2015 жылғы 27 қазанда ұзақ сырқаттан кейін ҚР электр энергетикасының ардагері, ТМД еңбек сіңірген энергетигі Ахмет Туханович Шадыжевөмірден озды.

А.Т.Шадыжев 1941 жылы 9 ақпанда Орджоникидзеқаласында туған. Ұлы Отан соғысы басталарда оның ата – анасын Қазақстанға жер аударады. Балалық шағы Ақмола облысы Алексеевка ауданының Трудовое ауылында өтті. Мектепті аяқтағаннан кейін 1966 жылы Қазақ политехникалық иститутының жылу энергетикалық факультетіне түсіп,  инженер – жылу технигі мамандығын алды. 1966 жылдан бастап 1974 жылға дейін  Павлодар 1-ЖЭО «Целинэнерго» ӨПБ-де жұмыс істеп, онда турбина машинисінен бастап турбина цехының бастығына дейінгі еңбек жолын өтті.

1974 жылы «Целинэнерго» ӨПБ басшылығы А.Т.Шадыжевтің кәсіби әзірлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, салынып жатқан Целиноград 1-ЖЭО бас инженері лауазымына бекітеді. Оның тікелей қатысуымен 1979 жылғы шілдеде 2-ОЖЭО №1 турбинасы және 81мВт қуатты №1 турбина агрегаты пайдалануға берілді. Сол жылдың тамыз айында Целиноград 2-ЖЭО пайдалануға беріліп, Шадыжев оның бас инженері болып тағайындалды. Осы лауазымды ол 1983 жылға дейін атқарды. Бұл кезеңде 2-ОЖЭО–де 1980 жылы № 2 (80 мВт) турбина агрегаты, ал 1983 жылғы сәуірде - №3 турбина агрегаты іске қосылды, осылайша станцияның белгіленген электр қуаты жобаланған – 240 мВт жетті. 

1983 жылы  А.Т.Шадыжев  «Целинэнерго» басқармасына ауыстырылды, онда ол алғашында ӨТБ бастығы, содан кейін бас инженердің орынбасары, ал 1986 жылдан бастап - «Целинэнерго» ӨПБ бас инженері болып жұмыс істеді.   

«Целинэнерго» ӨПБ қайта құрылғаннан кейін, 1996 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Ақмола ЭҮК» АҚ (АҮАҚ) Басқарма төрағасының техникалық мәселелер бойынша орынбасары – бас инженер, ал 2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін – Басқарма төрағасының кеңесшісі, 2004 жылдан бастап зейнеркерлікке шыққанға дейін – еңбекті қорғау, пайдалану және өндірістік – техникалық мәселелер бойынша техникалық инспектор болып жұмыс істеді.

Жоғары кәсіби шеберлігі, құзыреттілігі және белсенді өмірлік ұстанымы жоғары адамгершілік қасиеттермен үйлесіп, Ахмет Туханович Шадыжев таныған адамдардың барлығының лайықты беделіне бөленді. Ол қатал да талапшылдығымен қатар, әділ басшы бола білді, өзінің қол астындағылардың бітпеген істері мен жіберген қателіктердің нақты себептерін анықтай білді. Энергетикалық өндірістің барлық технологиясын жетік білді. «Қол астыңдағы адамға жазалау шарасын қолданбас бұрын, сол адам тап болған жағдайға өзіңді қоя білуің керек. Егер жазықты адам шын мәнінде кәсіби дұрыс емес шешім қабылдаған болса немесе мәселені шешуден бас тартса, ол жағдайда жазалануға лайықты»  деп жиі айтатын. Өмірде ол көпшіл адам болды, спортты жақсы көретін, жиырма жылдан артық «Целинэнерго»ӨПБ «Энергетик» спорт кешені жанындағы құрылым басшылары денсаулық тобының ресми емес басшысы болды. 

«Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «ҚР энергетикасының ардагері» және «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» құрмет белгісімен наградталған.

Ахмет Туханович Шадыжевтің отандық электр энергетика саласының қалыптасуына қосқан салмақты үлесі үшін естелікпен құрмет тұтып, мәңгілік есте қалады.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.