«Орталық-Азиялық электроэнергетикалық Корпорация» АҚ («ОАЭК»АҚ)  PROFENERGY жобасын жүзеге асыру барысында жас мамандардың кәсіби дамуы үшін жағдайды студенттік кезеңнен бастап жасауда. 2016 жылы бастау алатын студенттермен жұмыс бойынша бағдарлама және кәсіби мамандық түлектерін «ОАЭК» АҚ-ның еншілес ұйымдары кәсіпорындарына тарту - осы бағыттағы бірінші модуль  болып табылады.

 Бағдарлама бірінші «СОЛТҮСТІК ҚАЗЭНЕРГО» АҚ-да іске асады, ал содан кейін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» және «АҚМОЛА АЭЖ» АҚ-да. Осы жылдың қараша айының соңында Петропавл қаласында қалалық оқу орындарының, Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және «СОЛТҮСТІК ҚАЗЭНЕРГО» тобына енетін кәсіпорын басшыларымен арада әлеуметтік серіктестік туралы шартқа қол қойылды. Бұл шарт, ең бірінші, энергетика саласында сұранысқа ие мамандықтарды кеңінен танытуға және жас манадарға қолдау көрсетуге бағытталған.  Ал бағдарламаның өзі  Холдинг кәсіпорындарында жұмыс істейтін жас мамандарға және сол сияқты оқу орындарының түлектеріне де бағытталған.  «ОАЭК» АҚ–ның кадрларды басқару департаментінің директоры, адами ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Константинова Наталья бұл жоба туралы толығымен әңімелеп берді.

-  Оқу орындарымен серіктестік қатынас қатынастар бірінші жыл жасалып тұрған жоқ. 2016 жылғы бағдарламаның ерекшелігі неде?

-  Шындығында да, біз бірнеше жыл қатарынан ақпараттық кездесулер өткізіп, экскурссиялар ұйымдастырып, студенттердің практикадан өтуіне көмек жасап келеміз. Мұндай жұмыстар «ОАЭК» АҚ холдингі құрамына кіретін барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Алайда біздің компаниялар жұмыс істейтін нарықтық жағдайлар басқа да тиімді серіктестік түрін талап етеді. Сондықтан да 2016 жылдан бастап компания кәсіби мамандықтар бойынша ішкі бөлімде оқитын үшінші және төртінші курс студенттерімен жаңа бағыттағы жұмысты жүзеге асыруға кіріседі. Біріншіден, 2016 жылдан бастап студенттердің кәсіби практикасы холдингтің барлық кәсіпорындарында төленетін болады. Бір студентке төленетін әр ай сайын төленетін төлем бір шамалы айлық жалдақыға немесе 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап 22 859 теңге. Екіншіден, студенттер жазғы каникул кезінде жұмысқа орналаса алады, ол кезде  2 ШАЖ немесе 45 718 теңге. Үшіншіден, ең үздік студенттер «ОАЭК» АҚ-ның еншілес ұйымдарының атаулы корпоротивтік степендиясын иелене алады.  

-  Степендия алуға кімдер үміттене алады?

-Степендия ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздарына төленеді. Атаулы корпоротивтік степендияны тағайындау студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын  жасауға ынталандыруға, компанияға талантты және шығармашыл белсенді студенттерді тартуға бағытталған. Біз оқу орындарының өкілдеріне үшінші курс студенттері арасында ғылыми жұмыстар байқауын ұйымдастыруға ұсыныс жасадық Тақырыптарды дайындау және жұмыстарды бағалау «СОЛТҮСТІК ҚАЗЭНЕРГО»  кәсіпорынының топтары басшылары енетін сараптама комиссиясымен жүргізіледі. Тақырыптар компанияның өзекті өндірістік қажеттіліктерін есепке алумен жасалады.

-  Неліктен бағдарламаның дәл осындай форматы таңдап алынды?

-  Жас мамандарға арналған бағдарлама жыл бойы дайындалды. Оны дайындау барысында студенттер арасында пікіртерім жүргізілді. Шын мәнінде, біздің мамандар студенттердің көңіл-күйі мен қызығушылығын жақсы біледі, себебі олармен жыл сайын жұмыс істейді. Мысалға, «СОЛТҮСТІК ҚАЗЭНЕРГО»-ның тәжірбиелі қызметкерлері бірнеше жылдар қатарынан оқу орындарының емтихан комиссиялары құрамынада, білім бағдарламаларын аккредитациялауға қатысады, қала колледждарында арнайы пәндерден сабақ береді.

Өз болашақтарын энергетикамен байланыстырғысы келетін жастарға оқу кезеңінен бастап қолдау қажеттігін жақсы түсінеміз. Біз энергетиктер өз тарапымыздан қиындықтарға түсіністікпен қараймыз және оларды шешуде жан-жақты көмек көрсетеміз.

-  Жас мамандарды белсенді тарту үшін тағы қандай себептер бар?

-  Объективті себептер бірнешеу. Егер Солтүстік Қазақстан аймағы туралы айтатын болсақ, олардың арасында осы аймаққа тән ерекшелік - халықтың көші-қонына байланысты Ресеймен шекаралас, сонымен қатар Астана  қалаларында білікті кадрлардың қажеттілігі. Соңғы жылдарда Холдинг кәсіпорынында , соның ішінде «СОЛТҮСТІК ҚАЗЭНЕРГО» АҚ-да компанияның кадрларын дамытуға бағытталған жұмыс жүргізілуде, соның арқасында компанияның кадрлық құрамы тұрақталып, қызметкерлердің тұрақтамауы қысқаруда.   

 Тағы бір себеп- зейнет жасы жасындағы және зейнет жасы алдындағы қызметкерлердің үлесі.  «СОЛТҮСТІК ҚАЗЭНЕРГО» кәсіпорынының топтарында жасы бойынша 100-ден арта зейнеткерлер жұмыс істейді, ал 2020 жылы 340 қызметкер зейнет жасына келеді, жыл сайын зейнетке шығатындардың саны 3,4% деп болжануда.

Басқа себеп- жаңа жоғары технологиялық құрылғыларды пайдалануға енгізу, оларда жұмыс істейтін білікті мамандарды қажет етеді.

Компанияда кәсіпорын кәсіби мамандарды дайындайтын оқу орындарымен ынтымақтастықты күшейту арқасында ішкі кадрлық резервты қалыптастыру қажеттілігі туындауда. Біздің бағдарламаның тағы да бір ерекшелігі- бағдарламаға қатысушы студенттер келешекте бос орындардың болмау сияқты себептермен жұмысқа тұрмай қалудан сақтандырылады. «Орталық-Азиялық электроэнергетикалық Корпорация» АҚеңбек ресурстарында үлкен қажеттілікке ие Петропавл, Астана және Павлодардағы 12 кәсіпорынды біріктіреді.  Егер студент тұрғылықты мекенжайын ауыстырғысы келетін болса, Холдинг аясында кадрларды ауыстыру жүргізіледі. Осыған байланысты Холдинг жаңа ведомствалық тұрғын үй құрылысын салу мүмкіндігін қарастыруда, ал кейбір кәсіпорындарда тіпті қазір жұмыскерлерге ұсыну үшін пәтер қоры бар.

-   Мұндай кешенді тәсіл Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында айтылған кәсібитехникалық білімді арттыру тақырыбын кеңінен таратуға өте ыңғайлы

-  Ия, жұмысшы мамандықтарының беделін көтере отырып, кәсіби техникалық білімге ерекше мән беретін уақыт болғандығы сөзсіз. Аталған бағдарлама осы бағыттағы жұмысқа көмектесетініне сенімдімін. Біз оқу үрдісіне, Холдинг кәсіпорынының өндірістік сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламасын дұрыстап, студенттердің өндірістегі жұмысқа бейімделуін іске асырамыз, жастардың интеллектуальдық дамуын көтермелеп, жастардың еңбек және білім саласындағы әлеуметтік құқықтарының жүзеге асуын қамтамасыз етіп және энергетик мамандығын кеңінен танытамыз!

«ОАЭК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі