Қыркүйектің 16 күні «Ақмола ЭҮК» АҚ Целиноград АЭЖ объектілері бойынша прес-тур өткізді.Пресс-тур кезіңде «Ақмола» және «Рождественка» қосалқы станцияларында 2013 жылға инвестициялық бағдарламаны орындау нәтижелері айқындалды.

Тұтынушыларды Компанияның қызметі туралы апараттандырудың ең әсерлі амалы бұл баспасөзде жариялау болып табылады.Пресс-турға «Акмолниская празда» және «Вести Акмолы» басылымынан корреспондеттер шақырылды.

Пресс-тур кезінде «АЭҮК» АҚ ЭТҚ басшысы Александр Сырвачев БАҚ өкілдерін Целиноград ауданының электрмен жабдықтаудың негізгі қайнар көзі болып табылатын, Кабанбай батыр және Қосшы астанамаңындағы қарқынды дамыған поселкелерін, сонымен қатар «Ақмола-Феникс» құсфабрикасы сияқты өндірістік кәсіпорындары жататын, «Рождественка» және «Ақмола» қосалқы станцияларымен таныстырды. «Рождественка» ҚС-да 30 аса жыл бұрын өндірістен алынған 10 кВ ұяшықтары ауыстырылды.Олардың тозғаны соншалық, жабдықтың жұмыста істен шығуының себептерін анықтауға мүмкіндікті қажет етпеді.Ұяшықтарды ауыстыру апаттық-қайта қалпына келтіру жұмыстары мен жөндеу, техникалық қызмет көрсету шығындарының төмендеуіне мүмкіндік берді, сонымен қатар «Рождественка» ҚС -нан қоректенетін, элетрмен қамтамасыз етудегі тұтынушылардың сенімін айтарлықтай жоғарылатты. «Ақмола» ҚС аккумулятор батареясының заряд-түзеткіш құрылғысын микропроцессорлық заряд құрылғысына ауыстыру жасалды. Негізгі ауыстыру - аккумулятлор батареясының қызмет мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық бағдарлама шегінде «Рождественка» ҚС 107,9 млн. теңге, ал  «Ақмола» ҚС- 1,9 млн.теңге сомасы жұмсалды.

2013 жылы бекітілген инвестиция сомасы 2,5 млрд.теңге құрады. «АЭҮК» АҚ инвестициялық міндеттері 105,7 % орындалды. Барлық жұмыстар белгіленген кесте мерзімінде аяқталды.

Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу бойынша Қазақстан Республикасының Департамент Агеттігімен (ТМРДА) бірлесіп құрылған жоспар бойынша, 23-24 қазанда Шортанды АЭЖ жататын «ЦГПП-Шортанды» ӘЖ-110 кВ және «Елизаветинка» ҚС бойынша пресс-тур өткізіледі.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі