Әр кәсіпорын қызметінде барлық жұмыс процесстерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі ең негізгі критери болып табылады.Энергетика саласындағы өнеркәсіп тек энергиямен жабдықтау тұрақтылығы мақсатында ғана емес, қауіпсіздік саясаттың сауатты құрылысын қажет етеді, және де өзінің қызметкерлері мен тұтынушыларының қауіпсіздік кепілдігі үшін. «АЭҮК» Компаниясы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген, өрт қауіпсіздігі ережесімен қаралған, техникалық талаптарға сәйкес өздерінің барлық объектілерін жарықтандыруға үлкен назар аударады. Біздің қызметкерлер еңбек ететін Астана қ. Циолковского к. 2 бойынша орналасқан «АЭҮК» АҚ ғимаратында сауатты пайдалануды талап етеді.Сондықтан біздің компанияның қызметкерлері және олар жұмыс істейтін ғимараттарда  уақытында қауіпсіздігі жөнінде қамдану тиіс.

2013 жылыдың инвестициялық бағдарламасында өртке қарсы сигнал беруші құрылғыны орналастыру жоспарланды. Қазіргі уақытты барлық АЭЖ-да монтажды жұмыс аяқталды, және объектілер пайдалануға сәтті тапсырылды. 21 миллион теңгеден астам қаржы орнатуға бөлінді. Өртке қарсы сигнал беруші құрылғыны орналастыру және монтаждау жұмысын жасауға сәйкес сертификаты бар ЖШС және ЖК-мен келісімшартқа отырды.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшысы Уралбек Хамзиннің айтуы бойынша, бұрын біздің компанияның объектілері толық өрт қауіпсіздігі қондырғыларымен жабдықталмады. Енді әр бірі арнайы датчиктармен, түтінді және температура өзгерісін реттеуіштермен жабдықталған.Бұл датчиктердің көмегімен  күзет қызметкерлері ғимараттың қай жағында жанудың немесе түтіннің басталғанын анықтап, уақытында өртті тоқтата алады.

«Жұмыста ұйымдастыру техникасы көп қолданылады: компьютер, телефон, басып шығарғыш. Бәрі электр арқылы жұмыс істейді. Кез келген уақытта бірдеңе тұйықталып, жануы мүмкін. Енді біз сондай күдікті емеспіз, - дейді Уралбек Сабырбекович, - Бірақ өрт қауіпсіздігіне жауапты басқарушыларға әрдайым өрт қауіпсіздігі тәртібін сақтау жөнінде, қызметкерлерді дайындауды ұйымдастыруды, құрал-жабдықтарды дұрыс күйде табу және өртті сөндіру қажет».

Бұдан былай біздің компаниямыздың объектілері энергетикалық кәсіпорындарымен қойылатын  өртке қарсы ережелерге толықтай сай келеді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі