Соңғы жылдары көптеген техникалық жоғары оқу орындарының және колледждердің түлектері «АЭҮК» АҚ-да жұмыс  істегілері келеді. Оған басты себеп – қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін перспективалық дамудың және кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған Компанияның кадрлық саясаты.

Бұл жерде энергетиктер күні қарсаңында жас мамандар арасында «Энергетик мамандығын неліктен таңдадым?» деген сауалнама жүргізілді.

 Сарбасов Нұрболат, Ақмола АЭЖ қосалқы станция қызметінің инженері, 23 жаста:

- Мектепті бітіргеннен кейін құжаттарымды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Электроэнергетика» мамандығына тапсырдым. Келешекте өзімді осы энергетика саланың қызметкері ретінде көргім келді. Біздің үйіміздегі жарықтың болуы энергетиктердің кәсібилігі мен жұмысқа деген қарым-қатынасынан. Энергетика мамандығы барлық уақытта сұранысқа ие.

«АЭҮК» АҚ-да жас маман тәжірбиелі энергетиктерден үлкен тәжірбие ала алады. Үлкен энергетика саласы әлемінде өзіңнің орныңды табу үшін бұл жерде барлығына үйретеді.

Алғашында Ақмола АЭЖ қосалқы станциясында РУ РМС-2 құрылғыларды жөндеу бойынша электрослесарь болып жұмыс істедім. Үш айдан соң мені қосалқы станцияның инженері қзметіне ауыстырды. Біздің жұмысымыз оңай емес. Алайда сондай қиындықтарға қарамастан, өзімнің таңдаған мамандығым маған ұнайды, тек өз жұмысыңды жақсы көрсең ғана кәсіпөой маман бола аласың.

Анастасия Журавлева, Есіл АЭЖ СИЗПИ бойынша сынау және өлшеу электромонтеры, 21 жаста:

-   Менің әжем Журавлева Тамара Меркурьевна Есіл АЭЖ 31 жыл техник болып жұмыс істеген. Сол себепті мен энергетиктер әулетінің жалғастырушысымын. Биылғы жылы мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің электротехникалық факультетін бітіріп, өз түйіндемемді «АЭҮК» өткіздім. Маған Есіл АЭЖ кернеудің күшеюінен және сынаудан қорғау және оқшаулау қызметінің электромонтеры қызметін ұсынды. Бұл тыңғылықтылық пен тәртіпті қажет ететін жауапты жұмыс. Менің әріптестерімнің денсаулығы мен өмірі менің жұмысыма байланысты.

«АЭҮК» АҚ-да жас маман өз карьерасын жасай алады деп ойлаймын.

Аскар Зийяденов, ЕрейментауАЭЖ инженері, 21 жаста:

-  Қазіргі таңда еңбек нарығында техникалық мамандықтар сұранысқа ие, әсіресе энергетика саласында.Мен сондықтан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ауыл шаруашылығын электр энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтадым. Бұл университетте Қазақстанның білікті энергетиктері оқыған.   

Мен Ерейментау АЭЖ-де автоматика және релелік қорғау инженері болып жұмыс істеймін және өзімнің еңбек жолымды «АЭҮК» сияқты ірі электроэнергетикалық  компаниядан бастағаныма қуаныштымын.Жас маман ретінде келген мені ұжым жақсы қабылдады.Басшылық және әріптестерім ақыл-кеңестерін береді, алған теориялық білімдерімді практикада қолдануға үйретеді. Компанияның жоғары білікті мамандарынан тәжірбие алып, одан әрі өсуге тырысамын.        

Алина Вист,  «АЭҮК»АҚ шарттар және электр энергияның теңгерімі қызметінің инженері, 23 жаста:

-  Мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электроэнергетика» мамандығы бойынша бітірдім. Мамандықты өзім таңдадым, себебі энергетика үнемі сұранысқа ие және онсыз өмір сүру мүмкін емес. «АЭҮК» АҚ-ның шарттар және электр энергияның теңгерімі қызметінің инженері болып жұмыс істеп жатырмын, осындай еңселі электроэнергетикалық компанияның қызметкері екенімді мақтаныш тұтамын. Өз жұмысымды қызықты да, келешегі мол жұмыс деп есептеймін. Бұл жұмыс маған тәжірбие жинақтауға, кәсіби және жеке қасиеттерімді дамытуға көмектеседі деп ойлаймын.

Сатан Танат,  Шортанды АЭЖ, 21 жаста:

-  Мен биыл Қазақ агротехникалық университетін бітірдім және бірнеше айдан бері Шортанды ЖШТ электромонтер болып жұмыс істеудемін. Маған өзімнің ұжымым да, жұмысым да ұнайды. Бұл жерде жастарға өте жақсы қарайды, қолдау көрсетіп, қолдан келмей жатқан нәрсеге көмек береді.  

Мен өзім Шортандыданмын, негізі Моңғолияда туғанмын. Біздің отбасымыз Қазақстанға 1996 жылы көшіп келген. Мектепті бітіргенсін көп ойланбастан осы салаға оқуға түстім, қазіргі уақытта энергетиканы таңдағаныма өкінбеймін. «АЭҮК» АҚ-ның жас мамандарының келешекте кәсіби өсуі үшін көп мүмкіндіктер бар деп ойлаймын.  

Қазір біз Научный, Дамса, Шортанды кенттеріндегі 0,4 кВ тіреулерді темір бетонды тіреулерге айырбастаудамыз. 110 тіреудің 85-ін ауыстырып болдық. Жұмыс барысында мен өзіме тәжірбие жинақтаудамын. 

НарбаевАдил, Ақмола АЭЖ, 23 жаста.

-  Мен «АЭҮК» АҚ былтырғы жылы университетті бітірісімен келдім. Сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін-ақ мен өзімнің болашақ мамандығым энергетикамен байланысты болатынын толықтай шештім. Сол себепті мектепті бітіргесін ойланбастан Алматы энергетика және байланыс университетіне түстім. Қазіргі уақытта Ақмола АЭЖ автоматика және релелік қорғаныс қызметінде инженер болып жұмыс істеймін.

Менің күнделікті жұмыс күнім ААЭЖ РАҚ қызметінің бастығы Сергей Владимирович Дубинецтің танертеңгі жоспарлау жиналысынан басталады. Біздің бөлімде төрт жас маман бар, біз енді ғана тәжірбие жинақтап, өздігімізден шешім қабылдауға үйренудеміз. Біздің жұмысымыз үнемң қозғалыста, аудандық ЖШТ және қосалқы станцияларға барамыз, сонынмен қатар білікті кадрлар жетіспейтін Қорғалжын ауданының Сабынды ЖШТ үнемі көмекке барамыз.

Біз 2015 жылғы инвестициялық бағдарламаны іске асыру іс шарасына, оның ішінде: 10 кВ «Астана» ҚС жаңа күшті трансформатор және ұяшықтарын қорғау бойынша қайта құру, «Ақмола» және «Новоалександровка» ҚС КЖҰН-ды қорғауды дайындау, жоғары кернеулі қосылғыштарды және т.б құрастыру барысындағы автоматика және қорғауды дайындауға қатыстық..

Менің ойымша, релелік қорғаныс-энергетиканың ең қызықты және дамып келе жатқан бөлігі. Іс сапарларға шығу және біздің алдыңғы қатардағы ағаларымыздың тәжірбиесі арқылы біз өзімізге кәсіби дағды қалыптастырамыз.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі