Астанада «Ақмола электржелілік үлестіру компнаниясы» АҚ табиғи монополиялар субъектісінің 2016 – 2020 жж. ұзақ мерзімді электр энергиясын беру және тарату бойынша реттелетін қызметтердің тарифтері мен тарифтік сметасының шекті деңгейін бекітуге өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулар өтті.

Тыңдауды өткізудің мақсаты табиғи монополия субъектілердің тарифтік саясат саласында қызметінің айқындығын қамтамасыз ету арқылы тұтынушылардың құқығын қорғау болып табылады. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен (ТМРК)өтті.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңына, 01.01.2016 ж. бастап электр тарату компаниясы үшін тарифтің есеп – қисабы әдістемесін салыстырып талдау әдісімен алып тастау бөлігіне өзгерістер енгізілуіне байланысты «АЭҮК» АҚ мамандары 2016 – 2020 жылға арналған жаңа инвестициялық жоба әзірленіп, ТМРК-не осы жоба ескере отырып, көрсетілген мерзімге электр энергиясын беру және таратуге тарифтің шекті деңгейін бекітуге өтінім берілді. 

Тарифтік смета баптарының шығындарын жобалық арттыру қолданыстағы заңнаманың тарифтің шекті деңгейін ұзақ мерзімге тарифті белгілеу талаптарына сәйкес жасалды. Есеп – қисапқа сәйкес, «АЭҮК» АҚ тарифтерінің 30%-ға қымбаттауы факторының есебінен Ақмола облысының электр энергиясын тұтынатынушылар үшін бөлшек тарифтің өсімі 6,6 %, Астанада – 2,3 % құрайды.     

Инвестициялық жоба ҚР Үкіметі бекіткен табиғи монополия субъектілерінің ескірген және технологиялық артта қалған жүйелер мен жабдықтарын толық көлемде жаңарту бағдарламасына сәйкес әзірленген.

  2016-202 жж. арналған жоба бойынша «АЭҮК» АҚ инвестициясының жалпы сомасы 20 214,0 млн. теңгені құрайды. Жеке қаржысы қаржыландырудың көзі болып табылады. (амортизация – 8 662,0 млн. теңге және кіріс – 8 952,0 млн. теңге) және қарызға алынғандар – 2 600, 0 млн. теңге. Инвестицияның жалпы сомасынан 88,4 % электр берудің негізгі технологиялық жабдықтары мен жүйелерінің құрылысына, қайта құруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағыттау болжамдалған және 11,6 % - басқа да іс-шараларға  (байланысты диспетчерлеу, ғимараттар мен құрылымдарды күрделі жөндеу, арнайы техниканы, өлшеу құралдарын, бағдарламалық жабдықтарды, ұйымдастырушылық техникасын сатып алу және т.б.).

Тартылған қарыз қаражаттарына Астананы электрмен қамтамасыз етуге стратегиялық маңызды объектілерді қайта құру және салу бойынша мемлекеттік сараптамасымен жоба дайындалған (110/10 кВ «Астана» ҚС және ӘЖ, КЛ-110 кВ «АТЭЦ-2-Астана» 110 кВ «Промзона», «Городская» ҚС кіре отырып).

Бұл инвсетициялық салымдарды орындау Қазақстанның астанасын, сол сияқты Ақмола аймағын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және электр жабдықтарының істен шығуы және электрмен жабдықтау үзілісі кезінде апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығындарын елеулі түрде қысқартуға ықпал етуге тиісті. 

Бұл мәселе бойынша соңғы шешімді жобада ұсынылған барлық материалдарды объективті және мұқият зерделегеннен кейін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті шығарады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.