PROFENERGY

Жас мамандарды тарту  – Компания алдында тұрған басымдық міндеттердің бірі. Компания кәсіпорында жас мамандардың дамуына барлық мүмкін жағдайларды жасауға тырысады.

«PROFENERGY» жобасы аясында Кәсіпорынның негізгіі/сыни мамандықтарына жас мамандарды қолдау мен оқу орындарының түлектерін тарту жүйесі бойынша бағдарламаны іске асыру, персоналдың білім деңгейін дамыту және жоғарылату, негізгі қызметкерлерді ұстап қалу жалғасуда. Компания Астана және Степногорск қалаларының оқу орындарымен әлеуметтік серіктестік туралы шарттар жасады. Олардың санында:

  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университеті
  • Қазақ көлік және коммуникация академиясы жанындағы Ақмола көлік және коммуникация колледжі
  • Астана қаласының көлік және коммуникация колледжі
  • Басқару колледжі
  • Кәсіби техникалық колледжі
  • Индустриальды-экономикалық колледжі
  • Құрылыс-техникалық колледжі
  • Степногорсктау-техникалық колледжі.

Компания өз энергетика объектілерінде оқушылармен кездесулер студенттер үшін экскурсиялар ұйымдастырады, меншікті оқыту орталығында студенттерге ашық сабақтар өткізеді. Бұдан басқа студенттердің Компанияның жүйелерінде өндірістік және диплом алды практикаларын өтуге мүмкіндіктері бар.