2014 жылы «Ақмола АЭЖ» АҚ Халықаралық электроэнергетика саласында қызметкерлердің кәсіптік шеберлігі жарысында Қазақстан Республикасы атынан бармақшы.

ТМД мемлекет – қатысушылар халықаралық энергожүйелер 0,4/10 кВ үлестіру жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша бригадалардың кәсіби шеберлігінің XI Халықаралық жарысы Ленинград облысы Гатчинский муниципалды ауданының Терволово ауылында «Ленэнерго» АҚ оқу кешені базасында жылдың қыркүйек айының 17 күнінен 26 күніне дейін кезеңінде өткізілетін болады.

Жарысқа 7 мемлекет қатысады: Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.

Негізгі жарысты ұйымдастырушысы ТМД Кеңесінің электроэнергетикалық Орындаушы комитеті болып табылады (Ресей, Москва қ.).

Өткізілетін жарыстың мақсаты мен тапсырмалары:

- Мемлекет - қатысушылар жарысында энергожүйе 0,4/10 кВ үлестіру қызметкерлерінің кәсіби даярлығының деңгейін бағалау және жоғарылату;

- Еңбек қауіпсіздігі мәдениетін жоғарылату;

- Үлестіру желілерін қызмет көрсетуде қауіпсіздігі және жұмыс сапасын, қызметкерлер біліктілігін жоғарылату, жарақаттықты төмендету;

- Электр үлестіру жүйелерінде жөндеу жұмыстарын орындау және жабдықты пайдалануда озық тәжірибемен алмасу;

- Мемлекет – қатысушылар жарысында энергетиктердің дәстүрлі кәсіби байланыстарын бекіту.

Қазіргі уақытта ұйым комитетінің құрамы, басты сот комиссиясы және сот корпусы бекітілді.

ҚР-нан ұйым комитеті құрамына Қазақстан электроэнергетика қауымдастығының директорлар Кеңесінің Төрағасы – Жомарт Кушербаев қосылған.

ҚР-нан басты сот комиссия құрамына «АЭҮК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Владимир Баранов мәлімденді.

ҚР-нан жарыс кезеңдерінде сот бригадасы құрамына: №3 кезең аға төрешісі – Болат Исенов, «АЭҮК» АҚ бас инженердің пайдалану бойынша орынбасары; №7 кезең төрешісі – Александр Плахотник, «АЭҮК» АҚ ЕААЭЖ бас инженері; №2 кезең төрешісі – Леонид Деревяга, «АЭҮК» АҚ ЕААЭЖ ҚжәнеЕҚҚ басшысы.

Бригада басшысы болып «АЭҮК» АҚ Есіл ААЭЖ Сандықтау АЭЖ бас инженері Сергей Пустовалов тағайындалды.

Еске салып кетсек, мемлекет мүдделігін ұсынуға 2013 жылы Республика жарысында жеңімпаз атанған және Компания ішінде жарыстарда бірнеше рет жақсы нәтижелер көрсеткен Сандықтау АЭЖ бригадасына құрмет түсіп тұр.

Қатысушылар командасы 4 электромонтерден құралған – Кенжибай Ахметов, Петр Зверев, Денис Сапрыкин және Игорь Сапрыкин – және жұмыстың шебер - басшысы Игорь Кульбаба.

Жарыс балдық жүйе бойынша бағасы шығарылатын7 кезеңнен тұратын болады:

1. ДЭЕМ-да қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтар біліктілігін тексеру;

2. ӘЖ-10 кВ темірбетон тірегінде электр тоғы әрекетінен зардап шеккендерді босату және оған дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсету;

3. Қиылыс орнында габаритті өлшеу және ӘЖ-10 кВ қиылысы аралығында ӘЖ-0,4 кВ оқшауланған сымды ауыстыру;

4. Механизмдерді қолданумен ӘЖ-10 кВ аралық темірбетон тірегін ауыстыру;

5. Желі қорғаныс жабдығының параметрлерінің сәйкестігін бағалау және 0,4 кВ желісінде фаза - нөл кедергі тұзағын өлшеу (қысқа тұйықталудың бір базалығы);

6. ЖТҚ-10/0,4 кВ – да 10 кВ ақаулы өтпелі изоляторды ауыстыру. ЖТҚ-10/0,4 кВ жерлеу кедергісін өлшеу;

7. ЖТҚ-10/0,4 кВ өртті сөндіру.

№3 кезеңді дайындау Қазақстан Республикасына бекітілген.

Технологиялық кезеңдерде қазіргі электронды өлшеуіш құрылғыларды қолдану болжануда.

Жарысқа «Ақмола АЭЖ» АҚ логотипімен қосымша, Қазақстанның мемлекеттік туының дәстүрлі түстерінде арнайы киім жасалған.

Негізгі іс-шараға қатысу – Компания  өміріндегі ең маңызды оқиға.Бригада мүшелері жағынан, сондай ақ корпус соты мүшелерінің маңызды дайындығы жүргізілуде.

Біз біздің әріптестеріміздің жоғарғы біліктілігіне және кәсіптігіне сенеміз және оларға шын жүректен ТМД елдері арасында ең жақсы электромонтерлер бригадасы атағы күресінде табыс тілейміз.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі