс – құлаудың тәуекелі біршама аз. Бірақ мұнда да өз ерекшелігі бар:
- салынған шаңғы жолын іздеңіз;
- егер ол жоқ болса, онда тың жермен жүруге тура келеді – шаңғының бекіткішін босатыңыз (қажеттілік жағдайда одан тез босатыласыз). Бірақ шаңғыны толық шешпеу керек, өйткені ол мұз бен қарға адамның қысымын айтарлықтай төмендетеді (үлестіреді);
- ілмегін білекке ілмей таяқтарын ұстаңыз;
- арқа қоржынды бір иыққа іліңіз.
Егер су қоймасын адамдар тобы өтсе, олардың арасындағы қашықтық 5 метрден кем емес сақтаңыз. Бірінші болып топтың аса дайындалған, тәжірибелі қатысушысы өтуі керек. Ол міндетті түрде жіптің немесе қаданың ұзындығымен сақтануы керек.
Мұз үстімен жүрмей тұрып, жағалауда қатқан су қоймасының географиясын зерттеп алыңыз:
- соқпақ жолды немесе іздерді табыңыз;
- егер ол жоқ болса, өз маршрутыңызды жағадан белгілеңіз (көрінетін бағыт бойынша);
- мұздың беріктігін тексеріп отыру үшін мықты таяқ алыңыз. Берік мұз 2-3 соққыдан кейін ғана тесіледі. Егер бірінші соққыдан кейін су пайда болса немесе мұз бұзылса, мұздың үстіңгі қабатынан табанды алмай бірінші қадам жасап шапшаң кейін қайту керек.
Мұздың беріктігін ешбір жағдайда аяқ соққысымен тексермеңіз! Егер аяқ астында шамалы, тарамдалған жарықшақ пайда болса және сықыр естілсе мұз үстімен өте-мөте жағдайда жүруге болады. Егер айналма жарықшақ қосылса, онда мұздың беріктігі шекті.
Тыйым салынған жерлерде мұз бойынша су қоймасын өтпеңіз.
Тәуліктің қараңғы уақыты мен көрудің нашарлығында мұзға шықпаңыз.
Өтуден тыс мотоциклмен, автомобилмен мұз үстінен жүрмеңіз.
Көктемгі, ұсақ тесікті мұз өте сенімсіз, жылыну, қырау, жаңбыр уақытында ол аса ақ әрі күңгірт, кейде сарғылт түсті болады.
Күзгі, жұқалаң мұзды басуға болмайды, көп жағдайда – ол боран, бұрқасын кезінде қатқан.
Ағын су пайда болған кезде мұзға шықпаңыз, ал тасқын кезінде мұз үстінде сырғанау немесе жарылған мұз бойынша жүру қауіпті.
Өтуге дайындалғанда алдын ала күдікті жерлерді белгілеңіз:
- су ағыны, көпір асты және айналымдарда, сонымен қатар тар жерлерде мұз берік болмауы мүмкін;
- жұқа әрі жұмсақ мұз бұта, қамыс, балдыр қатқан жерлерде болады;
- қалың қар алаңынан аулақ болыңыз, қар астындағы мұз жұқа болады. Суық ауа райында қар астында жылым «болады»;
- жұқа мұз тез ағымда, бұлақ көзі немесе жылғада, сонымен қатар өзеннің бұрылысында болады. Өзеннің ортасындағы мұз ас тұтас;
- егер су қоймасының үстін таза ұлпа қар басса– онда ол берік мұзбен қапталуға үлгермеген жылым немесе қазынды;
- әсіресе жағадан абайлап түсу керек – мұз жермен тығыз байланыста болмауы, жарықшақ немесе мұз астында ауа болуы мүмкін. Егер мұздың қалыңдығын білмесеңіз шанамен, шаңғымен және конькимен шықпаңыз.
Күз-қыс-көктемде балық аулау ережесі:
- жаныңыздан шұңқыр қазбаңыз;
- бір жерге үлкен топпен жиналмаңыздар;
- өтуде шұңқыр қазбаңыз;
- шұқырдың жанынан балық ауламаңыз;
- әрқашан қол астыңызда ұзындығы 15-20 метер мықты жіп болсын;
- жер, уақыт, қозғалыс және т.б. (мүмкіндігінше) адамдардың көбі білуі керек;
- балық аулауға дейін және барысында алкоголь қолдану тәуекел фактор көбейтеді, реакцияны тоқтатады, қате шешімдерге, жағдайдың оңайлатылған бағасына және т.б. әкеледі;
- қалтада екі шильден конструкция сақтау қолайлы;
- топтың бірі жағалауда немесе хабарлау мен құтқаруды ұйымдастыру үшін жағында болуы мақсатқа лайықты.
Ал егер мұз жарылса?
Бастысы үрейлеңбеңіз. Арқа қоржынды тастаңыз, «құтқарушы дөңгелек» рөлін атқаратынын есте сақтаңыз. Көмекке шақырыңыз. Бірінші міндет – мұздың жиегі бойынша қолды кеңге салу үшін басымен суға батудан сақтайды. Мұз жиегін сындырып алмай, кеудемен жиегіне еңбектеп және аяқтарды кезекпен шығаруға тырысып шұғыл қозғалыссыз шапшаң әрекет ету керек, бірақ абайлау керек. Мұнда басты тактика – денеңді тіреудің аса кең алаңы үшін қолдану.
Өзін құтқарудың тағы бір тәсілі. Сынған жердің қарсы шетіне (мүмкіндігінше) аяқтармен тіреп немесе аяқтармен жүзу қозғалысын жасап көлденең қалыпты қабылдаңыз. Бұлғау көмегімен мұздың үстіне алдымен бір аяқты, кейін екіншісін шығарыңыз. Шильяны қалтадан шығырып, қолданыңыз. Сынған жерден шығып – ол жерден еңбектеп бара жатқан жаққа кері шегініңіз. Асықпай қозғалыңыз және жағаға дейін абайлаңыз, әрі шапшаңдатыңыз!
Егер сіз бөгде адамның куәгері болсаңыз, сіздің әрекетіңіз:
- зардап шегушіге көмекке келе жатқаныңызды айтып дереу айқайлаңыз;
- қолдарды кеңге тастап жарылған жерге жақындаңыз;
- мүмкін болса астыға шаңғы (көлденең), тақтай, фанера қойыңыз да жүзіңіз;
- жылымның шетіне жүзбеңіз, әйтпесе суда өзіңіз қаласыз;
- 3-4 метр жылымға дейін жүзіп жетпей, зардап шегушіге кез келген қолжетімді қорғау құралын (жіп ілмегімен қада, жіп, белбеу, бөкебай, сырғауыл, шана, шаңғы, тақтай, ілмегімен шаңғы таяқтары) ұсыныңыз (лақтырыңыз) – осының бәрі адамды құтқаруға көмектеседі;
- егер қорғаушылар екеу, үшеу, одан көп болса жақсы.
Қорғау құралдарының жоғында екі-үш адам (жүктен кем) тізіліп (бірінің артынан бірі) мұзға жатып, бірінің аяғынан бірі ұстап, жылымға еңбектеп қозғалып зардап шегушіге көмектесуге болады.
Қорғау кезінде шешімді әрекет ету керек, мұздай суда адам аса суытылады, су киім төменге тартады.
Зардап шеккен адамды мұз үстіне алып шығып, желден оны жабу керек, су киімін жылдам шешіп жылы жерге жеткізу керек, жақсылап (жұмсақ матамен, спритпен, бірақ қармен емес) ысқылау керек, құрғақ киім кидіру керек, ыстық шәй, ыстық тағам беру керек. Сосын жылыда толық тыныштық қамтамасыз ету, ал қажеттілігіне қарай жылдам емдеу мекемесіне жеткізу керек.
Есте сақтаңыз! Зардап шегушінің денесінің жеке мүшелерін қарқынды жылытуға, ішке алкоголь қолдануға болмайды.
Мұз үстінде қауіпсіздіктің басты ережесі: оның беріктігі мен сенімділігіне көз жеткізбей, оны баспаңыз!
Мұз үстінде қауіпсіздік ережесін сақтағанда сіздер күз-қыс-көктем уақытында су қоймаларында қайғылы оқиғадан кепілді боласыз.
«АЭҮК» АҚ Азаматтық
қорғаныс штабы