Семейные ценности ТостановскихМенің алдымда сұлу, күлімсіреген, әдемі әйел отыр. Ол біздің әріптесіміз – Татьяна Тостановская, «АЭҮК – Энергосбыт» ЖШС шарттар мен жүзеге асыру бөлігінің жүргізуші инженері. Бізде көп жылдар бойы бірге жұмыс істеп келген әріптестеріміз туралы газеттерде оқу өте жағымды.

Кездесу туралы келіскенде жалғыз мен ғана уайымдаған жоқпын. АЭҮК-Энергосбыттың кадрлар бөлімі кабинетінде Татьяна Александровнамен танысып, сөйлескенде өзімді бұрыннан бері таныс, туған отбасымдағыдай сезіндім – оның күлкісі өте жағымды және сөйлесуіміз өте жеңіл өтті.

1974 жылы Лидия мен Таня Ростов-на-Дону қаласындағы электротехникалық техникумды тәмамдап, бөлектегеннен кейін Алматыдағы құрылыс-жинақтау автоматика өртке қарсы басқармасына жас мамандар болып келді. Бірақ кейбір жағдайлардан олар Целиноградқа келіп, «Целинэнергоға» жұмысқа келді. Татьяна Александровна Тостановская мен Лидия Алексеевна Василенконы қырық жылдан астам біріктірген тек достық қатынастары ғана емес, содан басқа жерлестік пен, АЭҮК тату-тәтті энергетиктер жанұясы.

Тағдырға байланысты, Тостановскийлар жанұясы – бұл біздің салаға өздерінің бүкіл өмірін негізінде біздің кәсіпорынға арнаған жас әулет. Отағасы өз еңбек жолын 1974 жылы бастады. Жоғары вольт электр жүйелер кәсібі, «Целинэлектросетьстрой» тресті, «АЭҮК» АҚ, содан кейін «KEGOC» АҚ - дәл қазір Александр Иванович осында өз қызметін жалғастыруда, ол телекоммуникацияны пайдалану департаментінің ОКС бастығының орынбасары.

Қыздары Лена мен ұлдары Андрей сыйластық пен адалдық дәстүрінде тәрбиеленген. Ата-аналары оларға жоғары білім берді, одан кейінгі жылдары әркім өз жолын таңдады. Лена Целиноград АЭЖ-де және «АЭҮК» АҚ экономист болып жұмыс істеуге үлгерді, қазір басқа құрылымда жұмыс істейді. Андрей Аграрлық университетті тәмамдағаннан кейін «АЭҮК» АҚ –на келді, және бүгін ЭКЕДЖ қызметінің инженері болып жұмыс істейді.

Барлық осы жылдар ішінде Татьяна Александровна бұрынғы Целинэнерго, қазіргі АЭҮК –ның көптеген қайта құруларының куәгері болды.Ұжымда көбі осы жылдарда бірге және кәсіпорынның құрылуларына қатысушылары болды, сондай ақ қазіргі «АЭҮК» АҚ – ның қызметінің лайықты жалғасуы үшін көп үлесін қосты. Ардагерлердің есінде көптеген басшылар, әріптестер, жаңғыртулар мен жаң жобалар бар. Бірақ біздің кейіпкерге оралайық. Марапат қағаздары, алғыс хаттар, сыйлықтар, «Целинэнерго ардагері» атағы, ол 2012 жылы Қазақстан электроэнергетика қоғамдастығымен «Энергетика Ардагері» құрметті атағы берілді, - бұның бәрі көптеген жеке үлесті және оны басшылықтың лайықты келісімін көрсетеді. Бірақ мен оны жеке ісінен көрдім. Татьяна Александровна бұны өзі айтпайды. «Неге энергетика? Неге осы мамандықты таңдадыңыз?» – бұл сұрақ маған маза бермеді.

– Мен өзім Ростов-на-Дону қаласының аймағындағы селосынанмың, – дейді Татьяна Александровна, – сегізінші сыныптан кейін политехникалық техникумға тапсырдым, бірақ конкурс бойынша өтпедім, және 10 сыныптан кейін электротехникалық техникумға түстім. Ол беделді оқу орны болды, ұстаздар бізге жақсы білім берді. Анам маған бірақ: «Бағаналарға өрмелеп жүресін ғой, не деген мамандық?» - деп айтатын. Бірақ мен өкінген емеспін.

– Күйеуіңізбен қалай кездестіңіз?

– Осында. Ол жоғары вольтті электр жүйелерінде жұмыс істеді, мұның бәрі Целинэнерго болды ғой. Менімен бір қыз жұмыс істеді, оның көршісі. Оған қонаққа баратынмын, таныс болдық, араласатынбыз. Одан кейін бір бірімізді жақынырақ біліп таныстық. Ол Рыльск авиациялық училищесін тәмамдады, самолет жүргізудің және отырғызудың жерлендірудің техникалық пайдалануін. Бір кездері әуежайда жұмыс істеді, кейін ВЭС қа орналасты, Омбы теміржол көлігі институтын сырттай аяқтап, содан кейін энергетика саласынан кетпеді. Негізінен Александр Иванович бізде технарь – бәрін жөндейді.

– Сізде энергетикалық үйлеу той болған шығар?

– Үйлену тойы 1976 жылы болды. Есімде барлық үйленетін жастар әуежайға баратын. 25оС аяз болды, күн шығып, қар жылтырап тұрды.

Татьяна Александровна көптеген өз өмірінің жақсы оқиғаларын есіне алуда: отанына жол жүру, балалары туралы қызықты оқиғалар, бірақ барлық сезімдерден өмірін әріптестер және сүйікті ісінен байланыстырғаны көрінеді.

Соңғы әуестігін ерекше қызығушылықпен айтады: крестпен және маржанмен кесте тігуді айтады. «АЭҮК –Энергосбыт» ЖШС бірнеше қызметкері кесте тігуді бастады. 2008 жылы көктемдік мерекеге өзінің жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды. Қолдан тігілген суреттер мен жастықтар, сүйікті істері болып табылады және араласу үшін бір ермек болды. Татьяна Александровна өзінің жұмыстарын жинақтап сосын жақын адамдарына сыйлайды.

– Менің ойымша кез келген нәрсемен айналысуға болады, өмірімде немен ғана айналыспадым, нені ғана игермедім, кесте тігу маған өте ұнайды. Бұл іспен менің жаным жан табады. Қазір «Маки» суретін тігудемін.

Маки шынымен де сүйкімді, жұмыс аяқтағаннан кейін төсемеге салынып сурет дайын болады. Осылайша адам жан-жағында сұлулықты жасайды, құштарлық болса жеткілікті.

Өзімнің әңгімелесушіммен мен емделудің жаңа әдісі Кинезис туралы білдім. Арнайы жаттығулар, буын гимнастикасы және тренажерлармен жаттығулар омыртқа жотасымен буын ауруларын өткеруге көмек береді. Кинезистің арқасында Александр Иванович өз денсаулығын түзетті, енді ерлі зайыптылар физикалық формасын тұрақты жаттығулармен ғана емес, онымен қатар қысты күндері мұзды суға түсіп ден саулықтарын сақтауда. Бұл әдіске Андрейде бірлесті.

Кинезис туралы

– Кинезис жаттығуларынан түзу болып шығасын, омыртқа жотасы түзетіледі.

Қыста мұзды суға түсулер туралы      

– Аязда суға түсу киімімен келе жатқанда, сеннен бу шығады, бүкіл денең күйеді. Енді қашан тоңамын деп ойлайсың, бірақ тоңбайсың, ең бастысы өзіңді дайындау.

Сүйікті мереке туралы

– Әрине бұл энергетик күні және Жаңа жыл. Жасырақ болғанда осы мейрамдарды қызықты қарсы алатынбыз, үлкен мерекелер ұйымдастыратынбыз, біз үшін бұл отбасы мерекесі, біз барлығымыз энергетиктерміз. Әрқашан барлық мерекелерде зиялы жақсы адамдар екендігін, біздің жақсы компания, ұжым екендігін айтады. Мен мұнда бекер келмедім деп ойлаймын. Маған мұнда ұнайды, адамдары жақсы, мейрімді, қонақжайлы. Біздің ұжымымыз да жақсы, өте бірлескен, басшымыз да жақсы. Бәрін мерекемен құттықтаймын!

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі