«АЭҮК» АҚ бұйрығына сәйкес 2014 жылдың мамыр айында электр жөндеушілер арасында кәсіптік жарыс өткізілді. Біз білетіндей,  аймақтық жарыстарда мықты деп саналған, ЖШТ-ден 72 бригада қатысты. Ал, аймақтық жарыста 1,2  орын алған бригадалар ақтық  жарыс қатысушылары болды.

Жеті кезеңнен тұратын, аймақтық жарыс, мамыр айының 14 -16 аралығында, үш түрлі  орында өтті. Қабанбай батыр ауылында  АААЭЖ бригададары оқыту-жаттықтыру полигонында, ЕААЭЖ – Есіл қ.полигонында, СтААЭЖ – Степногорск қаласы полигонында өздерін көрсетті.

Аймақтық жарыс қортындысында  ақтық жарысқа әр ААЭЖ-нен екі бригадан 6 бригада жіберілді.

-АААЭЖ-нен

     Целиноград  АЭЖ бригадасы (I орын) – құрамында  шебер Ж.Д. Айтжанов, электромонтерлар К.Т.Байтасов, Т.Б.Шайзада, жүргізуші Ж.Омаров.

     Атбасар АЭЖ бригадасы (II орын) – құрамында  шебер О.Б.Ловской, электромонтерлар В.М.Мельников, Д.А.Клименко, жүргізуші О.Э.Пенч.

-ЕААЭЖ-нен

     Есіл АЭЖ бригадасы (I орын) – құрамында  шебер Е.В.Логунов, электромонтерлар А.В.Волынкин, А.А.Поплавский, жүргізуші В.Г.Томко.

     Сандықтау АЭЖ бригадасы (II орын) – құрамында  шебер А.А.Задорожный, электромонтерлар Д.А.Сапрыкин, П.В.Зверев, жүргізуші П.Н.Потапов.

-СтААЭЖ-нен

     Шортанды АЭЖ бригадасы (I орын) – құрамында  шебер С.И.Чиж, электромонтерлар Д.В.Гостарь, А.А.Маслов, жүргізуші В.А.Брюхов.

     Ерейментау АЭЖ бригадасы (II орын) – құрамында  шебер А.Н.Петроченко, электромонтерлар Е.Г.Черемников, К.А.Имагамбетов жүргізуші М.С.Ахметов

«Ең жақсы бригадалық автокөлік» номинациясында жеңіске жеткендер:

- АААЭЖ-нен - Аршалы АЭЖ машинасы, жүргізуші А.Татымбаев

- ЕААЭЖ-нен – Жақсы АЭЖ машинасы, жүргізуші С.Н.Казаков

- СтААЭЖ- Ақкөл АЭЖ машинасы, жүргізуші В.В. Коробко.

Бригадалардың жұмыстарын мұқият қарап, әр кезең бойынша  олардың біліктілігін, кәсіпқойлығын бағалайтын, әділқазылар тағайындалды. Тапсырма аяқталысымен жұмыс жетекшілері қазы павильонына, телефон аппаратына, қалыс диспетчерге кезең тапсырмасын орындап біткені туралы хабарлауға  асықты.

Егер белгілі фразаны басқаша айтқанда, жарыс жарыспен, ал түскі ас кесте бойынша. Қатысушылар демалып, күш жинап алып, кезең тапсырмаларын әрі қарай жалғастыру үшін оларға да түскі  асқа үзіліс  беру керек болды.

Конкурстың үш күнінде бригадалар тиісті 7 кезеңді өту керек болатын. Жарыстың соңғы күні қазылар қортындылап, жеңімпаздың атын атады.

7 кезеңнен тұратын, ақтық жарыс мамыр айының 27-30 аралығында, Қабанбай батыр ауылында оқыту-жаттықтыру полигонында өткізілді.

АЭЖ мен ААЭЖ құрылымындағы жедел жөндеу жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру және даярлау бойынша  2013-2014 ж.ж. оқу бағдарламасының қорытындысы болып табылды.

Жарыстың бірінші күні нағыз сынақ болды- ауа райының қолайсыз жағдайы шараға қатысқандардың жұмысын қиындатып жіберді. Жаңбыр тоқтаусыз күні бойы жауды. Екінші күн күннің суытуы және желдің күшейуімен есте қалды. Үшінші күн жайма-шуақ болды. Дегенмен электр жөндеушінің еңбегі экстремалдықпен байланысты. Ауа райының апаттары – нөсер, найзағай, боран және т.б. себебінен желі істен шығады, сондықтанда  бірінші жарыстағы ауа райы жағдайы шын бейнесінде көрсетті.

Жарыстың бірінші күні  «АЭҮК» АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Жанна Гислер және «АЭҮК» АҚ  бас инженері Александр Павлов жарысқа қатысушыларға ақ жол тілеп, жарыстың басталғанын білдіріп, компанияның туы көкке көтерілді.

Жарыстың жабылуы да осылай, жарысқа қатысушыларға өз қолдарымен сыйлық табыстаған, Жанна Хайрулловна мен Александр Владимировичтің қатысуымен өтті.

 

Әр ААЭЖ –нің бригадалары  арасындағы аймақтық жарыс ұйымшылдықпен өтті. Жарысқа қатысушылар дәреже үшін құмарта күресті.Барлық кезеңде қатысушылар бар күштерін салып, қате жібермеуге және басқа командалар жіберген қателерді қайталамауғатырысты. Бір сөзбен айтқанда, бір-бірінен үйренді. Қатысушылар үшін жарыс өзара пайдалы шара болды.

Жарысқа қатысушыларға жұмыс үшін және толыққанды демалу үшін, адекваттық тұрмыстық  жағдай жасалынды.

Аймақтық жарысқа қатысып, сыйлықты орындарға ие болған барлық бригадалар, құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мен ЕААЭЖ аймақтық жарыста әділқазы болғанда  №4 кезең қиынырақ болды деп ойлаймын. Өйткені, қатысушылардың АОС-мен жұмыс тәжірибиелері аз, ал кей бригадаларға тіпті АОС сымдарын жөндеу және пайдалану мәселелері туралы сұрақтар тіпті болған жоқ. Бұл мәселені АЭЖ, ЖШТ оқыту-жаттықтыру полигонында, линияның азғана бөлігіне оқшауланған сымды (АОС) жүргізіп, теоретикалық және практикалық  дайындық болғанда осы жерге жие сабақ өткізу керек деп ойлаймын. Ақтық жарыста кезеңдердің өтуі түзу болды.

Жарыстың қортындысында барлық бригадаларға жүйелерді алмастыру кезінде ешқандай жарақатсыз және ТҚЕ талаптарынан аса бұзушылық болмасын, алға қойған тапсырмалардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін.

«АЭҮК» АҚ ЕҚ және ҚҚ басшысы

қазылар алқасының мүшесі

Уралбек Хамзин

 

Ақтық жарыстың үш күнінде, ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан, бригадалар 10/0,4 жүйесінде жөндеу жұмыстарын күнделікті жүмыста атқарғандай, біраз жұмысты орындап тастады. Жұмыстар 7 кезеңнен орындалды, әр кезең сайын бригадалардың жұмысын үш маманнан тұратын (АЭЖ, ААЭЖ бас инженерлері, АЭЖ, ААЭЖ еңбекті қорғау және қауіпсіздік  жөнінен инженерлер) қазылар бригадасы бағалады.

Бірінші кезеңде экипировканы тексеру кезінде, барлық қатысушы бригадалар бекітілген тізбеге сай аспаптармен және  қорғаныс құралдарымен жасақталғанын анықтадық. Сонымен қатар  кей бригадаларға, жер арқылы жүргізетін ауыспалы және өлшеу құралдары,оларды сақтайтын қап пен оларды тасымалдауға және өлшеуіш құралды сақтайтын инвентарлық жәшіктің болмауына кей бригадаларға қанағатсыз деп белгіленді.

Екінші кезеңде «білімін тексеру» Сандықтау АЭЖ  бригадасы мүмкін болған 60 –тан 39 балл алып жақсы нәтиже көрсетті.

Үшінші кезеңде «Электр тоғынан зардап шегушіні құтқару және алғашқы көмек көрсету», Сандықтау АЭЖ мүмкін 60 балдан 67 бал алып тағы да  жақсы нәтиже көрсетті. Команда мүшелері ұйымшылдықпен және жедел жұмыс істегендері үшін, бригада үнемделген уақыт үшін мадақтау балдарын алды. Берілген кезеңде барлық бригада берілген тапсырманы уақытында орындады, тек Шортанды АЭЖ бригадасы зардап шеккенге екінші әрекеттен кейін дәрігерлік жәрдем көрсете алды.

Жұмыс кезеңінде бригада тапсырманы түзу орындады. Аса бұзушылықсыз және шамамен бірдей балмен, айырмашылықтары 2 мен 10 ұпай шамасында ауысып отырды.

Барлық  бригаданың шебер-жетекшілері, құрылғыны жөндеуге жіберуге тапсырыс беруді рәсімдегенде, кіру рұқсаты мен нарядты толтырғанда қате жібермеде. Бірақ мұндай жағдайда, жарысқа қатысқандар әр ААЭЖ келген ең мықты деген шеберлері екенін, есімізден шығармауымыз керек. ЖШТ АЭЖ-дегі әр шеберді оқытып, осындай нәтиже алу біздің міндетіміз.

«АЭҮК»АҚ Басқарма Төрағасының Кеңесшісі

қазылар алқасының мүшесі

Владимир Баранов

 

376 балл алып, жарыс жеңімпазы атанған Сандықтау АЭЖ бригадасы. Ол           «2014 жылдың «АЭҮК» АҚ  үлестіру жүесі жұмыскерлерінің ең үздік жедел-жөндеу бригадасы» атына ие болды. Командаға құрмет грамотасы мен 110 000 теңге ақшалай сыйақы берілді.

Екінші орынға360 балл алған, Есіл АЭЖ бригадасы ие болды. Командаға құрмет грамотасы мен 80 000 теңге ақшалай сыйақы берілді.

357 балмен аз ғана артта қалған Атбасар АЭЖ бригадасы үшінші орынға ие болды. Командаға құрмет грамотасы мен 60 000 теңге ақшалай сыйақы берілді.

Ақтық жарыста орын алмаған қатысушы-бригадаларына 15 000 теңге көлемінде сыйлық берілді.

Қосымша номинацияларда жеңіске жеткендер:

-«Ең үздік шебер»: Есіл АЭЖ шебері, Е.В.Логунов

-«Ең үздік электр жөндеуші»: Шортанды АЭЖ электр жөндеушісі, Д.В.Гостарь

-«Ең үздік бригаданың автомашинасы»: Ерейментау АЭЖ жүргізушісі,  М.С.Ахметов

-«ТҚ жәнеТП ережелерін білуден ең үздік қатысушы»: Есіл АЭЖ,  А.А.Поплавский