«ЭКЕДЖ» қандай мақсаттарды аңдып жүр, ЭКЕДЖ енгізу қай кезеңде тұр және тағы не істеу керегін туралы ЭКЕДЖ қызметінің басшысы Николай Снаговский айтып берді.

Өзіңіз білетіндей, электр энергиясы біздің өмірімізде әдеттегі тауар болып табылады. Ал, тауар үшін төлеу керектігі белгілі. Электр энергияны қоймаға салып қоя алмайсың, сондықтанда уақытылы төлем-бұл оның үздіксіз берілу кепілі. Біз он мыңнан астам жер үйлерге қызмет көрсетеміз, егерде бүгін техникалық жоғалтуларға коммерциялықты, яғни, ұрлық және де төлемейтіндердің қарызын қосса, онда бұл жер үйлерде тұратын тұтынушылардың электр энергиясының тұратын бағасынан әлде қайда жоғары пайызды құрайды. Бұл дегеніміз, сатып алынған 100% электр энергияның, біз тұтынушыға апарып қойғаннан кейін, оның бір ғана бөлігі төленуі.

Мысалы, бүгінгі күнде электр энергияға әдеттегі тұрмыста төлем қалай жүргізілуде? Абонент (тұрғын) есептегіш құрал көрсеткішін белгілейді немесе оған тексеруші келеді, сосын пайдаланған энергия санын тариф санына көбейтеміз, сонда төлемге жататын сомма белгілі болады. Бірақ көп елді мекендерде электр энергияны жеңілдік тарифтерімен төлейді. Ал, кейбіреулер әр түрлі себептермен тіпті төлемейді. Біреулер электр энергиясын ұрлап тартады.

Нәтижесінде, нақты құнының  ажырымын кәсіпорын жабады. Әрине, бұл кәсіпорын жұмысына кері әсерін тигізеді.

Бұл санасатын және тиісті шаралар қолданатын шындық.

Мысалы бұған ЭКЕДЖ жүйесі – электрондық жүйе, электр энергиясын біріктірген есептегіш құралы, деректерді жинақтау және беру құралы, және де арнайы бағдарламалармен қамтамасыздандырылған компьютерлер көмектесе алады. Есептеу құралының өзі қарапайым индукцияға қарағанда көп дәлдігімен ерекшеленеді. Электрлік есептегіш құралының конструкциясы негізінде жатқан шағынсхеманың, атқаратын қызметінің үнемі өсуіне септігін тигізеді.

2013 жылы біздің Компания есебінен үш мыңдай құрал Ақмол және Интернациональный  кенттерінде орнатылды. Өзгерту қажет болған үйлерге өзін-өзі көтере алатын (ӨКА) оқшауланған сым орнатылды. Тіпті бір үлкен ағаш құлап, сымды өзген жағдайдың өзінде, ол сонда да қауіпсіз болып тұрады. Оған бетон араластырғышты немесе дәнекерлеу аппаратын қоса алмайсың, полиэтиленді қабық ондайды жасатқызбайды. Жасыл желектен тазартып керегі жоқ. Олар сымды орнатуға кедергі жасамайды. Сымды қайта тартудың да қажеті жоқ. Осының бәрі және басқалары 80% дейін пайдалану шығындарын азайтады. Бұл халықтың төлем тарифтерінің тұрақтауына әкеледі.

Барлық есептеу құралындағы ақпарат жинақ құралына және деректерді беру құралына келіп түседі. Біз шығын жайында деректі уақытында ала аламыз. Біз тұтыну туралы деректерді жинауда 30 минут және одан астам уақыт аралық интервалын қойып, қай жерде ұрлық болып жатқанын анықтап, жедел топты жібере аламыз. Қазір кез келген төлемейтін тұтынушының жарығын санаулы уақытта ағытып тастаға мүмкіндігіміз бар. Абоненттерге, үйде отырып қадағалаушының есептеу құралының көрсеткішін тексеруін күтпей-ақ, автоматты түрде есептесуге мүмкіндік бар.

Арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы комьютер ұрлық болып жатқан жерді тауып қашықтықтан ағытып қана қоймай, сонымен бірге төлем квитанциясын шығарып беріп, бұзылған жерді анықтап береді.

«АЭҮК»АҚ қосалқы станцияларының сыртқы және ішкі сызықтарында да ЭКЕДЖ жүйесі сәтті енгізіліп жатыр.

 Бүгінгі күні АЭҮК балансына жататын 99 қосалқы станциясынан 1500 нүктесінен ақпарат беріледі. Ағымдағы жылда 80 қосалқы станциясына 500 өлшемдік  тұтыну энергиясын 15- минут аралықпен  өлшейтін жүйе жоспарлануда. ЭКЕДЖ жүйесінің жақсы жағы, электр энергиясының баланстық қалыптасуы, ол бір мезгілде жүздеген есептеу құралы көрсеткішін ала алады.

ЭКЕДЖ қызметінің басшысы Николай Снаговский