«Ақмола АЭЖ» АҚ-ның бастамасы бойынша Қазақстандық электроэнергиялық қауымдастығы Астанада энергиялықжелілік және энергияменжабдықтау ұйымдарының сұрақтары бойынша семинар-кеңес өткізді, онда ҚР Энергетика Министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Kazenergy» қауымдастығы, ҚР энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық бақылау комитеті өкілдері, сонымен қатар энергиямен жабдықтау және энергияөндіруші компаниялардың басшылары мен сарапшылары қатысты.

ҚЭҚ төрағасы Оразалинов Шаймерден Әбілмажіұлы іс шараны ашуда энергия саласында шұғыл шешімін табуы керек мәселелер жиналып қалғанын атап кетті. Маңызды сұрақтардың бірі-ол тұтынушыларды сапалы және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету. Қазақстанда электр энергиясын электр желілері бойынша  үлестірумен 21 өңірлік және 150 әр түрлі энергия беруші компаниялар айналысады. Бұл ұйымдардың көптеген бөлігі өз жұмысын мемлекеттік реттеусіз жүзеге асыруда. Ал бұл әр түрлі тарифке әкеледі және  бір өңір ішінде орта және шағын бизнес үшін тең емес жағдай тудырады. Энергия беруші ұйымдарды үлкейту арқылы мәселені шешу ұсынылды, ал ол  бірнеше энергия беруші ұйымдар арқылы тұтынушыға электр энергиясын беруде каскадтық өсу тарифтерін жою арқылы әр түрлі  тарифтерді реттеуге әкелуі тиіс.

Семинарға қатысушылар әр нақты өңір бойынша барлық электр жүйелеріне бірыңғай мүліктік кешен құра отырып, түгендеу жүргізу қажеттігі туралы пікірлерін айтты. Тарифтерге келетін болсақ, бүгінгі күні қолданыстағы энергия энергоөтім кәсіпорындарының түнгі уақытта электр энергиясын сатып алуға шығындарын есепке алмауының нәтижесінде көптеген компанияларды шығынға ұшырататын тәуліктік аймақтар бойынша сараланған тарифтер жүйесін қайта қарау қажеттігі туралы ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

Үлгі нысан жөніндегі мәселе талқылауға түскен бірден бір маңызды мәселе болды. Қазіргі қолданыстағы бірыңғай үлгі нысаны тұтынушылардың түрлі санатының қызмет ерекшелігін есепке алмайтыны туралы айтылды. ҚР Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін  үлгі нысанға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Кеңесте «Электр энергетикасы туралы» Заңға тұтынушыларды: жеке тұлға, заңды тұлға, бюджеттік ұйым топтарына бөле отырып, жеке үлгі шарттарын жасауды қарастыратын толықтырулар енгізу туралы ұсыныс айтылды.

Саланың өзекті мәселелерін талқылағаннан кейін семинар – кеңеске қатысушылар қорытынды қарар қабылданды, онда ең маңызды деген нұсқаулар тұжырымдалды. «ҚЭҚ» ЗТБ-ға оларды тиісті мемлекеттік органдарда одан әрі қарау үшін жолдауға тапсыру туралы шешім қабылданды.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.