2014 жылы қаңтар айының 1 күнінен «АЭҮК» АҚ жүйесінде электроэнергия беру бойынша қызметтерге 1 кВ/ч үшін 3,50 т тарифы қолданылады.

2013 ж. қаңтар айының 1 күнінен Қазақстанда электроэнергияны үлестіру компаниялары үшін тарифтер салыстырылып талдау әдісімен енгізілгенін еске саламыз. Үлестіру электр желілік компанияларының қызметі тиімділігінің деңгейін ескеретін әдістемелік базаны жетілдіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2345 қаулысымен бекітілген ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің (бұдан әрі Агенттік) Стратегиялық жоспарымен көзделген.

Қазақстан Республикасының «табиғи монополиялар және нарықты реттеу туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

«АЭҮК» АҚ Басқарма Төрағасының қаржы сұрақтары бойынша орынбасары Ирина Копыштаға жолықты.

Ауданаралық жүйесінің электр энергиясын беру бойынша қызметтеріне тарифтердің қалыптастырылуы соңғы жылдары шығын әдісі негізінде жүзеге асырылды. Ирина Копыштаның айтуы бойынша тарифтік смета әр кесік шығын мақаласында бекітілді.

Оның ескеруі бойынша республиканың ауданаралық энергия тапсырушы ұйымдары үшін тарифтерді есептеу жаңа әдіс енгізу бизнес-процесті жүргізуде түбегейлі. Әр энергия үлестіру компаниясы үшін тариф негізгі әдісіне сәйкес үш жылға және әр жылға бөлумен бекітіледі, оның өзінде жыл сайын қызмет тиімділігін есепке алумен түзетулер жүзеге асырылады. АЭҮК-дың қызмет етуінің тиімділігінің салыстырмалы әдісін өткізу үшін нәтижелік (қаржылық көрсеткіштер) және факторлық (өндірістік көрсеткіштер) белгілерінің көрсеткіштері қолданылады. АЭЖ көрсеткіштерінің жиынтығы нәтижелі белгімен көп өлшемдік математикалық модельмен тұспа тұс келеді. Іріктеу жолымен әр ҮЭК үшін таңдау барысында неғұрлым тиімділікке сәйкес келетін жедел шығындар мен көрсеткіштердің мәні анықталады.

Осы әдістің артықшылығы болып субъект бекітілген тарифтік табыстың шегінде өз еркімен үлестіреді және оңтайландыруы табылады. Сонымен қатар әр АЭЖ тікелей агенттікпен анықталған х-фактор деп аталатын тиімділік факторға түзетілген шығындар тарифінде есепке алу жолымен қызмет тиімділігін арттыру бойынша тапсырма белгіленеді, осылайша ең үздік және төменгі көрсеткіштермен АЭЖ арасындағы қатыстық аралықты оңтайландыру үшін тиімділікті арттыру бойынша тапсырма бекітіледі.

Енді, АЭЖ тиімді болу үшін негізгі құралдарды жаңғырту және жаңарту бойынша жұмыстардың көлемін арттыру және өзіміздің пайдаланушылық шығындарымызды оңтайландыру қажет, - дейді Ирина Копышта. Осылайша, 2014 жылға Компанияға пайдаланушылық шығындарды 13,69 %-ға төмендету бойынша тапсырма белгіленді. Тарифтің 4,5 %-ға 1 кВ/сағ – 3,35–тен 3,50 – теңгеге дейін көтерілуі 500 млн. теңгеден артық сомаға инвестициялық құраушының ғана өсуімен негізделеді. Енді біздің тапсырмамыз бекітілген пайдаланушылық шығындар шеңберінде 2014 жылдың өндірістік бағдарламасы орындалуын өткізу және бекітілген өсімді ескере отырып инвестициялық жобаның іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Соның өзінде жыл ішінде келген қосымша табыстарды сондай-ақ инвестицияларға бағыттау қажет екендігін атап отырмыз.

2010 жылы «АЭҮК» АҚ-да алғаш рет 2011-2012 жылдарға инвестициялық жоба бекітілген болатын. «Казсельэнергопроект» ғылыми институтының мамандарымен өткізілген желілік шаруашылық және энергиялық жабдықты зерттеудің негізінде «Ақмола АЭЖ-нің Ақмола облысы шекарасында электр желілік шаруашылығының даму сызбасы» жасалды. Құжатқа сәйкес 2015 жылға дейін желілерді жаңғырту және дамытуға қажетті инвестиция сомасы шамамен 90 млрд. теңгені құруы қажет.

2011-2013 ж.ж инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезеңінде 9 млрд.теңге салынды, бұл тек 10 %. Бұл негізгі энергиялық жабдықтың жаңартуы тарифіне қойылған өзіндік көздер шотына (амортизация және табыстар) жүзеге асырылады, - деп жалғастырады Басқарма Төрағасының қаржы мәселелер жөніндегі орынбасары. - Энергетика шаруашылықтардың жоғары инерциялық саласы. Бұл коммерциялық құрылым емес, бір мезеттік беріліс жоқ. Инвестициялық жобалардың іс-шаралары энергиямен жабдықтаудың сапасын және оның сенімділігін арттыруға бағытталған – бұл ең басты көрсеткіш. Ақмола облысының әр ауданында жарықтың бар болуы ең басты көрсеткіш деп санаймын. Мақтаным етерлік тағы бір себеп – Компания желілерінде электр энергиясының техникалық шығындардың деңгейі, 6 %-дан аспайды. Мұндай шығындар еліміздің бір де АЭЖ –де жоқ. Бұл бірінші кезекте сапалы техникалық қызмет көрсетумен және жөндеулермен, еңбекті дұрыс ұйымдастыруға және апаттық жағдайларға тиімді әрекет етумен түсіндіріледі. Жинақтала барлық осы көрсеткіштер тұрақты табыстар әкеледі, бұл кез келген кәсіпорын қызметінің соңғы мақсаты болып табылады.

Біз Ирина Игоревнаның ұсынған ақпараты үшін алғыс білдіреміз және қаржы секторының барлық қызметкерлерін қарашада өтіп кеткен Қаржы қызметкері күнімен құттықтаймыз!15 қараша – ҚР Ұлттық валютасы Күні және еліміздің қаржылық жүйесінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы күні 1993 жылы алғаш рет ҚР ұлттық валютасы теңге енгізілді.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі