«АЭҮК» АҚ-ның басшылығы өз жұмыскерлерінің денсаулығын сақтау мен олардың ауруларының алдын алу мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бұл жердегі дәрігерлік пункт кәсіпорын құрылғаннан бастап жұмыс істеп келеді және тиісті лицензия негізінде қызмет етеді. Оның басты қызметі-жұмыскерлерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету және көлік пен құралдарды пайдалануды іске асыратын жұмыскерлерді медициналық тұрғыдан куәландырады. 

«АЭҮК» АҚ-ның дәрігерлік пункті үш кабинеттен тұрады, олардың барлығы керек-жабдықтармен қамтылған.Физиокабинетте алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. «Компания басшыларының ерекше назарының арқасында біздің дәрігерлік пункт жақсы жабдықталған, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге қажетті барлық дәрі-дәрмектер мен құралдар сатып алынады. Біздің жұмыскерлер тек дәрегерлік көмек үшін ғана келмейді, сонымен қатар біз олармен жүрек-қан тамырлары, гипер және гипотания ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын сақтаудың пайдасы жайлы әңігіме жүргіземіз», - дейді дәрігерлік пункт қызметкері Нұрғайша Мырзабева.   

Біздің компанияның қызметкерлері тегін емханалық, тұрақты және стоматологиялық  көмекті, сонымен қатар емханалық көмек алу барысында дәрілердің лимитталған көлемін  тегін ала алатындығын атап кету қажет. Сонымен қоса, компания  жұмысы зиянды еңбек жағдайымен  байланысты жұмыскерлер үшін жыл сайын міндетті дәрігерлік тексеруден өтуді қамтамасыз етеді. Бұл барлық іс шаралар Компанияның қызметкерлерінің, оның ішінде, ең бірінші кезекте, ауылдық жерде тұратын және сол жерде жұмыс істейтіндердің денсаулығын сақтауға және қолжетімді  білікті дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі