«АЭҮК» АҚ- да өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурудың туындауын болдырмау үшін техника қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылады. Сонымен қатар халықпен электр құрылғылары мен электр беруші желілер жанында техника қауіпсіздігін сақтау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы кеңінен жүргізіледі.

            «АЭҮК» АҚ-ның барлық Ауданаралық электр станцияларында және АЭС-да қажетті құжаттармен қамтылған техника қауіспіздігі қызметі, техникалық оқу кабинеттері және жаттықтыру полигондары бар. Электр құрылғысын орнатушы қызметкерлер үшін барлық нормативтер электр орнатуды пайдалану қауіпсіздігі бойынша ережелерге сәйкес қатаң түрде жасалады және білімдері тексеріледі. Еңбекті қорғау бойынша білімдерін практикада қолдану мақсатында компанияда арнайы жаттығу жүргізіледі. 

 Компанияда айына бір рет Техника қауіпсіздігі күні ұйымдастырылады, ол қауіпсіз еңбек жағдайын жақсарту  және өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурудың алдын алу  жұмыстары бойынша  әсер етуші әдістердің бірі болып табылады. Сонымен қатар             «АЭҮК» АҚ-ның еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қызметі мамандары үнемі  ҚС топтарына және желілік-шеберханалық учаткелерге төтеннен тексеріс жасап барады

 Жұмыс орындарын, технологиялық процесстерді және кәсіпорынның еңбекті қорғау басқармасы жүйесін жетілдіру- еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыру шараларының бірі болып табылады. «АЭҮК» АҚ-ның қосалқы станцияларында мүмкіндігінше ескі электр энергиясы құрылғыларын заманауи жаңа және қауіпсіз түріне ауысыру жүргізілуде.

 «АЭҮК» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің мамандары жұмыс істеген кезде қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологияларды пайдалана отырып, электр жабдықтарының ақауларын дер кезінде анықтауға және оларды болдырмауға тырысып жұмыс істейді. 2008 жылы енгізілген қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды басқару жүйесі – ҚжЕҚБ қауіпсіздік пен еңбек процесінің тәуекел деңгейін, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мен жалпы және кәсіби аурушаңдықты  біршама қысқартуға ықпал етеді.  Соңғы бірнеше жылда өндірістік жарақаттанудың болмауы оны пайдалану тиімді екенін білдіреді.

Электр энергетикалық объектілеріндегі жұмыс ылғи да өмірге деген қауіппен байланысты болады, және кейде кез-келген ұсақ - түйек апаттан құтылуға көмектеседі. Мұны ылғи да есте ұстау қажет, ал біздің күнделікті тірлігімізде  техника қауіпсіздігін сақтау норма болып қалыптасуы тиіс. Бірақ біз тек өзіміздің персоналдың ғана қауіпсіздігін ғана ойлап қоймай, сонымен қатар халық денсаулығын сақтауды да ойлауымыз керек. Ал оқу жылының басынан бері балалалардың жарақаттануының алдын алу мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болмақ. 

Әр аудандық бөлімшенің басшылығы ТҚ инженерлерімен бірлесіп, халық арасында электр қондырғылары мен электр беру желісі маңында денсаулықты және техника қауіпсіздігін сақтау тақырыбында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оқу жылының басында және аяғында балалардың жарақыттануының алдын алу мен болдырмау бойынша акция жүргізіледі. Мысалға, аудандық элекр жүйелерінің мамандары мектептерде элекрдің пайдасы мен қаупі, электр аспаптарын қауіпсіз қолдану және электр қондырғылары мен электр беру желілерінің маңында жүріп – тұру ережелері туралы сынып сағаттарын өткізеді. Жыл бойы облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында біз жарақаттанудың, соның ішінде балалардың жақаттануларының алдын алуға және халық денсаулығын сақтауға бағытталған мақалалар жариялаймыз. Бұдан басқа, біздің мамандар бала мекемелерінің жанында орналасқан трансформатор пункттерін кезектен тыс қарауды ұйымдастырады, есіктер мен құлыпталатын құрылғылардың сенімділігін, жерге тұйықталатын контурлардың бүтіндігін, қорғау механизмдерінің жұмыс қабілетін және энергия құрал – жабдықтарындағы ескерту белгілерінің бар болуын тексереді.  

Галина ГАНОЛЬ
АЭҮК» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығы