Уақыт орнында тұрмайды, технология жаңарып дамып келеді, өндірістік жағдайлары өзгереді, сондықтан заман талабына сай қызметкерлер біліктілігінің деңгейі де сәйкес болуы өте маңызды.Сол себептен жыл сайын «АЭҮК» АҚ бригадаларын жұмысқа жіберу бойынша техникалық оқулар мен тәжірибелік істі өткізуді ұйымдастырады. Қызметкерлердің кәсіби дағдылығын жоғарылату дегендей іс шараларды өткізуге арнайы оқу-жаттығу полигонында және техникалық сыныптарда барлық құрылымдық бөлімшелерде қысқы мерзімде өткізіледі.Оқыту аяқталған соң оқуды өткен барлық қызметкерлер наурыз айында аттестация тапсырады.

Жыл сайын біздің Компания қызметкерлерге жұмыс жағдайын қауіпсіз ету бойынша оны қорғаныс құралымен, арнайы киіммен, құралмен және материалмен толық қамтамасыз ету мақсатына бағытталған жұмысты өткізеді.

Әдетте жөндеу компаниялары мамыр айында басталады, өйткені  қыс мезгілінде жұмысты өткізуге суықтық пен қардың болуы кедергі келтіреді. Электр қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету, жөндеу кезіндегі апатсыз және қауіпсіз жұмысын өткізуге «АЭҮК» АҚ барлық бөлімшелерінде,АЭЖ желілі -  шеберлік учаскелерінде және ААЭЖ бригадаларын дайындау бойынша айлық қарау сәуір айында өткізіледі.

Қарауды өткізуде есепке алынады:

  • қызметкерің аттестациядан өтуі;
  • негізгі бригадаға бекітілген тізіммен сәйкес такелаждың, құрал  - сайманның, қорғаныс  құралдардың сыналған жиынтығының бар болуы;
  • арнайы киіммен жабдықталуы;
  • техникалық түзетілген бригадалық автомашинаның бар болуы.

Жұмысты өткізуді ұйымдастыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бригада талаптарын орындағанда оған «Жөндеу компаниясына бригада дайындығының Акт - куәлігі» беріледі.

Келесі кезең – «АЭҮК» АҚ ең жақсы бригада анықталатын ақтық кәсіби жарыстарға қатысатын, әр ААЭЖ, АЭЖ пайдалану бойынша үйлестіру желілерінде электромонтерлер бригадаларының кәсіби жарысын өткізу.

Бүгінгі күнге Есіл ААЭЖ Сандықтау АЭЖ бригадасы ең күшті команда болып саналады. 2010 жылы команда қатысушылары 4 жүлделі орынды иеленді. 2013 жылы Республикалық кәсіби жарыстарда Компания атынан Сандықтау АЭЖ бригадасы қатысып, жеңген – командасы болды.

Енді «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ командасына (Сандықтау АЭЖ бригадасы)  ТМД мемлекет - қатысушылар энергожүйелер 0,4-10 кВ үлестіру желілерінің пайдалану бойынша Халықаралық бригадалар жарысында Қазақстан Республикасы атынан қатысу құрметі туып тұр. Жарыс 2014 жылдың қыркүйек айында Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласында өткізіледі.

Халықаралық жарыстарға қатысу - әзіл емес, сондықтан ағымдағы жылдың мамыр айынан біздің команда ТМД мемлекет – қатысушылар кәсіби жарысқа қатысуға күшейтілген дайындыққа кірісуі қажет.Әріптестерімізге ТМД ең күшті энергетиктер жарысында жеңісті, жөнге салынған жұмысты, түзетілген құрал-саймандарды және жабдықтарды, ең бастысы - әр учаскелер мен полигондарда қауіпсіз жұмысты тілейміз.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі