18 маусымда Оралда энергетика ардагерлерінің VII республикалық форумы өтті. Форумға «АЭҮК» АҚ атынан Компания бас директорының кеңесшісі Владимир Августинович  Баранов және Ақмола АЭЖ бас инженері Николай Михайлович Ламонов қатысты.

Оралда энергетика ардагерлерінің VII республикалық форумы өз жұмысын аяқтады. Оған Ынтымақтастық елдерінің энергетика саласының ардагерлері, "Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығының мүшелері, «Самұрық - Энерго» АҚ өкілдері,  ҚР Энергетика министрлігінің және басқа да  компаниялардың жауапты қызметкерлері қатысты. Форумға «АЭҮК» АҚ атынан Компания бас директорының кеңесшісі Владимир Августинович  Баранов және Ақмола АЭЖ бас инженері Николай Михайлович Ламонов қатысты.

Форум барысында электр энергетикасы саласының қазіргі кездегі жағдайын талдау және оларды шешу жолдарынан басқа, ұрпақтар сабақтастығы мен өз өмірін отандық энергетиканы дамытуға арнаған адамдарға деген қамқорлық мәселелері талқыланды. Қазақстан Электр Энергетикасы Қауымдастығының саланы дамытудағы зор рөлі атап өтілді. Бұл ұйым 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді, оның қызметі электр энергетика саласының заңнамалық және нормативтік – құқықтық базасын жасауға және қолданыстағы базасын жетілдіруге бағытталған. Бүгінгі күні оның құрамында 81 электр компаниясы, оның ішінде Ұлттық электр желісі, ГРЭС, ЖЭО станциялары, жобалау институттары, желілерінің жалпы ұзындығы 270 мың километрді құрайтын барлық аймақтық желілік компаниялары бар.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.