Өкінішке орай, көктемнің де жағымсыз жақтары бар. Бұл жыл Ақмола облысына бұрын болмаған су тасқынымен есте қалды.  29 мың адам тұратын,  80-ге жуық елді мекенде  су тасу қауіпі төнді.

Ишим, Жабай, Колутон, Селета, Чаглинка, Нура, Жыланды секілді ірі өзендер мен басқа да ұсақ көлдер мен өзендердің аумағында орналасқандықтан, Ақмола облысы жыл сайын  су тасқыны салдарынан зардап шегеді.

«Қардың қалыңдығы 25-тен 50 сантиметрге дейін жетті, кей жерлерде 68 см. Соңғы 20 жылда  аймақта мұндай жауын-шашын  байқалған жоқ»- дейді Ақмола облысындағы «Казгидромет» РГП филиалы.

Судың тасуы жылымық кезіндегі қардың еруі мен жаңбырдың жаууы, судың қарқында өсуімен сипатталады.  Біздің аймақтағы су тасуының себебі, биылғы жылы көп жауған қардың еруі деп есептеуге болады.

Аймақтағы  ТЖҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасуына байланысты, 6 аудан тұрғындары ішінара көшірілген.

«АЭҮК» АҚ Ақмола облысының 14 әкімшілік аудандарына электрэнергиясын береді және үлестіреді. Су тасқыны Компанияның аудандық және аудан аралық филиалдарына үлкен мәселе болды.

Аршалы ауданы

31 наурызда қарағанды облысындағы Көкпекті көлі платинасының бұзылуы салдарынан, Есіл өзені суының және мұз жиынтықтары қозғалысынан «Тургеневка» 35/10кВ ҚС-нан № 6,7,12 ӘЖ-10 кВ, 12 темірбетон  тіреуі зақымдалған. Аршалы ауданында 6 күндей электрэнергиясыз Родник кенті обоненттері мен Қызыл Көл кенті обоненттері  жарықсыз қалды. Тек 4 сәуір күні жарықсыз қалған үйлерге уақыт сызбасы бойынша кернеу бере алынды. Жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстары су басқан тірек аймақтарындағы судың тартылуынан кейін болады.

Аршалы АЭЖ басшысы, В.А. Соломко түсіндірмесі

Мен мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Бұл ауданда жылғалардағы судың аздығы сондай, жазда суға шомылу үшін жатып ауынауың керек, өйткене су тізеден ғана келетін. Ал қазір кей жерлерде ені 800 метрге дейін жайылған. Біз келгенде – су сарқырап үлкен сеңдер сумен жазық далада ағып жатты. Баған сымдары гитараның шегіндей ызыңдап тұрды. Бізге, қарап тұрып жасымызды сүртуден басқа ештеңе қалған жоқ. Өйткені, сосын  бізге осының бәрін қалпына келтіру керекқой. Кенттер әзірге уақыт сызбасымен жұмыс жүргізіп жатыр. Тіректер мен сымдары жерде жатыр. Барлық жерді су басқан, терең емес, 30-40 сантиметрдей, бірақ, тіректерді қалпына келтіру үшін техниканың көмегі керек. Ал біз оны істей алмаймыз, өйткені, батпаққа батып кетеді.

Астрахан ауданы

Астрахан ауданын да бұл тілсіз жау айналып өтпеді.Вишневка және Ягодное кенттерінде 10 сәуірде Колутон өзенің бетінде жиналған сеңдердің көшуінен , «Береговая» 35/10 кВ ҚС-нан №2 ӘЖ -10 3 тірек зақымдалды. Қалпына келтіру жұмыстары уақытша тоқтатылды: тіректерді су басқан, техника ол жерге бара алмайды. Тұрғындарды жарықпен қамтамассыз ету үшін,  электрэнергиясын беруге  уақытша сызба шаралары қолға алынды.

Атбасар ауданы

Облыс бойынша ең қиын жағдай Атбасар ауданында болып тұр. Жазық даладағы қардың суының аудан орталығының батыс жағына құйылуынан, су өткізгіш каналдар, дамылсыз қар суының ағымына шамасы келмеді.

Атбасар қаласында 9 сәуірде  Жабай өзенінде судың ұлғайуына байланысты  және тұрғын үйлер мен 0,4-ӘЖ  тіректерін су басуынан, кей 110/35/10 кВ – ЖТҚ станциялары сөндірілді. 11 сәуірде, апаты жағдайда емес үйлерге кернеу берілді. Электр құрылғыларды су басу себебінен 8 абонент ағытылды, ал 30 абонент апатты жағдайда  деп танылды.

Атбасар ауданында Пролетарка кентінде  Жабай өзенінің бетіндегі сеңнің қозғалысынан «Новосельская» 110/35/10 ҚС-ның №3 ӘЖ-10 кВ 3 тірек зақымдалды. 16 сәуірде  Пролетарка кенті үнемі қосылып тұратын сызбаға қосылды.

Атбасар АЭЖ басшысы, В.М. Пригодин түсіндірмесі

Атбасарды су басты. Тіректер мұз қысымынан құлады. Әрине, қалпына келтіруге бардық. Бұл айтарлықтай қауіпті болды. Көлікті батыра жаздадық. әр жерде де жүре беретін кран таптық. Пролетаркада әрең дегенде қоректендіргішті қалпына келтірдік. Мүмкіндік қалай болады, солай тіректерді қалпына келтіруді бастаймыз.

Бұланды ауданы

Бұланды ауданының тұрғындары да аз қатер кешкен жоқ. 9 сәуірде «Журавлевка» 110/35/10кВ ҚС құрылғылары суға кетті.Журавлевка, Воробьевка, Новодонецкое, Ярославка и Акимовка кенттерінің  абоненттері  ағытылды. Бірақта, келесі күні-ақ «Журавлевка» ҚС жұмысы қалпына келтірілді.

9 сәуірде Пушкина және Балуан Шолақ кенттеріндегі Қайрақты өзенінде судағы сеңнің қозғалысынан  «Капитоновка» 35/10 кВ ҚС-нан №8 ӘЖ-10кВ бір тірегі зақымданды. 10 сәуірде «Журавлевка» ҚС кернеуде болды.

Бұланды АЭЖ басшысы, К.Е.Нургалиев түсіндірмесі Өзен жайылып Журавлевка кентін су басты, ал онда біздің «Журавлевка» ҚС бар. Су көтерілді, шамамен, 30 сантиметрге, ЖТК-10 кВ кіре жаздады, шамамен 2-3 сантиметр жетпей қалды. Біз кешке ҚС ағытып, келесі күні таңертең қостық. Сосын біздің «Капитоновка» тірегінің біреуін құлатты. Мүмкіндік туысымен біз оны қалпына келтірдік. Су әлі тоқтаған жоқ, дегенмен, әзірге бәрі жақсы жұмыс істеп тұр.

Жақсы ауданы

Жақсы ауданында Жирен және Кенарал кенттерінде 2 сәуірде «Қима»35/10кВ ҚС-нан №0 ӘЖ-10кВ бір тірек зақымданды, Ал Есіл кентінде 11 сәуірде  сол «Қима» ҚС-нан  №11 ӘЖ-10 кВ екі тірек зақымданды.

Последствия паводка в селе Старый Колутон    Последствия паводка в селе Старый Колутон

 

Старый Колутон ауылы

 

«АЭҮК» АҚ қоғаммен байланыс бойынша бөлімі