«Ақмола АЭЖ» АҚ 2015 жылдың инвестициялық бағдарламасы аясында жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Соның ішінде, Ақмола облысы Шортанды ауданындағы  110/10кВ «Елизаветинка» қосалқы станциясы құрылысы аяқталуға жақын қалды.

«Елизаветинка»  қосалқы станциясы астана жанындағы Бозайғыр кентін электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан жұмыс істеп келе жатқан бұл қосалқы станцияның жіберу қуаты 2500 кВА аспайды және өзінің техникалық мүмкіндіктерін баяғыда тауысып болған. Жаңа заманауи қосалқы станцияны пайдалануға беру, электр энергиясын қолданушы тұтынушылар санының көбеюіне мүмкіндік береді. Былтырғы жылы ескі қосалқы станция жанынан 110/10кВ «Елизаветинка» қосалқы станциясы құрылысы басталған болатын. Бірінші кезеңде жаңа күшті трансформатрларды ұстап тұратын тірек құйылды және 10 кВ ЖҮҚ модульдік-блокты ғимаратын құру  үшін  дайындық жұмыстары орындалды. Атқарылатын құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі 2015 жылы істелуде. Қазіргі уақытта жаңа  «Елизаветинка» ҚС құрылысы аяқталып қалды.

Атап айтатын болсақ,  10 кВ АҮҚ-на құрастыру жүргізілді, 6,3 МВА қуатты екі күшті трансформатор орнатылды, екі енгізуші, екі секциялық қосылғышыты ұяшықтармен және ТН-10 кВ екі ұяшықты 10 кВ жабық үлестіру құрылғысы құрастырылды. Барлық желілік және енгізу ұяшықтары вакуумды қосылғыштармен және микропроцессорлық  Siemens қорғаныштарымен жинақталған. ҚС қоршау жұмыстары, күшті трансформаторлар үшін майқабылдағыштар және кабельдік каналдар құру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде 110 кВ, ВЛ 110 кВ, ВЛ 10 кВ кернеулік трансформаторларын, Т-1 және Т-2 күшті трансформаторларын қорғау микропроцессорлары және екінші тізбек бойынша құрастыру жұмыстары жүріп жатыр,

Биылғы жылдың соңына дейін   «Елизаветинка» ҚС пайдалануға берілетін болады да, ал ескі қосалық станция бөлшектеуге жіберіледі депр болжануда.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі.