Тұрмыстық газ аса қауіптілікті білдіреді және газ плиталарды, баллондарды пайдалану ережесі мен өрт қауіпсіздігін бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Газ баллондарын сатып алғанда, орнатқанда және газ плиталарды пайдаланғанда келесі қағидаларды қатаң сақтау қажет:
- баллондарды өтіп бара жатқан машиналардан, жеке меншік үйлерден және кездейсоқ қоймалардан алмауды;
- баллон алғанда газ шаруашылығының атауы, баллон нөмірі, газбен баллон массасы міндетті көрсетілген чек немесе талон талап етуді;
- паспорттық табличканың, куәландырылған мерзімінің, сырдың қорғаныс қабатының бұзылуының барына, атмосфералық коррозияның барына, вентиль маховигінің бұзылуына, жарықшақтың, жапырылғанның, қуыстың барына, баллон корпусы немесе ілмек қондырғысында газдың ағып кетуіне, «Пропан» жазуының барына назар аударуды;
- газ баллонын сатып алғанда газ баллондарын іске асыру бойынша фирманың қызметкерімен газ баллонның герметикалық қақпағы мен тығыздалған резеңке шығыршығын тексеруді;
- газ баллонның дәнекерлік тігін орындарының тұтастығын көрнекі қараумен тексеруді;
- газ құралдарын орнату мен жөндеуді тиісті құжаты бар мамандарға сеніп тапсыруды;
- сабын көпірігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке шлангысымен қосылған жерінде редуктордың герметикалығын тексеруді. Герметикалық емес қосуда сабын көпірігінде көбікшелер болады, бұл жағдайда газ баллонмен қолдануға тыйым салынады;
- баллонның тығыздалған резеңке шығыршығының тұтастығына көзіңізді жеткізіңіз;
- резеңке шлангысының тұтастығын көрнекі тексеруді. Герметикалық редукторды тексеру үшін ашық от қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады;
- газ плитада газ каналдарының герметикалығын мерзімді тексеруді;
- газ плитамен жақсы желдетілген орын-жайда ғана қолдануды;
- плита газ баллонының редукторын орнатқаннан кейін редуктор қақпағын ашу қажет, бұл орайда плита крандары жабық жағдайда болуы керек;
- газды жаққанда жанған сіріңкені алдымен шілтерге, содан кейін кранды ашу керек;
- газ плитаны қараусыз қалдырмаңыз;
- газ плитаны балалардың қолдануына сенбеңіздер;
- жанғыш сұйықтар мен заттарды плитада жылытпаңыз;
- плитаны таза ұстаңыз;
- газ құбырлары мен құралдардың кемшіліктерін өздерің жөндемеңіздер;
- плита үстінде кір кептірмеңіздер, плитадан жаңғыш заттарды алып тастаңыздар;
- газды қолданғаннан кейін газ құралында кранды және баллонда вентилді жабыңыз, газ иісінің жоқтығы мен газ шілтеріндегі оттың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Егер сіз газдың алымды иісін сезсеңіз:
- кранды жабыңыз;
- көршілеріңізге хабарлаңыз, адамдарды көшіру шарасын қолданыңыз;
- орын-жайды желдетіңіз;
- от жақпаңыз, ұшқын немесе доғаның құрылуынан аман болу үшін ешқандай да электр құралдарын жақпаңыз;
- газ баллон алынған жер газбен қамтитын кәсіпорынның апаттық қызметін шақырыңыз.
Газ баллон жанғанда:
- ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа адамдарды көшіріңіз;
- өртке қарсы қызметті шақырыңыз;
- егер өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіпті болмаса өртті сөндіруге шара қолданыңыз.
Естеріңізде болсын, газ оған дұрыс қарамағанда ғана қауіпті. Тұрмыстық газды дұрыс қолданбағанда өртке, күюге және басқа зардаптарға әкелуі мүмкін. Өзіңізді және қоршаған ортаны қауіптілікке душар етпеңіз! Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз! Өртке қарсы қызметтің телефоны «101».
«АЭҮК» АҚ
Азаматтық қорғаныс штабы