2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан энергетикасы секторының ірі жеке компаниясы - «Орталық – Азиялық Электроэнергетикалық корпорациясы» АҚ («ОАЭК» АҚ)  Деректерді Өңдеу Орталығы ашылды.

Деректерді Өңдеу Орталығы (бұдан әрі – ДӨО) «ОАЭК» АҚ Компания тобына енетін Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының, сондай - ақ Астана және Алматы қалалыры кәсіпорындарында барлық қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

ДӨО жұмысының сенімділігі қазіргі заманғы технологияларды: бұлыңғыр мәліметтерді сақтау және виртауалды серверлерді енгізу есебінен қамтамасыз етілген. ДӨО серверлерінде EAM- шешімі (EnterpiseAssetManagement) болып табылатын Ellipse бағдарламалық қамтамасыз ету орналастырылған. 

Ақпараттық жүйе кәсіпорынның негізгі қорларын, сатып алуды жоспарлаудан бастап Топтың барлық өндірістік активтерін техникалық қызмет көрсету процестерін автоматты жоспарлау және жөндеуге дейінгі басқаруға бейімделген. Мұндай функционалды және осындай көлемдегі Ellipse автоматтандырылған жүйесі Қазақстанда алғаш енгізіліп отыр. 

ДӨО қуатын резевті қор жүйесімен қатарға енгізу объектіні жаңғыртусыз 12-15 жылға есептелген. Сондай – ақ ДӨО энергия өндіретін және энергия беретін ЭКЕАЖ, ТПАБЖ, автоматты жүйелерін, энергия тұтыну компанияларының биллинг жүйелерін, сондай – ақ «ОАЭК» АҚ компанияларының бухгалтерлік есептіліктің қолданбалы бағдарламаларын және персоналды басқаруды шоғырландырады. Ағымдағы жылы қараша айында Астана қаласының коммуналдық қызметтері бойынша бірыңғай төлем құжаты «Астанаэнергосбыт» ЖШС сияқты онлайн-сервистерді көшіру жоспарланған.

«ОАЭК» АҚ Компаниясы тобының ДӨО Павлодарда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 50-жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар шеңберінде ашылған. Сонымен қатар бұл күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ апатты жағдайларды бастапқы сатысында алдын алатын, Павлодар облысының энергия жүйесін басқаратын жаңа Орталық диспетчерлік пункті іске қосылды.

Процесстерді автоматтандыру халықаралық стандарттарға сәйкес құрылған «ОАЭК» АҚ компаниясы тобының даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Департамент по связям с общественностью АО "ЦАЭК"