Демалыс басталғаннан бері балалар бос уақыттарын үйден тыс жерде өткізетін болды. Электр тоғына ұрыну оқиғасы санының көбейуі де осыған себеп. Осыған байланысты «Ақмола ЭҮК» АҚ  оқушыларға және олардың ата-аналарына электр құрылғыларға жақын орналасқан аумақтарда сақтану керектігін ескертеді.

Электр көзге көрінбейді, иісі жоқ және көп жағдайда дыбыс шығармайды, берілген энергия түрінің сұмдық қауіптілігі де осында.

Берілген статистикаға жүгінсек, электр тоғынан қайтыс болғандардың  жартысынан көбі техникалық қауіпсіздікті сақтауға салғырт қарау себебінен болған.

Электр тоғының қауіптілі жайлы ескерту белгілеріне көңіл бөліңіздер! Белгі үш бұрыш формасында және ашық-сары фонда қарамен  ирек-жебе бейнеленген.

Кернеуде тұрған электр берілісі желілерінің, электр қондырғылардың және құрылғылардың жанында ойнамаңдар!

Үзілген және салбырап тұрған сымдарға жақындамаңдар!

Электр желісі берілетін темірбетондарға және темір тіректерге мінбеңдер!

Электр шкафтардың, жинамалардың, қалқалардың есіктерін ашпаңдар!

Бақытсыз уақиғадан аулақ болу үшін сымдар үзілгенде, сынған құлыптар және электр құрылғының есігі ашық қалған жағдайда уақытылы «Ақмола ЭҮК» АҚ мына телефон арқылы (87172) 27-48-30  хабарласыңыз немесе сіздің елді мекендегі АЭС-ға хабарласыңыз.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі