2015 жыл барысында «АЭҮК» АҚ-да инвестициялық бағдарлама аясында жобаларды іске асыру жалғасуда.  Жаңа құрылғының жоғары пайдалану сенімділігі мен ұзақ мерзімге қызмет көрсетуі тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз беру және объектілердің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

 Қазіргі Аршалы ауданының 110/35/10 кВ «Новоалександровка» қосалқы станциясын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ол жерде қазір ескі МКП-110 кВ майлы түрінің орнына жаңа Alstom электргаз ажыратқышы  орнатылып, пайдалануға берілді.

 Сонымен қатар КРУН-10 кВ жаңа блокты-модульдік ғимараттың жерге тұйықталған нұсқасын монтаждау жұмыстары жүргізілді және 10 кВ ұяшықтарға іргетас  негізін монтаждау жүргізілуде. «Біз Аршалы ауданының орталығындағы 110/35/10 кВ «Вишневка» ҚС-да да  МКП-110 кВ майлы ажыратқышты Alstom электргазды ажыратқышқа айырбастауды жоспарлап отырмыз, жұмыс қыркүйек айының басында басталмақ», - деп, Ақмола АЭЖ-нің бас инженері Николай ЛАМОНОВ атап өтті 

 Сонымен қоса Астананың солтүстік бөлігінде орналасқан барлық үш облысты электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған 110/10 кВ «Астана» ҚС-да  қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жасаған Ақмола АЭЖ  атап өту орынды болар.

Қосалқы станцияда 63 000 кВА  Siemens фирмасының жаңа микропроцессорлық қорғаныс трансформаторын енгізе отырып, 40 000 кВА екі трансформатор алмастырылды, 8ВК-80 Siemens сериясының төрт енгізілетін және төрт секциялық - 10 кВ сегіз ұяшығы, төрт доғасөндіргішреакторы орнатылды және күш беретін трансформаторларынан 10 кВ  енгізу мостысына дейін 10 кВ  шина көпіріалмастырылды, оған алты тонна мыс шиналары жұмсалды. Сонымен қатар  қосалқы станцияның жаңа шатырын сыртқы және ішкі жөндеу жұмыстары мен монтаждау жүргізілді.

Бұдан басқа өзге де атап айтқанда, ЭТЖ-110 кВ жобаларын іске асыру жалғасуда. Жылдық кестеге сәйкес қыркүйек пен қазан айларында  ұзындығы 60 км «Воздвиженка–Ақмола» мен «Ақмола–Сабынды» ӘЖ-110 кВ жай тартқышты алмастыру көзделген. Астрахань және Целиноград аудандарында ЭТЖ 10/0,4 кВ және ЖТҚС-10/0,4 кВ қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Инвестжобаға сәйкес, алмастыруға тиісті 2450 тіректің 1500 алмастырылған. Сондай-ақ СВ-110 120 тұрақ және Астрахань ауданының Каменка ауылында АС-35 7,1 км сым монтаждалған. Целиноград ауданының екі - Қабанбай және Талапкер кентінде 1400 дана СВ-110 және СВ-95 тұрақтары монтаждау аяқталған. Қазір мұнда аспалы оқшауланған сымды монтаждау жұмыстары жүргізілуде: жалпы көлемі 44 км сымды алмастыру керек, қазіргі кезде 25 км монтаждалған. Сонымен бірге кенттерде сегіз КТПГ-10/0,4 кВ қайта қалпына келтіру көзделген.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.