«АЭҮК» АҚ-да Тәуелсіздік күніне арналған спартакиада өтті. Спартакиада ҚР Президентінің спорт пен дене шынықтыыруды дамытуға бағытталған шешімін қолдау және компания қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында жүргізілді. 

Жарыс спорттың төрт түрі: волейбол, шахмат, стол теннисі және армрестлинг бойынша өтті. Онда Ақмола, Степногорск және Есіл АЭЖ, басқарма аппаратының командалары және  қатысты.

Жеңімпаздар әр спорт түрінен жинаған жалпы балдары бойынша анықталды.

Ақмола АЭЖ командасы соңғы бірнеше жыл бойы «АЭҮК» АҚ-ның ауыспалы кубогының иегері болып келе жатқанын еске сала кеткіміз келеді. Бұл жолы да Ақмола АЭЖ командасы өз жанкүйерлерінің үмітін ақтап, барлық спорт түрінен көш басында болды. Екі күндік спорт бәсекесінен кейін Ақмола АЭЖ командасы жалпы командалық бірінші орынды жеңіп алды, екінші орынды Степногорск АЭЖ командасы, ал үшінші орынды «АЭҮК» АҚ басқарма аппаратының командасы иеленді.

Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал ААЭЖ-нің бас инженері Ламанов Н.М және Степногорск АЭЖ-нің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Логинова Дарья ең жас және ең үлкен жарыс қатысушысы есебінде көтермелеу сыйлықтарын иеленді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі